Арнұр АСҚАР«Egemen Qazaqstan»
180 материал табылды

Өнер • 05 Наурыз, 2020

«Өмір ғажап» қалай Оскар алды?

1999 жылы Лос-Анджелес қаласын­дағы Долби театрында 71-ші рет өткен Оскар салтанатында «Өмір ғажап» (La vita è bella) атты италиялық фильмнің үш бірдей аталымда – «Үздік ер адам рөлі», «Шет тілдегі ең үздік фильм», «Үздік саундтрек» аталымдарында бағы жанды.

Сұхбат • 27 Ақпан, 2020

Төлеутай Рақымбеков: Ғалымдар фермердің тапсырысын орындауы керек

– Жақында Ауыл шаруашы­лығы министрлігі малды шетелдерге тірілей экспорттауға тыйым салды. Кейбір сарапшылар тарапынан бұған қатысты сыни пікірлер айтылуда. Сіздің көз­қарасыңыз қалай? – Ресми статистикаға сүйен­сек, был­тыр азық-түлік бағасы 10 пайызға көтерілді, бұл ақыл­ға сыймайтын көр­сеткіш. Қым­бат­шылықтың себеп-салдарын тү­сіну үшін нарықтағы азық-тү­лік бағасының өзгеру тетіктерін білу керек. Мәселен, көкөніс, жеміс-жидек сияқты азық-түлік түр­лері­нің бағасы етпен ты­ғыз байланыс­ты. Ет қайда сатылады? Ба­зар­да. Алыпсатарлар да, сатушылар да ет­тің құнына қарап отырады. Ет қым­бат­таса, қалған тауарлар да қымбаттап шы­ға келеді. Ел арасында малдың бәрі экс­порт­қа кетіп жатыр деген әңгіме көбейіп кетті.

Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

Қазақстанда бюджеттік автокөліктер шығарылатын болды

Елімізде биыл құны 3 млн теңгеден аспайтын автокөлік құрастыру өндірісі басталады. Бұл туралы Андрей Лаврентьев Хабар 24 арнасына берген сұхбатында айтты.

Экономика • 25 Ақпан, 2020

«Қаржы пирамидалары» қайтып келді ме?

«Гарант 24», «Estate Ломбард», «Home Avto Invest»... Соңғы бірнеше күннің бедерінде осы үш мекеменің төңірегіндегі дау өршіп тұр. Еліміздің әр қаласындағы клиенттері өткен аптадан бері аталған ломбардтардың кеңселерін басып алып, салған қаржысын қайтаруды талап етіп жатыр.

Экономика • 24 Ақпан, 2020

10 жыл субсидияланған саланың жыры

Мал шаруашылығындағы тауарлы-спецификалық субсидияларды қысқарту мемлекеттік бағдарламасының аясында биылдан бастап тағамдық жұмыртқа өндірісін субсидия­лау тоқтатылады деп жоспарланған. Осы шешімге орай соңғы уақытта құс фабрикалары басшыларының, сондай-ақ Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының тарапынан түрлі пікір айтыла бастаған-ды. Әлеуметтік желіде де әлеуметтік маңызы бар тамақ қымбаттап кететін болды деп ерте бастан дабыл қаққандар бой көтергені рас. Осы орайда, Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидиялаудың неліктен тоқтатылатыны туралы жан-жақты түсіндіріп, салада қалыптасқан ахуал туралы жан-жақты мағлұмат берді.

Экономика • 20 Ақпан, 2020

10 жыл субсидияланған саланың жыры

Мал шаруашылығындағы тауарлы-спецификалық субсидияларды қысқарту мемлекеттік бағдарламасының аясында биылдан бастап тағамдық жұмыртқа өндірісін субсидиялау тоқтатылады деп жоспарланған. Осы шешімге орай соңғы уақытта бірқатар құс фабрикасы басшыларының, сондай-ақ, Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының тарапынан түрлі пікірлер айтыла бастаған-ды. Әлеуметтік желіде де әлеуметтік маңызы бар тамақ қымбаттап кететін болды деп ерте бастан дабыл қаққандар бой көтергені де рас. Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидиялаудың неліктен тоқтатылатыны туралы жан-жақты түсіндіріп, салада қалыптасқан ахуал туралы жан-жақты мағлұмат берді.

Қоғам • 18 Ақпан, 2020

Газдан туған «наз»

Өткен жылдың соңында өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында газ баллон қондырғысы орнатылған көліктердің автотұрақтағы орнын шектейтін Үкімет қаулысы шыққан болатын. Қазақстанда көгілдір отынмен жүретін автокөліктердің саны 350 мыңнан асатынын ескерсек, бұл дау біразға созылуы әбден мүмкін.

Экономика • 13 Ақпан, 2020

Агросектордың азабы жеңілдей ме?

Ресми дерек бойынша, бүгінгі таңда еліміздің дүкен сөрелеріндегі азық-түліктің 35 пайызы – импорттық өнім. Соңғы үш жылда азық-түліктің бағасы 30 пайыздан артық қымбаттады. Таяуда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қ.Тоқаев «Ауыл шаруашылығы талай эксперимент жүргізілген, көп азап шеккен сала» екенін тілге тиек етіп, саланың ІЖӨ-дегі үлесі 4,5 пайыздан аспайтынын сынады. Қысқасы, аграрлық сектор ел экономикасының драйверіне айналуға тиіс деген межелі міндеттің әзірге орындалар түрі көрінбейді. Былтыр қазан айында Президент «Кейбір заңнамалық актілерге агроөнеркәсіп кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған болатын. Салаға серпін беруге тиіс құжатта қандай мәселелер қамтылды? Нендей артықшылықтары, тиімді тұстары бар? Соған тоқталып көрейік.

Руханият • 11 Ақпан, 2020

«Ит-мінезден» қашан арыламыз?

Алаштанушылардың айтуынша, қазақта ең алғаш мерейтой тойлау Ахмет Байтұрсынұлының 50 жылдығына арналыпты. Онда да аста-төк дастарқан жайылмаған, ат жарыстырып, балуан күрестірмеген, дифирамб та айтылмаған.

Экономика • 04 Ақпан, 2020

Эпидемияның экономикалық әсері қандай?

Қытайда эпидемия басталғаннан бері оның әлемдік экономикаға, жекелей елдерге тигізетін кері әсері туралы түрлі болжамдар айтылуда. Күні кеше Brent маркалы мұнайдың баррелі 60 доллардан төмен құлдырап, былтыр жаздағы межеге түсіп кеткенін де сарапшылар вируспен байланыстырады. Әлемнің екінші экономикасы саналатын елде өршіп, жиырмадан астам мемлекетті шарпыған індеттің Қазақстан экономикасына да ықпалы болатыны түсінікті.