
Қоғам • 08 Ақпан, 2022
Сексеннің сеңгіріне шыққан Рысты Ілиясова есімді шешейдің көк мұздың үстінде коньки тепкені «Қазнет» кеңістігіндегі қауымның көңілін көтеріп тастады. Сөйтіп кейуана әп-сәттің ішінде «жұлдызға» айналып шыға келді...
Аймақтар • 08 Ақпан, 2022
Арқа төсінің бай тарихи-мәдени мұрасы Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында бар бояуымен көрініс тапты. «Жәдігерлер шеруі» атты бұл жаңа жоба жылдың әрбір айында келушілердің назарына тақырыптық коллекциялар ұсынатын болады.
Аймақтар • 08 Ақпан, 2022
Тұтынушының тамырын тап басқан
Қандай да бір кәсіп бастаған адам үшін жергілікті менталитеттің қыр-сыры мен ерекшелігін жан-жақты зерттегеннің маңызы зор. Мысалы, қарағандылық «Qaz Delikates СҮ» компаниясы қазақ халқының дәстүрлі ет тағамдарына деген сұраныстың мол болатынын біліп, біраз уақыттан бері осы шаруаны дөңгелетіп келеді. Атап айтқанда, олар ет, қазы, шұжық, қуырдақ сынды тағам түрлерінің жартылай дайын өнімдерін шығарып, тұтынушылардың ықыласына бөленіп жүр.
Аймақтар • 07 Ақпан, 2022
Аңсаған әлем чемпионатына қатысады
Қызылорда қаласында тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасында өткен ел чемпионатында Қарағанды облысының намысын қорғаған Аңсаған Қожанәсіп толайым табысқа қол жеткізді. Ол турнирдің алтын жүлдесімен бірге әлем чемпионатына жолдаманы да жеңіп алды.
Аймақтар • 07 Ақпан, 2022
Кенді өңірдің келешегі жергілікті биліктің жіті назарында болуы керек
Соңғы жылдары Қарағанды облысының басшылығы шалғай жатқан Жезқазған-Сәтбаев өңіріне ат басын жиі бұра бастады. Мұны жақсылықтың нышаны деп бағалаған жөн шығар. Неге десеңіз, облыс орталығынан жырақтағы бұл өңірдің жай-күйін көзбен көрмейінше, қалыптасқан жалпы жағдайдың мәселесіне жан-жақты және терең үңілудің тіпті де мүмкін еместігі белгілі.
Спорт • 06 Ақпан, 2022
Қарағандыдан қанаттанған Шавкат Рахмонов кезекті жеңісіне қол жеткізді
Лас-Вегас қаласында өткен UFC Fight Night 200 турнирінде қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов тамаша жеңіске қол жеткізді. Жарыстың негізгі кард аясындағы жекпе-жекте өнер көрсеткен ол гайаналық Карлстон Харристі (17-5) бірінші раундта нокаутпен тізе бүктірді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 04 Ақпан, 2022
Абылайхан кәсіпқой боксқа ауысты
Бокстан Қазақстан Ұлттық құрама командасының капитаны, әлем чемпионатының үш мәрте қола жүлдегері Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой рингте бақ сынап көрмекші. Таяуда ол Suleimen Promotions промоутерлік компаниясымен келісімшартқа қол қойды.
Аймақтар • 04 Ақпан, 2022
Былтырғы қарашаның жетісі күні Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментіне қарасты «Абай» шахтасында көмір мен газ атындысының салдарынан 6 кенші қаза болған еді. Апаттан кейін құрамына кеншілердің кәсіподақ ұйымдары, шахталардың белсенділері, жергілікті атқарушы орган өкілдері енген келісім комиссиясы құрылып, шахтер қауымы көтерген өзекті мәселелер бойынша жұмыс істей бастаған болатын.
Аймақтар • 25 Қаңтар, 2022
Қарағандыда Nur Otan партиясы облыстық филиалының басшысы тағайындалды
Nur Otan партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып белгілі қоғам қайраткері және меценат Бекзат Алтынбеков тағайындалды, деп жазады Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өнер • 25 Қаңтар, 2022
Қос платина күйтабағы Colorit-Арыстанға бұйырды
Кеншілер астанасындағы Тәттімбет атындағы өнер колледжінің соңғы курсында оқитын Арыстан Әбілдин өнер жолындағы ең үлкен табысына қол жеткізді. Дарынды жас аса танымал Slava Marlow & Morgenshtern есімді әншілердің «Быстро» деген туындысын орындап, каверді 45 миллион адам тыңдаған.