Арнұр АСҚАР«Egemen Qazaqstan»
136 материал табылды

Руханият • 27 Қараша, 2019

Қырғыз-қазақ – алаштан... (Бішкекте қазақ-қырғыз зиялыларының IV форумы өтті)

Кеше Бішкек қаласында Халықаралық Түркі академиясының мұрындық болуымен «Бекем бауырластық байланыстар» атты қазақ-қырғыз зиялыларының IV форумы өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға мемлекеттік сапары қарсаңында өткен алқалы жиынға Президенттің көмекшісі Мәулен Әшімбаев, Қырғыз Республикасы Президентінің кеңесшісі Сұлтан Раев, Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Нұрпейісов Жогорку Кенеш депутаттары, екі елдің белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылыми институт басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Әлем • 26 Қараша, 2019

Қазақ-қырғыз ынтымақтастығының әлеуеті зор

Ертең, яғни 27 қараша күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли кеше хабарлаған болатын. Екі мемлекеттің басшыларының келіссөздері барысында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен перспективалары талқыланбақ.

Қазақстан • 24 Қараша, 2019

Жастардың жауапкершілігін арттыратын жиын

Елордада Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мұрындық болуымен ұйымдастырылған «Teambuilding» республикалық тренингі өтті. Оған жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары, орта-арнайы оқу орындарының оқушылары, аймақтық жастар және волонтерлік ұйымдардың өкілдері, білікті дінтанушылар, сондай-ақ тиісті министрлік өкілдері қатысты.

Экономика • 19 Қараша, 2019

Тауар айналымына тосқауыл болмауы тиіс

Әуел бастан Қазақстанның сырт­қы саудадағы әлеуеті зор әріптес­терінің бірі Ресей екені мәлім. Ресми мәліметтерге сүйенсек, биылғы 8 айда екеуара тауар айналымының көлемі 12,2 миллиард долларды құрапты. Бұл бұрнағы жылдармен салыстырғанда төмендеу көрсеткіш. Яғни, көрші елмен арадағы сауда қарым-қатынастарының күнгейімен қатар, көлеңке тұстары да бар. 

14 Қараша, 2019

«Аяжан» есігін айқара ашты

Елімізде білім беру саласына үнемі баса назар аударылып келеді. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың халыққа Жолдауында осы саладағы мәселелерге бірнеше мәрте назар аударып «Білім беру сапасын арттыруға күш саламыз» дегені осы сөзіміздің айқын көрінісі.

Қоғам • 13 Қараша, 2019

Қазақстандық БАҚ һәм дін тақырыбы

Елдегі қалыптасқан діни ахуалды реттеп отыруда, сол арқы­лы қоғамдық тыныштықты сақ­тауға үлес қосуда бұқаралық ақпа­рат құралдарына артылатын жауапкершілік жүгі ерекше салмақты. Таяуда елордада Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері коми­тетінің мұрындық болуымен «Дін саласындағы мәселелерді жариялау бойынша журналистерге арналған тренингі» атты астаналық және аймақтық БАҚ өкілдері қатысқан арнайы семинар-дәріс өтті.

Экономика • 11 Қараша, 2019

Ақша аударымын тексереді

Қаржы министрлігі салықтан жалтарған кәсіпкерлерді анықтау үшін халықтың электронды қаржы аударымын тексеруді қолға алмақ. Министрдің орынбасары Берік Шолпанқұлов журналистерге берген сұхбатында осылай деді.

Экономика • 11 Қараша, 2019

17,5 мың құйма алтын сатылды

2017 жылдың мамыр айында елімізде тазартылған алтын құймаларын сату мен сатып алу бағдарламасы іске қосылғаны мәлім. Содан бергі аралықта екінші деңгейлі банктерден ел азаматтары барлығы 17,5 мыңға тарта құйма алтын сатып алды. Бұл туралы Ұлттық банкке сілтеме жасай отырып LS хабарлады.

Экономика • 04 Қараша, 2019

11 әуежайға «Ашық аспан» режімі енгізілді

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев халыққа арнаған Жолдауын­да ұшақ билетінің қымбаттығын сынға алғаны белгілі. «Елорданы әлемнің ірі қалаларымен және халықаралық қаржы орталықтарымен тікелей рейс арқылы байланыстыру өте маңызды. Басқаша айтқанда, «ашық аспан» жүйесін ашу керек. Бұл менің Үкіметке берген тапсырмам. Қорқатын ештеңе жоқ, бір компанияға қараудың қажеті жоқ» деген болатын Президент.

Экономика • 01 Қараша, 2019

Сапархан Омаров: Біздің жетістігіміздің кепілі – табысты фермер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айында Солтүстік Қазақстан облысына барғанда агроөнеркәсіп кешенін дамыту туралы республикалық кеңес өткізген болатын. Осы жиында Президент саладағы бірқатар мәселелерді сынға алды, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға оны шешу туралы тапсырма жүктеді. Содан бері екі айға жуық уақыт өтті. Отандық агросекторда қандай өзгеріс бар? Бұл туралы Ауыл шаруашылығының министрі Сапархан ОМАРОВТАН сұрағанды жөн көрдік.