Ботагөз ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ
Ботагөз ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ
128 материал табылды

Қаржы • 27 Шілде, 2023

Шетелде танымал тауарлар

Үкіметтің алдын ала деректеріне сәйкес биылғы қаңтар-мамырда еліміз шетелге 31,6 млрд доллардың тауарын саудалаған. Соның ішінде өңделген тауарлар экспорты 3,8%-ға, яғни 10,2 млрд долларға дейін ұлғайыпты. Дегенмен шикізаттық емес өнім экспортының оң динамикасы тұрақты түрде ілгерілеп отыруға тиіс.

Экономика • 27 Шілде, 2023

Полимер нарығының пайдасы мол

Соңғы бес жылда полимер өніміне ішкі сұраныс екі еседен астам өсіп, жылына шамамен 240 мың тоннаны құрады. Осы қарқынмен отандық нарықтың әлеуетін толық ашып, полимерлік шикізат негізінде көптеген сала үшін қосылған құны жоғары түпкілікті өнім өндірісін дамыту қажет.

Қоғам • 20 Шілде, 2023

Мазмұны терең «тұрақты даму»

Бір қарағанда, іскерлік қарым-қатынаста жиі қолданылатын қолайлы тіркес сияқты көрінгенімен, «тұрақты даму» – түп-тамыры әлеуметтің, экономиканың және экологияның үйлесімді өркендеу идеясына негізделген маңызды тұжырымдама. Бұл ретте заманауи түсінік бүгінгі адамзаттың қажетін қанағаттандыратын экономикалық өсім келер ұрпақты игіліктен айырмайды дегенді білдіреді.

Технология • 20 Шілде, 2023

Өңірлік логистиканың даму барысы

Азиядан Еуропаға логистикалық бағыттар қайта құрылғаннан кейін еліміз Еуразия хабына айналу мүмкіндігіне ие болды. Жаңа логистикалық тізбектер құру бізден Беларуське, Польшаға, Германияға, Өзбекстанға жүк ағынының ұлғаюына ықпал етті.

Экономика • 14 Шілде, 2023

Жоғары мөлшерлеменің экономикаға әсері қандай?

Елімізде инфляцияның баяулауын өткен жылғы жоғары базалық мөлшерлемемен, импортталатын баға өсуінің төмендеуімен және ұлттық валюта бағамының тұрақтылығымен байланыстырды. Мұндай пікірді Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (ҚҚҚ) өз шолуында келтірді.

Сауда • 14 Шілде, 2023

Импорт – игілігіміз емес

Қазірде жергілікті сауда желілеріндегі өнімнің 80%-ға­ жуығы – импорттық. Тап мұны отандық өндіруші үшін жасалған жағдай деп айта алмасымыз анық. Ал бұл дегеніңіз – елдің азық-түлік қауіпсіздігіне де, тұтынушының мүддесіне де қайшы келетіндей жағдай. Осыған байланысты салалық одақтар мен тамақ өндірушілер қауымдастығының өкілдері ішкі нарықта отандық өнімді өткізуге кедергі келтіріп отырған проблемаларды нұсқап көрсетті.

Энергетика • 13 Шілде, 2023

Дархан Доғалақов: «Жасыл» энергияның өз жобалауы бар

Бүгінде елімізде жаңартылатын көздерден алынатын электр энергиясының үлесі жалпы электр энергиясы өндірісінің 5%-ын құрайды. 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 16%-ға­ жеткізіп, кем дегенде 7 ГВт енгізу міндеті қойылған. Бұл ретте «жасыл» технологияларды дамыта отырып, олардың ғылыми-техникалық негіздемесін, өндірістік тиімділігін, сондай-ақ табиғи ортаға әсерін жан-жақты зерделеу маңызды. Осы мәселелер төңірегінде «Samal Energy» ЖШС-ның директоры, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінің оқытушысы, инженер-конструктор Дархан ДОҒАЛАҚОВПЕН әңгімелескен едік.

Экономика • 06 Шілде, 2023

АХҚО: Озық тәжірибе тоғысқан платформа

Елді биік мақсатқа, оң өзгерістерге жетелейтін қадам бас қаладан басталады. 25 жыл ішінде Астананы жаһандық деңгейге лайықты, экономикалық өрлеуге қабілетті қалаға айналдыру үшін зор күш-жігер жұмсалды. Соның бір жарқын көрінісі ретінде елордада әлемнің үздік қаржы жүйелерінің тәжірибесі мен заманауи мүмкіндіктерін біріктіретін бірегей орталықтың құрылуын атап өтуге болады.

Инфографика • 06 Шілде, 2023

Қант өндірісінің түйткілдері

Қант өнеркәсібінің түпкі мәселелері шешілмейінше, импорттаушыларға тәуелділік бола береді. 2021 жылғы мәлімет бойынша республикамызда отандық шикізатты өңдеу есебінен ішкі нарық қантпен небәрі 7%-ға қамтамасыз етілген. Қалғаны – өңдеуге арналған импорттық шикізат пен дайын түйіршіктелген өнім болды.

Экономика • 22 Маусым, 2023

АКРА: Жаңа кезең көрінісі

Өткен жылдары еліміздің ІЖӨ динамикасы қалпына келтірілгеннен кейін биыл экономикада нақты мәнде 4-5% өсім жос­парланып отыр. Ресейдің Аналитикалық кредиттік рейтинг агенттігі (АКРА) елімізде өнеркәсіптік құрылымды әртараптандырудың кезең-кезеңімен ұлғаюын атап өтті.