
Аймақтар • 10 Наурыз, 2022
Қарағандыдағы Пришахтинск деп аталатын елді мекенде ерекше жандар еңбек ететін кәсіпорын бар. Қырық жылдан бері тынбай жұмыс істеп келеді. Бұл жердегі цехтарда көлік техникаларына арналған сүзгілер, гофрленген картоннан жасалатын контейнерлер, пицца қорапшалары, бір рет қолданылатын ыдыстар және тағы басқа да сұранысқа ие өнімдер шығарылады.
Аймақтар • 08 Наурыз, 2022
Ақжарқын қалай «Ақтәте» атанды?
Арқа төсінде кішілердің жасы үлкен әйел баласына қарата «тәте» деп үн қататыны бар. Ал айналаңа «Ақтәте» атану – екінің біріне бұйыра бермейтін бақ. Бүгінде Ақжарқын Тұрғанбайқызы Иманбаеваны Шет ауданында өзін жақсы таныған ағайын «Ақтәте» деп атайды. Қолындағы қызметіне қарап емес, бойындағы кісілік қасиеттерін құрмет тұтып солай дейтініне кейіпкердің өмір жолына үңіле отырып көз жеткіздік.
Аймақтар • 07 Наурыз, 2022
«Болашақ геофизикасы-2022» бүкілресейлік ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясында Қарағандыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Нақтырақ айтқанда, «Қарағанды облысының өнеркәсіп салаларында көмірді қолдану» жобасын ұсынған Инна Ким мен Далила Қуанышова бірінші орынды жеңіп алды.
Аймақтар • 04 Наурыз, 2022
Қарағандының жастары қолға күрек алып, қарды қалай күреудің үлгісін көрсетті. Иә, биыл қыстың соңына таман Арқа төсіне қар қалың түскен еді. Табиғат-Ана қалалардағы жер үйлерді, аулаларын ақ көрпесіне молынан қымтап тастаған-тұғын.
Аймақтар • 04 Наурыз, 2022
Алғыс айту күнін атап өту іс-шарасы биыл кеншілер астанасында жаңа мазмұнда өтті. Бұл күні осы жылдың қаңтар айында әскери борышын өтеу кезінде қаза болған Мадияр Қайсаровтың, Айбат Амановтың және Әділ Нүркеновтің ата-аналары мен туыстарына құрмет көрсетілді.
Аймақтар • 03 Наурыз, 2022
Кеншілер астанасындағы Абай атындағы балалар кітапханасының қорында жалпы саны 138 628 кітап бар екен. Жуырда Халықаралық кітап сыйлау күнінде аталған мекеменің сөресі 27 жаңа туындымен толықты.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2022
Перу лалагүлі – перизат жандарға
Кеншілер астанасының іргесіндегі Узенка елді мекенінде жылыжайлар қысы-жазы жұмыс істейді. Бұл жерде жайқалып қызғалдақтар өседі. Бұдан бөлек, жергілікті флористер-гүл өсірушілер біраз уақыттан бері альстромерияны, яғни Перу лалагүлінің тұқымын көбейтуді де қолға алған.
Аймақтар • 01 Наурыз, 2022
Қарағанды облысындағы полиция құрылымдарына «Қазақмыс» корпорациясы жомарт тарту жасады. Нақтырақ айтқанда, жол-патрульдік қызметіне және Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш қалалары мен Ұлытау ауданының учаскелік инспекторларына 48 Chevrolet Cobalt автокөлігі, сегіз JAC 7 автокөлігі, алты фургон, екі жол талғамайтын көлік, екі қарда жүретін көлік, сондай-ақ екі автобус, барлығы 68 бірлік көлік техникасын тарту етті.
Аймақтар • 01 Наурыз, 2022
Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы жаңашылдыққа келгенде қамшы салдырмайды. Таяуда аталған орталық Telegram мессенджер платформасында жастардың жұмысқа орналасу, вакциналау, волонтерлік және дебаттық қозғалыстар, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау сияқты өзекті де өміршең сұрақтарға жауап алуына көмектесетін JasProKrg ботын құрды.
Аймақтар • 24 Ақпан, 2022
Қарағандыға серіктес Саран қаласында кезінде өндіріс өрге басқан еді. Амал нешік, өткен ғасырдың 90-жылдарындағы тоқыраудан кейін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың көбісі жабылып, олардың ғимараттары қаңырап бос қалды. Енді міне, сол қаңқасы ғана қалған құрылыс нысандарына қайта жан біте бастады.