Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
124 материал табылды

Руханият • 15 Желтоқсан, 2019

Алматыда Абай клубы ашылды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ұлы ақынды халқына жақындастыра түсудің,  мұраларының тынысын ашып, игілікке жаратудың тағы бір ірі қадамы жасалды.

Қоғам • 15 Желтоқсан, 2019

Алматыда балалар үйлері түлектеріне қолдау көрсетудің жаңа тәсілі ұсынылды

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында балалар үйлері түлектеріне қолдау көрсету туралы брифинг болып өтіп, онда жұмысын белсенді жүргізіп келе жатқан «Қазақстанның балалар үйлері түлектерінің қауымдастығы» жұмыстың жаңа формалары мен тетіктері туралы сөз қозғады.

Кино • 13 Желтоқсан, 2019

«Классиктің кешіккен махаббаты»

Екеуі екі бөлек әлем. Бірі – байсал тартқан орта жастың даналыққа бастаған барлық қасиеті мен мінезін бойына жинаған парасат иесі, бірі – жастықтың оты бойын кернеп, еліктей ерке мінезімен баурап тұрған сұлу бойжеткен, бірі – сырын ішіне бүккен сырбаз жазушы, бірі – студенттік өмірдің соңғы кезеңінде-ақ көз тартар сұлулығымен жұрт назарын аудара бастаған жас актриса. Бірі – от, бірі – мұз, бірі – көктем, бірі – күз, ымыраға келе алмас шарпысқан қарама-қайшылықты тізгіндеп ұстауға тырысқанымен, ең ақырында асау сезімнің алдында дәрмені құрып барып, ғашықтық дейтін ұлы күшке бағынып, алапат махаббаттың алдында әлсіздігін мойындап, тізе бүккен. Өздеріне қарсылық білдірген бүкіл әлемге қарсы тұрған ұлы махаббат еді бұл.

Руханият • 07 Желтоқсан, 2019

Алматыдағы Орталық музейде «Құрбан болған тұлғалар» атты көрме өтеді

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Қазақстан Республикасы мемлекеттік Орталық музейінің Қазақстан тарихын зерттеу орталығы өкілдерінің қатысуымен брифинг болып өтті.

Кино • 06 Желтоқсан, 2019

«Бастау»: жаңа буын киносы

Алматыда VIІI Халықаралық «Бастау» студенттік және дебюттік фильмдер фестивалі өтуде. Жыл сайын өтетін бұл іс-шара халықаралық әрі кәсіби байланыстарды нығайту мен кеңейтуге, кино саласындағы өнерлі, талантты жастар мен майталман шеберлер арасында пікір алмасуға мүмкіндік беретін алаңға айналып отыр.

Қазақстан • 03 Желтоқсан, 2019

«Бастау»: жаңа буын киносы

3-7 желтоқсан аралығында Алматыда VIІI Халықаралық «Бастау» студенттік және дебюттік фильмдер фестивалі өтеді. Жыл сайын өтетін бұл шара халықаралық әрі кәсіби байланыстарды нығайту мен кеңейтуге, кино саласындағы өнерлі, талантты жастар мен майталман шеберлер арасында пікір алмасуға мүмкіндік беретін алаңға айналып отыр. 

Руханият • 27 Қараша, 2019

Поэзия падишасы ардақталды

Алматы көшелері тағы бір жаңа атаумен толықты. Қазақстанның халық жазушысы, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай Алатау баурайындағы алып шаһардың ұзын әрі кең көшелерінің біріне ақын есімі берілді. 2018 жылы Алматы қаласы әкімдігінің арнайы қаулысымен Алматы қаласы Алатау ауданы Алғабас шағын ауданынан көше берілген болатын. Осы қаулы негізінде берілген көшенің салтанатты ашылу рәсімі «Қазақ поэзиясының падишасы Фариза Оңғарсынова – 80 жыл» атты еске алу шарасына орайластырыла өткізіліп, шараға Нұр-Сұлтан шаһарынан және Атырау облысынан арнайы делегациялар келіп қатысты.

Әдебиет • 27 Қараша, 2019

Абай – әлем тілдерінде

Қазақ ұлттық аграрлық универ­ситетінде Ұлы ақын Абай Құнан­баевтың 175 жылдығына орай ұйым­дастырылған «Абай – әлем тілдерінде» мәнерлеп оқу байқауының шешуші туры өтті.