Қайрат Әбілда
Қайрат Әбілда«Egemen Qazaqstan»
1233 материал табылды

Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2019

Қарағандыда жаңа мектеп пайдалануға берілді

Кеншілер астанасындағы  «Панель-орталық» шағын ауданында жаңа мектептің тұсауы кесілді. №103 мектеп-лицейі деп аталатын бұл білім ошағы 1200 оқушыға лайықталып салынған.

Аймақтар • 30 Тамыз, 2019

Газ келсін ерте – жандансын өлке

Еліміздегі ең ауқымды жобалардың бірі – «Сарыарқа» магис­траль­ды газ құбырының басым бөлігі, нақты айтқанда 800 шақырымға жуығы Қарағанды облысының аумағын қамтитын болады. Жалпы ұзындығы 1534 шақырымға тең газ құбырын салуды жүзеге асыратын ересен жобаның еліміз үшін 700 млрд теңге көлеміндегі қаржыға түсетінін де былайғы жұрттың біле жүргені жөн.

Аймақтар • 28 Тамыз, 2019

Қарағандыда МӘМС-ті енгізу бойынша сынамалы жоба іске қосылды

Қарағандыға жұмыс сапарымен келген Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов облыс әкімі Ерлан Қошанов және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаевпен бірге өңірде міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге әзірлік барысын талқылады.

Аймақтар • 28 Тамыз, 2019

Қарағандыда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы анықталды

Кеншілер астанасында өткен «Мерейлі отбасы» республикалық байқауының облыстық кезеңіне өңірдің барлық қалалары мен аудандарынан 19 отбасы қатысты. Қазылар алқасы үздіктерді анықтар кезде отбасының тарихы мен дәстүрін, әулеттің белгілі бір мамандыққа адал болуын және шаңырақтағы балалар санын ерекше назарға алды.

Аймақтар • 27 Тамыз, 2019

Қарқаралыда Алаш қайраткерлеріне ескерткіш орнатылды

Қасиетті Қарқаралы топырағына Алаштың ардақтылары Ахмет Байтұрсынұлының, Әлихан Бөкейханның және Әлімхан Ермековтің тұлғалары қоладан құйылған ескерткіш болып орнықты.

Қоғам • 27 Тамыз, 2019

Қарағанды оқушылары оқулықтармен тегін қамтамасыз етіледі

Жаңа оқу жылында Қарағанды мектептерінің барлық оқушылары бюджет есебінен оқулықтармен толықтай қамтамасыз етіледі. Тіпті, 1-сынып табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге оқулықпен қоса дәптерлер жиынтығы да тарту етілетін болады.

Аймақтар • 27 Тамыз, 2019

Қарағанды облысында Конституция күніне ерекше маңыз беріледі

Қарағанды облысының барлық қалалары мен аудандарында Конституция күні мерекесінде көптеген іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланған. Қазіргі уақытта өңірдегі қалалар мен елді мекендердің көшелері қызылды-жасылды жалаушалармен, Ата заңның мән-мағынасын арқау еткен баннерлермен және шағын сәулет пішіндерімен безендіріліп, мерекелік кейіпке еніп келеді.

Аймақтар • 26 Тамыз, 2019

Қарағанды облысында астық жинау науқаны басталды

Қарағанды облысының Қарқаралы, Нұра, Бұқар жырау, Абай және басқа да аудандарында егін орағы басталды. Биылғы меже бойынша барлығы 884 мың гектар алқаптан астық өнімдері жиналуы тиіс. 

Аймақтар • 26 Тамыз, 2019

Агенттіктің Қарағанды облысы бойынша департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаменттің жаңа басшысы лауазымына Айгүл Бейбітбайқызы Байханова тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақтар • 26 Тамыз, 2019

Қарағанды кеншілер күнін кеңінен атап өтті

Қарағанды облысы Шахтер күні мерекесін кеңінен атап өтті. Үш күн бойы облыс орталығы мен негізінен кенші қауымы тұратын қалалардың бәрінде мерекелік іс-шаралар, халықтық серуен мен концерттер ұйымдастырылды.