Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
141 материал табылды

Қоғам • 29 Тамыз, 2019

«Тегін» деген тәтті сөз

Ешқандай еңбек сіңірмей тегін дүние иелену адам табиғатына әу бастан дендеп кіретін қасиет болса керек. Тегін дүниеге кенелгісі келетіндерді көп ойланбай, табан астында топтап тастасақ, түрлері көп: әртүрлі лауазым иелерінің алатын парасынан бастап, түрлі мекемедегі ақша жинау, қарапайым жандардың қаржысына қақпан құрудан шаршамайтын әртүрлі алаяқ пирамидалар, соларға сеніп соңғы тиынын санап беретіндер, қоғамдық көліктегі «қояндар», тіпті түнеп шыққан қонақүйінің сабыны мен сүйретпесін кетіп бара жатып сөмкесіне сала кететіндердің ісін не туабітті мінезге, не жүре жабысқан дағдыға жатқыза алмайсың.

Қоғам • 22 Тамыз, 2019

Ұлттық дәстүр шетелдік өнерсүйер қауымның көңілін аударып отыр.

«Шабыт» шығармашыл Жастар фестивалінің 1-орын иегері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лау­реаты Гүлназым Өмірзақ – белгілі суретшілер мен қолөнершілердің отбасында дүниеге келіп, өз қолтаңбасын қалыптастырып үлгерген жас суретші. Бейнелеу өнерінің көшін көркем ізденістерімен толықтырып, дара қолтаңбасымен ерте мойындалған Гүлназым бүгінде шетелдік өнерсүйер қауымның да көңілін аударып отыр.

Әдебиет • 22 Тамыз, 2019

Байсал тартқан балалар өлеңі

Талантты қазақ ақындарының аудармасы арқылы өлеңдерімен жастай танысып, орыс балалар поэзиясын Корней Чуковский мен Самуил Маршактан бас­тап жүргенімізде, Ресей әдебиеті орыс балалар поэзиясын төрт ғасырлық тарихқа апарып тіреп, ел әдебиетінің мақтанышы етіп көрсетіп жатыр.

Кино • 20 Тамыз, 2019

Baiqonyr International Short Film Festival-ге қатысуға өтінім қабылдау аяқталды

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының  қолдауымен үшінші рет өткізілгелі отырған Baiqonyr International Short Film Festival-ге қатысуға өтінім қабылдау аяқталды.

Қоғам • 31 Шілде, 2019

«Жеңіл» жазасы «атуға» ауыстырылған Жолдыбаев

Қоғам қайраткері, белгілі ағартушы-педагог, журналист Молдағали Жолдыбаев – «Ұшқыннан» «Егемен Қазақстанға» дейінгі газет тарихындағы оныншы редактор. Газет «Еңбекші қазақ» деп аталған тұста басшылық тізгінін Сәкен Сейфуллиннен кейін ұстаған М.Жолдыбаевтың есімімен Қазақстанның саяси-ағартушылық өміріндегі көптеген оқиғалар тығыз байланысты.

Қоғам • 12 Шілде, 2019

Көпке керек «Көшбасшылық»

Көшбасшы деген кім? Соңынан көпшілікті ілестіре алған, әлдебір орынтақта отырған, мансабы биік адам ғана көшбасшы атала ма? Ол туабітті қасиет пе, әлде кез келген адам меңгеретін қабілет пе? Жас болса да басқару ісінде бірталай тәжірибе жинақтап, өзі де көптеген еңбектердің жарыққа шығуына тікелей ұйытқы болған, Гарвард университетінде оқып, бүгінде «Мазмұндама» қоғамдық қорын құрған Шыңғыс Мұқанның жаңа кітабының тұсаукесеріне жиналғандар көшбасшылық төңірегіндегі сансыз сауалына толымды жауаптар тапты.

Руханият • 12 Шілде, 2019

Архив – 2025: архившілер мен тарихшылар диалогы

Қазақстан Республикасы Президенті архиві мен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейімен бірлесе отырып, «Архив – 2025: архившілер мен тарихшылар диалогы» атты дөңгелек үстел өткізді.