Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
147 материал табылды

Қазақстан • 07 Қараша, 2019

Алматы жұрты көрнекті кино және сахна саңлағы Раиса Мұхамедияровамен қоштасты

Бүгін Алматы жұрты, тұтас қазақ өнері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық Балалар мен жасөспірімдер театрында Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі, көрнекті театр және кино майталманы Раиса Мұхамедияровамен қоштасты.

Қоғам • 06 Қараша, 2019

Үтікпен салынған үр суреттер

Адамның шексіз қиялынан өрістеп шығатын өнердің түрі көп, бірақ сол көп өнердің ішінде шоқтай жанып, «өртеніп» тұрған ыстық үтікпен салынған ерекше суреттерді көргенде рас, алғашында тіліміз байланып қалғандай, айтарға сөз таппадық. Бұрын-соңды үтікпен сурет салды деген «сұмдықты» көрген де, естіген де емеспіз. Жылтыраған аппақ қағаздың үстіне қызылды-жасылды бояуды жай ғана құйып яки жаға салып, үстінен токқа қосылып тұрған ып-ыстық үтікті екі-үш мәрте сүйкей салса болды, ғажап, қандай бейне қаласаңыз, тап сондай суреттің сұлбасы көріне бастайды. «Сүйкей салды» дегеніміз сөз сырағысы әрине, әйтпесе қағаз үстінде қалаған кескінді шығару үшін де ынта мен еп, әжептәуір еңбек керек.

Қоғам • 05 Қараша, 2019

Қазақ тіл білімінің темірқазығы

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен Қыздар педагогикалық универ­ситетінің ұйымдастыруымен Алматыдағы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында ана тіліміздің анасы атанған, ҚР Ұлттық ғы­лым академиясының академигі, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Мем­лекеттік сыйлықтың лауреаты Рәбиға Сыздықтың 95 жылдық мерейтойы­на арналған «Ұлы дала тұлғалары: академик Рәбиға Сыздық және қазақ сөзінің құдіреті» атты халықаралық ғылыми-теориялық конферен­ция болып өтті. Еліне еңбегі сіңген тұлғаға Мемлекет басшысының жарлы­ғымен берілген I дәрежелі «Барыс» орденін Президенттің көмекшісі Мәу­лен Әшімбаев бұдан біраз уақыт бұрын мерейтой иесіне тапсырған бола­тын.

Руханият • 30 Қазан, 2019

«Риэлтор» фильмі «Мәскеулік тұсаукесер» фестиваліне қатысады

Режиссер Әділхан Ержановтың «Риэлтор» фильмі Ресейде қазанның 29-ы мен қарашаның 3-і аралығында өтетін посткеңестік елдер арасындағы «Мәскеулік тұсаукесер» атты халықаралық кинофестивальге қатысады.

Руханият • 30 Қазан, 2019

«Алтын қалам» жеңімпаздары анықталды

Алматыдағы Ықылас атындағы музыкалық аспаптар музейінде  жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Алтын қалам» әдеби байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.

29 Қазан, 2019

Түркімен туыс Рахманинов

Көзі тірісінде-ақ «орыс данышпаны» атанған әлемдік деңгейдегі әйгілі композитор, теңдесі жоқ пианист, дарынды дирижер, соңына музыкалық бай мұра қалдырған Сергей Рахманинов кеңестік жүйені мойындамай, алдымен Швеция, кейін Америка асып бара жатқанында, ақтың қашып, қызылдың қуып, қым-қуыт аласапыран шақ орнаған мазасыз мезгіл болатын.

Руханият • 27 Қазан, 2019

Ең үздік «Бала дауысы» Түркістаннан табылды

26 қазанда Алматыдағы Республика сарайының сахнасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасықорының қолдауымен «Жандану әлемі» қоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі өткізген «Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауының IY маусымының қорытындысы жарияланды.

Кино • 23 Қазан, 2019

Ә.Ержановтың төрт фильмі бірден әртүрлі елдердің кинофестивальдеріне қатысуда

Кинорежиссер Әділхан Ержановтың төрт картинасына бірден әртүрлі елдердің кинофестивальдеріне қатысуға мүмкіндік туды.

Кино • 23 Қазан, 2019

Лондондағы қазақ киносының апталығы «Оралман» фильмімен ашылады

28 қазанда өтетін Лондондағы қазақ киносы апталығының ашылу салтанатында режиссер Сәбит Құрманбеков түсірген «Оралман» фильмі көрсетіледі. Мәдени іс-шараны Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі елшілігі, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы бірлесіп ұйымдастырып отыр.