Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
141 материал табылды

Қоғам • 11 Маусым, 2019

ТМД елдері жас архившілерінің III Жазғы мектебі ашылды

Қазақстан Республикасы Президент Архивінде ТМД елдері жас архившілерінің ІІІ Жазғы мектебі ресми түрде ашылды.

Аймақтар • 06 Маусым, 2019

Сенім – ең күшті қару

Терапия түрлері көп. Әркім өзіне тиімдісін таңдайтын терапия ішінде «арт» деп аталатын музыкамен, суретпен, бимен, жалпы өнермен емделетін түріне, әсіресе балалар үйір келеді. Ауруы жанына батып, меңдеген сырқаты көздеріне мұң ұялатып тұрса да, жүрегінен әлі де болса қуаныш тапқысы келетін балдырғандар күлкі, қуаныш арқылы діңкелеткен дертін жеңіп, айығып шығуға мүмкіндігі мол екенін түйсігімен сезеді.

Аймақтар • 06 Маусым, 2019

Қуыршақ театрындағы бақытты отбасылар

Ажырасуы көбейіп, бақытты жұбы кеміп бара жатқан бүгінгі қоғамда зәрулігі байқалып отырған бір қажеттілік – отбасылық құндылықтарды дәріптеу. Бұл мақсаттың жолында жарасымды отбасылық өмірді, бақытты шаңырақтардың орны мен неке мәртебесін биіктете түсуге бағытталған «Мерейлі отбасы», «Бақытты отбасы» сияқты байқауларды жиі ұйымдастыру үлгісі үрдіске айналып келе жатқаны қуантады. Өзіндік «менін» жоғалтпай, өнерін өрге жүздіріп, кәсібін көркейтіп, балаларын да аман-есен өсіріп, айналасына өнеге болып жүрген бақытты жұптарды насихаттау неке беріктігін арттыра түсу жолындағы игі қадамдардың бірі.

Әлем • 04 Маусым, 2019

Ұлы дала өнері – Клайпедада

Литваның Клайпеда қа­ла­сында өткен мәдени фести­валь аясында қазақ­стандық сурет­ші Рауза Ералиеваның авторлық сурет көрмесі ашылды.

Театр • 01 Маусым, 2019

Өзбектің Ұлттық академиялық драма театры «Абайды» сахналады

Биылғы жыл – бабалар аманаттап кеткен қазақ және өзбек бірлігін бүгінгі ұрпақтың сақтап, тереңдете түсуіне және екі жақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы мәдени жылы ресми түрде ашылып, бекітілгені белгілі. Осыған орай көрші өзбек елінде қазақ халқының мәдениеті мен өнерін насихаттау барысында бірқатар игі жұмыстар қолға алынған болатын. Белгіленген игі шаралардың шеруі театрдан бастау алды.

Әлем • 30 Мамыр, 2019

Вильнюсте «Қазақстанға іскерлік жол» атты тәжірибелік семинар өтті

Қазақстан Республикасының Литвадағы Елшілігі «Count line» консалтингтік компаниясымен бірлесе отырып, Қазақстаннан арнайы шақыртылған сарапшы А.Махметовтің атсалысуымен «Қазақстанға іскерлік жол» атты тәжірибелік семинар ұйымдастырды.

Қазақстан • 30 Мамыр, 2019

Алматыда «Ашаршылық пен үлкен террордың тарихи сабақтары» атты халықаралық конференция өтті

Алматыдағы Ұлттық кітапхана мен «Қазақстанның тарихи-ағарту «Әділет» қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 31 мамыр – Жаппай саяси қуғын-сүргін мен Ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағлым – өткенге тағзым» атты кітап көрмесі және екі күнге жоспарланған «Ашаршылық пен үлкен террордың тарихи сабақтары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Руханият • 30 Мамыр, 2019

Аймановқа араша керек

Телефонға Шәкен Аймановтың немересі Динадан хабарлама келіп түскен соң, дереу көңіл аударып, оқи бастадық. Дина – режиссердің Мұрат деген ұлының соңында қалған жалғыз қызы. Осы ескерткіштің ашылатынын ай бұрын хабарлап, анасы Ирина Борисовна екеуі елдің бәрінен сүйінші сұрап, сол күнді тағатсыздана күткен болатын.

Қоғам • 29 Мамыр, 2019

Мамандық ауыстыру: қорқыныш па, мүмкіндік пе?

Мектеп бітіріп шыққан мыңдаған тү­лектің алдында сан тарам жол, бір ғана мамандық таңдауы тұр. Кім болады? Же­тіс­тіктерге жеткен, ішкі тегершігі мық­ты­лардың өзі айналып өте алмайтын сан қилы рухани дағдарыстар туғанда таң­­даған мамандығы тастап кетпей, ақы­ры­на дейін азық болуға жарай ма? Ең үл­кен сұ­рақ – осы.

Руханият • 29 Мамыр, 2019

Жазушы Үміт Тәжікеннің жаңа кітабы жарық көрді

Алматыдағы Ұлттық кітапхананың Н.Дәулетова атындағы залында белгілі жазушы Үміт Тәжікеннің «Бег устремлений» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті.