Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
664 материал табылды

Қоғам • 26 Шілде, 2023

Букмекерлік кеңселерге бұғау салына ма?

Мәдениет және спорт министрлігі 3 букмекерлік кеңсенің лицензиясын сот тәртібімен жоюды көздеп отыр. Жыл басынан бері заңнаманы бұзған 5 букмекерлік кеңсенің қызметі тоқтатылды.

Өнер • 25 Шілде, 2023

Әлем сахнасындағы қазақ бишісі

Балет әртісі, «Астана Опера» театрының жетекші солисі Бақтияр Адамжан қазір ауқымды еуропалық тур аясында Италия төрінде өнер көрсетіп жүр. Ұйымдастырушылар авторлық бағдарламада қазақ әртісін айрықша дарынын назарға алып, одан балеттік репертуардан техникалық тұрғыда күрделі нөмірлерді билеп беруін сұрапты.

Таным • 25 Шілде, 2023

Мағжанның академиялық жинағы

Ұлт зиялыларының мерейтойы жоспар үшін жасалған сансыз іс-шарамен һәм соңы дауға ұласқан ескерткіштермен шектелмесе керек-ті. Көрнекті тұлғалардың мерейлі жылы қоғамның мәдениетіне, рухани дамуына игілігі тиер бастама болуға тиіс.

Әдебиет • 25 Шілде, 2023

Оқудың азабы

Әдетте адам баласы кітап оқиын десе, я уақыты болмайды, я құлқы болмайды. Әгәрәки, қым-қуыт тіршіліктен мойны жар бермей жүрген жан болса (бірақ, оқуға ниетті), кешірімді. Ал кітап оқитын уақыты да, құлқы да жоқтық – қасірет. Қазіргі таңда кітап оқымау дерті әлемде де меңдеп тұр. Әлқисса. Осы оқу деген, оқудан бұрын жазу деген қашан пайда болып еді?..

Жәдігер • 25 Шілде, 2023

Бағзыдан жеткен бұйым

Ұлттық музейдің қорында бізге беймәлім жәдігерлер көп. Тарих көмбесінен сыр шертетін түрлі бұйымдар әр ғасырдағы мәдениетке жатады. Мәселен, соның бірі – бастары оңға-солға бұрылған жарты жылқы тәріздес алтыннан құйылған пластиналар. Ол Есік қорғанынан табылған. Біздің дәуірімізге дейінгі V-VІ ғасырларға жатады.

Қоғам • 23 Шілде, 2023

Мемлекеттік тілдің баянды мәртебесі

Елордада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының кезектен тыс құрылтайы өтіп, ұйымның жаңа президенті сайланды. Құрылтай делегаттарының ашық дауыс беруімен жауапты қызметке Bilim Media Group компаниясының басшысы, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының директоры Рауан Кенжеханұлы сайланды.

Музей • 23 Шілде, 2023

Ұлттық музейді 310 мың адам тамашалаған

Жылдың басынан бері Ұлттық музейге 310 мың адам келген. Ал былтыр бір жылдың қорытындысы бойынша 330 мың адам музейді аралаған.

Өнер • 20 Шілде, 2023

«Кеш»: режиссер түсірген суреттер

Режиссер Дәрежан Өмірбаевтың хоббиі суретке түсіру екенін шығармашылығынан хабардар жұрт біледі. Фотографтың бұған дейін «Тыныштық», «Достарымның портреттері» атты фотоальбомдары жарық көрген болатын. Автор жақында «Кеш» атты үшінші фотоальбомын көпшілікке ұсынды.

Кино • 19 Шілде, 2023

Жаңа фильм жарыққа шығады

Алматыда Tiger Films продюс­ерлік компания­сының ке­зекті толықметражды фильмі­нің түсірілімі басталды. Комедия мен экшн қатар жүретін романтикалық драма Балалар үйінен шыққан қос ғашықтың ауыр тағдырынан сыр шертеді. Жаңа кар­ти­надағы басты рөлдерді елі­мізге танымал актерлер ойнайды. Жаңа киноның ал­ғашқы түсірілімінде режиссер Алёна Алмаз дәстүрлі түрде тәрелке сындырды.

Таным • 19 Шілде, 2023

Бағзыдан жеткен барыс

Ұлттық музейдің қорында бізге беймәлім жәдігерлер көп. Тарих көмбесінен сыр шертетін түрлі бұйымдар әр ғасырдағы мәдениетке жатады. Мәселен, соның бірі – барыс типті белдік әшекейі. Ол Есік қорғанынан табыл­ған. Біздің дәуірімізге дейінгі V- VІ ғасырларға жата­ды.