Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
145 материал табылды

Руханият • 25 Қараша, 2019

Алматы поэзия падишасын ардақтады

Алматы көшелері тағы бір жаңа атаумен толықты. Қазақстанның халық жазушысы, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың 80 жасқа толуына орай Алатау баурайындағы алып шаһардың ұзын әрі кең көшелерінің біріне ақын есімі берілді.

Әлем • 22 Қараша, 2019

Мәскеудің мәдени күндерінің маңызы зор

Қалалар арасындағы әріптестік және бауырластық қарым-қатынастың қалыптасқанына 25 жыл толғанына орай Алматыда Мәскеудің мәдени күндері болып өтті. Мәдени күндердің ең маңызды оқиғасы – Мәскеу Үкіметінің экономикалық конференциясы болды. Мұнда Алматы қаласы әкімдігі мен Мәскеу Үкіметінің арасындағы байланыс туралы 2020-2023 жылдарға арналған меморандумға қол қойылды.

Руханият • 19 Қараша, 2019

Инновация мен шығармашылық үйлесімі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» атты республикалық жастар форумы болып өтті. Ауқымды шараны Білім және ғылым министрлігі, «Жандану әлемі» қоры, «Жас Отан» жастар қанаты, Қазақстан Жазушылар одағы, «Қазақ радиосының» қолдауымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырған.

Аймақтар • 18 Қараша, 2019

«Ел үміті» сенім ұялатты

Еліміздің батыс аймағында бастау алған «Ел үміті» марафонының эстафетасын Алматы қаласы қабылдап алып, «Халық арена» спорт сарайында Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларының білім және ғылым, бизнес пен медицина, мәдениет пен спорт, экономика мен қоғамдық өмірдегі белсенді жастары Елбасы қолдауымен жүзеге асырылған бағдарламалар негізінде жеткен жетістіктерімен бөлісті. Қазақстанның әр өңірінде өткізіліп жатқан бұл марафон Елбасының «Ел үміті» бастамасының аясында ұйымдастырылып отыр.

Қазақстан • 15 Қараша, 2019

Жастар жылы: Инновация мен шығармашылық үйлесімі

15 қараша 2019 жыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» атты республикалық жастар форумы болып өтті. Ауқымды шараны  Білім және ғылым министрлігі, «Жандану әлемі» қоры, «Жас Отан» жастар қанаты, Қазақстан Жазушылар Одағы, «Қазақ радиосының» қолдауымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырған.

Руханият • 14 Қараша, 2019

«Спецхранда» сақталған...

Тағдыры қасіретпен аяқталған Алаш арыстарының аяулы мекені болған Алматы көрнекті қайраткерлерді қастер­леудің озық үлгісін көрсетуден аянып қалған емес. Солардың бірі Телжан Шонан­ұлы соңына 32 кітап жазып қал­дырған екен.

Аймақтар • 08 Қараша, 2019

«Egemen Qazaqstan»-ның ғасырлық тойы Алматыда аталып өтті

Еліміздің 100 жылдық жылнамасы, бас басылым, қазақ баспасөзінің қарашаңырағы «Egemen Qazaqstan» газетінің ғасырлық мерейтойына арналған іс-шаралар топтамасы Ұлттық кітапханадағы ауқымды шарамен жалғасын тапты. Басылым мерейтойының Ұлттық кітапханада өткізілуінің өзіндік себебі бар.

Қазақстан • 07 Қараша, 2019

Алматы жұрты көрнекті кино және сахна саңлағы Раиса Мұхамедияровамен қоштасты

Бүгін Алматы жұрты, тұтас қазақ өнері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық Балалар мен жасөспірімдер театрында Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі, көрнекті театр және кино майталманы Раиса Мұхамедияровамен қоштасты.

Қоғам • 06 Қараша, 2019

Үтікпен салынған үр суреттер

Адамның шексіз қиялынан өрістеп шығатын өнердің түрі көп, бірақ сол көп өнердің ішінде шоқтай жанып, «өртеніп» тұрған ыстық үтікпен салынған ерекше суреттерді көргенде рас, алғашында тіліміз байланып қалғандай, айтарға сөз таппадық. Бұрын-соңды үтікпен сурет салды деген «сұмдықты» көрген де, естіген де емеспіз. Жылтыраған аппақ қағаздың үстіне қызылды-жасылды бояуды жай ғана құйып яки жаға салып, үстінен токқа қосылып тұрған ып-ыстық үтікті екі-үш мәрте сүйкей салса болды, ғажап, қандай бейне қаласаңыз, тап сондай суреттің сұлбасы көріне бастайды. «Сүйкей салды» дегеніміз сөз сырағысы әрине, әйтпесе қағаз үстінде қалаған кескінді шығару үшін де ынта мен еп, әжептәуір еңбек керек.