Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
120 материал табылды

Қоғам • 15 Сәуір, 2019

Архивтану және іс жүргізуді ұйымдастыру бойынша IV қалалық студенттік олимпиада болып өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде архивтану және іс жүргізуді ұйымдастыру бойынша IV қалалық студенттік олимпиада болып өтті. Олимпиада Жастар жылы және «Архив – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында студенттердің шығармашылық қабілетімен қатар, архившы және құжаттанушы мамандығының маңыздылығын арттыруға бағытталған.

Аймақтар • 10 Сәуір, 2019

Алматыда «Қоғам дамуындағы жастардың рөлі» атты халықаралық конференция өтті

Жаһанданумен қатар жанданған әлемдегі рухани серпіліс пен ізденіс ислам дініне қатысты сан түрлі сауалдарға себеп болуда. Осы орайда еліміздегі біргей ислами жоғары білім ордасы – Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде «Қоғам дамуындағы жастардың рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Конференцияға Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов пен Египет Араб Республикасы Уақыптар вице-министрі Ас-Сеид Хусеин Абдулбари мырзалар, сондай-ақ Мысыр, Түркия, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғыз Республикаларының білікті ғалымдары қатысты.

Руханият • 04 Сәуір, 2019

Алматыда «Бүгінгі француз киносы» кинофестивалі оныншы рет өтеді

11 және 14 сәуір аралығында Алматыда көрерменге француз кинематографиясының ең жаңа жауһарларын ұсынатын, жаңа хикаялар мен француз актерлерінің тамаша ойынын тамашалауға шақыратын мерейтойлық оныншы «Бүгінгі француз киносы» кинофестивалі өтеді. Биылғы бағдарламаға кірген фильмдер әртүрлі жанрларды: комедияны, мелодраманы, тарихи киноны және «қысқа метр» бағдарламасын қамтиды.

Руханият • 04 Сәуір, 2019

Алматыда Халықаралық джаз фестивалі басталды

Алматы қаласында 18 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Халықаралық джаз фестивалі басталды.

Аймақтар • 02 Сәуір, 2019

Алматыда XI республикалық студенттік пәндік олимпиаданың ашылу салтанаты өтті

Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияда XI республикалық студенттік пәндік олимпиада басталды. Дарынды жастарды іріктеп, оларға қолдау білдіруге бағытталған шараны Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі аталған жоғары оқу орнымен бірлесе ұйымдастырып отыр.

Кино • 01 Сәуір, 2019

«Bilte» бастамасы

Кино үшін басты мәселе – өз тауарын сату, маркетингті меңгеру екені бүгінгі күні айдан анық болып отыр.

Аймақтар • 01 Сәуір, 2019

Алматының үздік дауысы анықталды

Жыл сайын жас өрендердің басын қосатын «Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауының төртінші маусымы Алматы қаласынан бастау алды. Оқушылар сарайында өткен іріктеу кезеңінің сайысына 600-ден астам бала қатысты. Ауқымдылығы артып, қанат жайып келе жатқан байқаудың биылғы жаңалығы көп. Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының бірегей жобасы болып саналатын еліміздегі ең ауқымды балалар ән байқауы осы жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры мен Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді.

Қазақстан • 31 Наурыз, 2019

Рудольф Нуреевтің сахналық костюмдерінің көрмесі өтеді

Сәуірдің 3 мен 5-і аралығында Алматыда өтетін Ballet Globe Dance Festival ІІІ Халықаралық фестивалі аясында ХХ ғасырдың аты аңызға айналған бишісі Рудольф Нуреевтің ең танымал сахналық костюмдерінің көрмесі ұйымдастырылады.

Қазақстан • 30 Наурыз, 2019

«БАЛА ДАУЫСЫ»: Алматы қаласының ең үздік дауысы анықталды

Жыл сайын жас өрендердің басын қосатын «Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауының төртінші маусымы Алматы қаласындағы Оқушылар сарайынан бастау алды. Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» Қорының бірегей жобасы болып саналатын еліміздегі ең ауқымды балалар ән байқауы осы жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры мен Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді.

01 Наурыз, 2019

Ataýly kúnniń ulaǵaty

Tarıhyna úńilsek, Alǵys aıtý kúni Qudaıǵa raızashylyq bildirý kúni retinde alǵash Amerıkada atalyp ótip, keıin eńbekqor elderdiń kópshiligi ózine úlgi etip, birtindep memlekettik merekege aınaldyra bastaǵan. Astyqty aman-esen jınap alyp, rızyqqa kenelgeni úshin Jaratýshyǵa rızashylyq bildirigisi kelgen amerıkalyqtarǵa qarasha aıynyń sońǵy beısenbisin arnaıy belgilep berip, resmı túrde toılaýǵa ruqsat etken meıramnyń qadamy rasynda qut boldy.