Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
145 материал табылды

Өнер • 26 Ақпан, 2020

«Гамбург есебімен» бағаланған балет

Үздік қойылымдары мен тың премьераларын паш еткен «Астана Балет» театрының Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында жоспарланған гастролі Алматыда төрт күн бойы табысты жүріп өтті. Төрт күн бойы да Абай атындағы опера және балет театрының кассасы алдында билет таба алмай сеңдей соғылысып жүрген классикалық өнердің табынушыларына қосымша сатылым ұйымдастырылып, театр іші лық толып отырса, қойылымнан кейін де ғажайып өнердің әсерінен айыға алмаған көрермен көпке дейін тапжылмай тұрып қол соғып, тарағысы келмей, әр қойылыммен қимай қоштасты.

Руханият • 20 Ақпан, 2020

«Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмі Үндістандағы кинофестивальге қатысады

Режиссер Рүстем Әбдірашовтің «Қазақ хандығы. Алтын тақ» тарихи фильмі 2020 жылғы ақпанның 26 мен 4 наурыз аралығында Бангалорде (Карнатака штаты, Үндістан) өтетін ХІІ-Bengaluru international film festival кинофестивалінің Asian Cinema Competition бағдарламасына қатысады.

Өнер • 20 Ақпан, 2020

Модернизмнің негізін қалаған

Ә.Қастеев атындағы Мем­­­­­­­лекеттік өнер му­зейінде халық суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тәуелсіз «Платиналы Тар­­­лан» сыйлығының тұң­­­ғыш лауреаты, профессор Еркін Мер­генов­тің 80 жылдығына орай «Ретроспектива» атты көр­ме ашылды.

Аймақтар • 18 Ақпан, 2020

Өз театрын өзгелерге таныстырады

Ұлттық театрдың туған күні Жүсіпбек Аймауытовтың режиссерлігімен Семейде сахналанған «Біржан – Сара» айтысынан бастау алатыны туралы аға буын театр сыншылары Бағыбек Құндақбайұлы мен Әшірбек Сығай талмас­тан айтып та, жазып та өтті. Ақпанның 13-іне дәлме-дәл келетін осы атау­лы күнмен театр өнеріне байланысты игі шаралардың молынан атқарылып жататыны да сондықтан болса керек. Айтулы күннің аясында күні кеше «М.Әуезов мұражай-үйі» ғылыми-мәдени орталығының Мәжіліс залында театрға байланысты тағы бір маңызды шараның – «Халықаралық театр сыншылары бірлестігінің» тұсауы кесілді.

Руханият • 23 Қаңтар, 2020

«Суретті түсірген Мамыржан Ботабеков»

Жуырда Қазақ ұлттық аграр­лық университетіндегі Олжас Сүлейменов атындағы гумани­тарлық тәрбие-білім беру институты залында кәсіби фотосуретші Мамыржан Ботабековпен кездесу кеші өтті.

Руханият • 15 Қаңтар, 2020

Ілиястану ілімі ілгерілей береді

Алматыдағы Ұлттық кітапханада жыр Құлагері, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойы ақпарат құралдары өкілдері арасында ұйымдастырылған бәйге қортындысын жариялаумен түйінделді.

Руханият • 17 Желтоқсан, 2019

«Абай» – қуыршақ бейнесінде

Бір ғасырға жуық ұлт мәдениетіне мен руханиятына зор үлес қосып келе жатқан Алматы Мемлекеттік Қуыршақ театрында «Мен бір жұмбақ адаммын... Абай» спектаклі сахналанды.

Руханият • 17 Желтоқсан, 2019

Алматыда Олег Беляловтың «Қарқаралы» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

Жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Туған жер» тармағы мыңдаған игі істің мұрындығы болды. Туған жер мен елге сүйіспеншілікті оятатын көркем дүниелердің көші толассыз тұсауын кесіп жатыр. Соның бірі Алматы қаласындағы Ұлттық кітапхананың кинозалында өткен режиссер Олег Беляловтың «Қарқаралы» фильмінің тұсаукесері. «Қазақстанның табиғаты» циклы бойынша түсірілген бұл туындының көрсетілімінде бос орындар болмады. Деректі фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген.

Қазақстан • 15 Желтоқсан, 2019

Алматыда белгілі геолог Дубек Дүйсенбеков тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды

Ұлы геолог, іздестіруші, Қазақстан геология ғылымының ардагері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Ақбақай» және басқа да үлгідегі алтын кен орындарын ашқан Дубек Дүйсенбековтің есімін мәңгі есте қалдыру үшін ол тұрған үйге мемориалды ескерткіш тақта орнатылды.