Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
120 материал табылды

Қазақстан • 15 Қыркүйек, 2019

«ALMAFEST» – береке мен ізгіліктің мерекесі

Қыркүйек айының дәл ортасында алма фестивалін өткізу Алматы жұрты мен қала қонақтары үшін дәстүрге айналған. Бұл күні Қазақстанның Тұңғыш Президентінің саябағына жүз мыңдаған адам ағылып келіп, көптен күткен ең жылы, ауқымды мерекені ақыш аспан астында бірге тойлайды.

Руханият • 13 Қыркүйек, 2019

Қазақстандық музыканттар Цинандалидегі классикалық музыка фестиваліне қатысты

Грузияда посткеңестік кеңістіктегі ең ауқымды музыкалық фестивальдердің бірі – Цинандалидегі классикалық музыка фестивалі  (Tsinandali Festival) 8 қыркүйектен бері жоғары деңгейде өтіп жатыр. 15 күн бойы Грузияның ең сұлу аймағы – Кахети өңірінде ұжымдар мен соло әртістерінің орындауымен 30-дан аса опералық, оркестрлік және камералық музыка концерттері жоспарланған фестиваль 22 қыркүйекке дейін жалғасады.

Руханият • 12 Қыркүйек, 2019

«Вайнах» салт-дәстүр күнін тойлады

Алматы қаласындағы Достық үйінде «Қазақстан вайнахтары: Бірлік пен жасампаздық» атты қазақ жерін мекендеген шешен және ингуш этностарының мәдениет пен салт-дәстүр күніне арналған мерекелік жиыны болып өтті. Қазақстан Халқы Ассамблеясы мен Қазақстанның шешен және ингуштарының «Вайнах» орталығы ұйымдастырған мерекеге республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, зиялы қауым, облыс бөлімшелеріндегі ардагерлер және өңірлердегі белсенді жастар шақырылды.

Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2019

І Алматы халықаралық опералық-симфониялық дирижерлерінің байқауы өтеді

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы биылғы жаңа маусымының шымылдығын ауқымды халықаралық шарамен ашқалы отыр. 10-15 қыркүйек аралығында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, «Classics Management Budapest» халықаралық агенттігімен ынтымақтастықта І Алматы халықаралық опералық-симфониялық дирижерлерінің байқауын өткізеді. Елдің мәдени өміріндегі елеулі шара әлемдегі ең үздік дирижерлердің басын қосып, жас дарындардың бір-бірінің өнерімен жақынырақ танысуына зор мүмкіндік сыйлап отыр.

Руханият • 09 Қыркүйек, 2019

Сұлу өнердің сыры

Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер му­зейінде қазақ қызда­ры­ның арасынан шыққан алғашқы гобелен сурет­шілерінің бірі Күлипа Жұбаниязованың «Сұлу өнердің сыры» атты жеке көрмесі өтуде.

Қоғам • 04 Қыркүйек, 2019

Зарина Алтынбаева Италияны тәнті етті

Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші солисі Зарина Алтынбаева Италияда өткен «Montecatini Opera Competition – 2019» халықаралық байқауынан жүлделі 2-орын иеленіп, лауреат болып қайтты.

Руханият • 31 Тамыз, 2019

Алып шаһар әнге бөленді

Тамыздың тамылжыған мақпал кешін күміс көмей әншілердің сұлу сазымен әлдилейтін ән мерекесі – «Көктөбе Опера – 2019»  фестивалі жылдағы дәстүрімен меймандарға құшағын кең ашты.

Әлем • 29 Тамыз, 2019

Делиде әл-Фараби үйі ашылды

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын және Елбасы Н.Ә.Назарбаев­тың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының негізгі ойларын іске асы­ру мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Дели қаласында әл-Фараби үйін ашты. ҚазҰУ бұл жобаны Қазақстан Респуб­ликасының Үндістандағы елшілігінің қолдауымен жүзеге асырды.

Қоғам • 22 Тамыз, 2019

Ұлттық дәстүр шетелдік өнерсүйер қауымның көңілін аударып отыр.

«Шабыт» шығармашыл Жастар фестивалінің 1-орын иегері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лау­реаты Гүлназым Өмірзақ – белгілі суретшілер мен қолөнершілердің отбасында дүниеге келіп, өз қолтаңбасын қалыптастырып үлгерген жас суретші. Бейнелеу өнерінің көшін көркем ізденістерімен толықтырып, дара қолтаңбасымен ерте мойындалған Гүлназым бүгінде шетелдік өнерсүйер қауымның да көңілін аударып отыр.