Арнұр АСҚАР«Egemen Qazaqstan»
176 материал табылды

Сұхбат • 19 Маусым, 2019

Тиімді менеджмент – университет жетістігінің басты факторы

Бүгінде еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің алдында кешенді міндеттер тұр. Ол өндіріс көлемін арттыру, бәсекеге қабілетті, экспортқа бейімделген ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және осы саладағы еңбек өнімділігін 2022 жылға қарай 2,5 есе арттыру. Аталған міндеттерге қол жеткізу үшін Қазақ ұлттық аграрлық университеті жаңа буындағы білікті мамандарды дайындап, тиімді менеджмент қолдану арқылы әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орнына трансформациялануда. Осы орайда біз университет ректоры, ҚР ҰҒА вице-президенті, академик Тілектес Исабайұлы ЕСПОЛОВПЕН сұхбаттасып, оқу орнында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар барысымен және трансформациялау тәжірибесімен бөлісуді өтіндік.

Қоғам • 17 Маусым, 2019

Халық алдында есеп берді

Жыл сайынғы есеп беру кездесуінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі министрліктің ең өзекті жұмыс процестері туралы егжей-тегжейлі баяндама жасады, сондай-ақ еліміздің азаматтарын қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап берді.

Руханият • 12 Маусым, 2019

Қызыл, қызыл, қызыл сөз...

Қазақтың болмысын, жақсылығы мен кемшілігін жақсы білген, соған жаны күйзелген адамдардың бірі Герағаң, марқұм Герольд Бельгер сияқты. Сол «Бір білсе Бельгер біледі» деген қанатты сөздің кейіпкері «Қазақ дәптері» деген кітабында былай дейді: «Қазақтың сөз түрлері көп. Ол жағынан ешбір ел, ешбір ұлт таласа алмайды».

Руханият • 05 Маусым, 2019

Бабалардың һәм балалардың арманы не?

«...Арманымның бәрін жазар болсам, дәптерге сыймас еді!.. Оған ешкім сене де қоймас. Сенсе, тек Рахманов ағай ғана сенер...» Бұл «Менің атым Қожадағы» бас кейіпкердің монологы екенін бірден таныған боларсыз. Қожа ұстазы Рахманов ағайдың сабағында «Менің арманым» деген тақырыпта шығарма жазып отырып, арман-қиялына ерік беріп, қоңырау соғылғанын байқамай қалушы еді ғой.

Тарих • 31 Мамыр, 2019

Ілияс Қозыбаевтың «Қазақстандағы үлкен террор» атты монографиясының тұсаукесері өтті

Бүгін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай көрнекті тарихшы-ғалым Ілияс Манашұлы Қозыбаевтың орыс тілінде жазылған «Қазақстандағы үлкен террор» атты монографиясының тұсаукесер рәсімі өтті.

Экономика • 28 Мамыр, 2019

Huawei-ге қара бұлт төнді ме?

Huawei телекоммуникациялық компаниясы таяуда ғана 2019 жылдың алғашқы тоқсанындағы табысы 39 пайызға, яғни, 26,8 миллиард долларға ұлғайғаны туралы хабарлаған еді. Наурыздың соңында әлем бойынша 59 миллион тұтынушыға смартфон сатылғанын айтып сүйінші сұрағандай болған. Алайда, таяуда АҚШ-тың сауда министрлігі «қара тізімге» енгізгеннен кейін компанияның жағдайы өзгере бастаған сыңайлы.

Экономика • 28 Мамыр, 2019

Ең қымбат брендтердің ондығы

Таяуда Forbes дүние жүзі бойынша жылдың ең қымбат брендтерінің ондығын жариялаған болатын. Жыл сайын жасалатын дәстүрлі рейтингте Apple осымен тоғызыншы рет көш бастады.

Экономика • 21 Мамыр, 2019

АХҚО биржасына қызығушылар көп

Екі күнге созылған Астана экономикалық форумы жа­қында мәреге жеткені белгілі. Ауқымды іс-шара 16 мамыр күні «Астана» халықаралық қаржы орта­лығының ұйымдастыруымен өткен таңғы бизнес астан бас­тау алған-ды. Аталған шараға қатысушылар бұл форум­ның еліміз үшін қаншалықты маңызды екенін атап өтті.

21 Мамыр, 2019

Қазақстан киберспорттың көшіне ілесуі керек

Бүгінгі таңда киберспорт – қарқынды түрде қанат жайып келе жатқан салалардың бірі. Сондай-ақ бұл көптеген мемлекеттердің цифрлы экономикасында ерекше орын алатынын да атап өткен жөн. Таяуда елордада өткен Астана экономикалық форумы-2019 алқалы жиынының аясында «Қазақтелеком» АҚ және «Қазақстанның киберспорт федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі бірлесіп ұйымдастырған панельдік сессия осы тақырыпқа арналды.

Қоғам • 19 Мамыр, 2019

Отбасы дəрігерлері тегін қызмет көрсетті

Нұр-Сұлтанда Дүниежүзілік отбасы күніне орай арнайы шара өтті. Қаладағы №9 емхана базасында елорда тұрғындары тегін медициналық тексерумен қатар, дәрігерлердің кеңесін алу мүмкіндігіне ие болды.