Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
73 материал табылды

Қоғам • 22 Желтоқсан, 2023

Түркі жұртының тағылымды тойы

Тереңнен тамыр тартқан түбі бір Түркі әлемі үшін биыл айрықша оқиғаларға толы болды. Бауырлас елдердің бірнешеуінде қатарынан бір ғасырлық мерейтойлар аталып өтіп жатыр. Атап айтсақ, Түркия Республикасының құрылғанына, Әзербайжан халқының Жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиев пен көрнекті қазақ жазу­шысы Кемел Тоқаевтың туғанына 100 жыл толып отыр.

Театр • 21 Желтоқсан, 2023

Женева көрерменін тәнті еткен «Астана балет»

«Астана балет» театрының Швейцарияға гастрольдік сапары табысты өтті. 15-17 желтоқсан аралығын­да қатарынан үш күн ел­ордалық театр әртістері Женеваның Batiment des Forces Motrices мәдени ор­талығында қазақ ба­лет өнерін паш етті. Гаст­роль­дік көрсетілімнің ­бәрі анш­лагпен өтіп, көрер­мен қауым әртістерге тік тұрып қошеметін білдірді.

Руханият • 19 Желтоқсан, 2023

Сананы сілкінткен «Аз и Я»

Шын мәнінде, егемендіктің, еркіндіктің ақ таңына дейінгі азапты жолда кімдердің ізі қалғанын, рухты жырында кімдердің даусы естілетінін Жер-ана жақсы біледі. Қатпары қалың болса да, оқулығы жұқа тұнған тарих та куә. Қаншама жан азаттыққа қол созды, қаншама қадам жасалды, гүлдер солды, үміттер үзілді, шырағы сөнді. Рух сілкінді, тарихи сана оянды. Бұл «соғыста» ұлтының тәні мен жаны ояу болсын деген талай қайраткер қалам арқылы күресті. Елдің рухын берік етіп, ішкі сенімін күшейткен қаншама сүйекті шығарма қазақ аңсаған азаттыққа жол салды.

Өнер • 07 Желтоқсан, 2023

Өнер мен баға немесе бәсі 139 миллион доллар картина

Шығармашылық ғұмырын аңызға айналдырған Пикассоның осы уақытқа дейін талай картинасы адамның қиялына сыймайтын, ессіз бағаға сатылды. Суретші көзі тірісінде де кедей болған жоқ. Ол өмірден өткенде байлығы 1 миллиард 100 миллион долларды құраған. Бір кездерде нан алуға ақша таппаған Пикассо өзі қалаған өмірге ақыры жетті. Өнері жеткізді. Жалпы, Пикассоның өмірі мен өнері хақындағы әңгіме таусылған ба?.. Қаузай берсең, мың бір түнге жалғасады.

Өнер • 04 Желтоқсан, 2023

Өмірімен өрілген портрет

Бейнесі аңызға айналған Анна Ахма­тованың портреттері көпке мәлім. Ақын­ның суретін әр жылдары Амедео Модильяни мен Кузьма Петров-Водкин, Иосиф Бродский мен Алексей Баталов салған. Өнертанушы Эрих Голлербах айтқандай, «Ахматованың портреттерінде ондаған сыншының кітаптарына қарағанда әлдеқайда көп шындық бар» деседі. Иә, аңыз-тұлғаның өмірінің әр кезеңін бейнелеген туындыларда сол уақытқа сай ақынның көңіл күйі де көрінетіндей. Десе де бірнеше портретіне ортақ бір күй бар – мұң. Қай суретшінің қыл­қаламындағы Ахматоваға қара­саңыз да биік рух, сырбаз бейне, асқақ жан, жанарынан есетін қоңыр мұңды бай­қамау мүмкін емес.

Қоғам • 01 Желтоқсан, 2023

«Халық жазушысы» кімдерге беріледі?

Әлемде мың-сан өнер бар: әдебиеттің жөні бөлек. Әлемде мың-сан жанр бар: көркем шығарманың жөні бөлек. Адамның қатпар-қатпар жан дүниесінің терең сырына бойлап, табиғатын, шынайы мінезі мен болмысын, жан тебіренісін шебер суреттеп, оқып отырған жанды әлемтапырық күйге түсіретін де әдебиет. Жазушының «тәтті тамұғынан» тұншыға шыққан шығармасы санаңда сілкініс жасап, дәл осындай әсер қалдыратыны тылсым бір күш сынды.

Тағзым • 29 Қараша, 2023

Өмірінің өзі миф...

Ұлан-ғайыр қазақ даласының бір түкпірінде қоларбада отырып компьютерге үңілген, етпеттеп жатып арғықазақ мифологиясын зерттеген Серікбол Қондыбай есімі баршаға таныс. Таныс қана емес, есімінің өзі аңызға айналды. Өмірінің өзі мифке ұласты.

Қазақстан • 24 Қараша, 2023

Ұлт мәдениетінің әлемдік абыройы немесе Президенттің сайлауалды бағдарламасы қалай орындалып жатыр?

Әр ұлт қай заманда да дәстүрімен, мінезімен, болмысымен, мәде­­ниеті­мен ерекшеленеді. Әр халықтың тарихтан тамыр тартатын ұлттық бояуы, айшықты мұралары болатыны да сөзсіз. Бұл мұралар – сол елдің мәдени байлығы.

Кино • 21 Қараша, 2023

Түрік киносын көрдіңіз бе?

Түрік кинолары қазақ қоғамына таңсық емес. Түбі бір елдердің салты мен дәстүрі, мәдениеті мен өркениеті ұқсас болған соң, киноөндіріс саласында да байланыс мығым. Осы орайда өткен аптада елорда төрінде «Түрік фильмдері апталығы» өтті. Мәдени іс-шараны Түркия Мәдениет және туризм министрлігі кинематография басқармасының қолдауымен Түркия Республикасының 100 жылдығына орай Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы ұйымдастырды. Апталық ­бауырлас екі ел арасында күннен-күнге дамып келе жатқан мәдени қарым-қатынастың өрісін кеңейту мақсатында өткізілген.

Әдебиет • 21 Қараша, 2023

Кофе және әдебиет 11

Кейде таңғы кофеңді ішіп отырып, әдебиетке ақын атанып келген Гогольдің алғашқы өлеңдері сынға ұшырап, оларды көз көрместей қылып отқа жаққан қаламгердің «Ревизорды» жазарына сол уақытта ешкім нанбағанына таңғаласың. Қуаты сұмдық құбылыстың алғашқы қадамы түкке тұрғысыз болғанын қазір ешкім сенбес.