
Президент • 28 Мамыр, 2025
Қазақстан-Руанда Президенттері БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
Мемлекет басшысы Президент Поль Кагаменің Қазақстанға ресми сапармен келгеніне ризашылығын білдіріп, елдеріміз үшін мән-маңызы зор келіссөздер жүргізілгенін атап өтті. Оның айтуынша, Африка құрлығының халықаралық ықпалы жылдан жылға күшейіп келеді. Қазақстан осы аймақтағы елдермен тығыз қарым-қатынас орнатуға ерекше мән беріп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 28 Мамыр, 2025
Маңызы бар қалаларды дамытуды көздейтін заң жобасы таныстырылды
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша Болатбек Нәжметдинұлы баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 28 Мамыр, 2025
Қазақстан неліктен ОПЕК+ нысанасына айналды
Әлемдік мұнай нарығындағы әрбір қозғалыс миллиардтаған долларға әсер ететін жағдайда кездейсоқтық деген болмайды десе де болады. Қазақстанға қатысты соңғы сын-ескертпелердің, әсіресе ОПЕК+ шеңберіндегі «артықшылықтар» үшін айтылған ескертулердің жай ғана фактіні тіркеу емес екені айқындалып жатыр. Тақырыпты тереңірек қазсақ, бұл сынның астарында барынша күрделі геосаяси ойын тұрғаны байқалады – бұл жерде сөз тек баррельдер туралы ғана емес, әлемдік ықпал туралы да болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 28 Мамыр, 2025
Еліміздің үш мегаполисі жаһандық рейтингте нешінші орында тұр
Oxford Economics Global Cities Index 2025 рейтингісі бойынша Қазақстанның Астана, Алматы, Шымкент қалаларының көрсеткіштері туралы Exclusive журналынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 28 Мамыр, 2025
Қазақстанның зейнетақы жүйесі әлемдік рейтингте ТОП-30-ға енді
2024 жылы Allianz компаниясы 71 елдің зейнетақы жүйесіне талдау жүргізіп, Қазақстанның 8 сатыға жоғарылап, 26-орынға көтерілгенін мәлім қылды. Аталған көрсеткіш бойынша Сингапур, Қытай, Испания, Түркия және басқа да елдерді артта қалдырған Қазақстанның көрсеткіші – 3,5 балл, бұл орташа мәннен жоғары (3,7). Жалпы, есеп Қазақстанның зейнетақы жүйесінің орнықтылығы мен тиімділігін атап өтіп, елдің алдағы демографиялық өзгерістерге дайын екенін көрсетіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 27 Мамыр, 2025
Елімізде 2500 шақырым су құбыры салынып жатыр
Сала министрлігі Ақмола, Атырау, Алматы, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ұлытау яғни, 9 облыста жалпы саны 30 су құбырын салу және қайта жаңарту жобасын жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 26 Мамыр, 2025
Біліктілікті арттыру курстары 8 мыңнан астам ауыл мұғалімін қамтыған
Жыл басталғалы мектеп педагогтеріне арналған 515 біліктілікті арттыру курсы өтіп, 13 мыңға жуық мұғалім қамтылған, ал қатысушылардың 62 пайызын, яғни 8 мыңнан астамын ауыл мектептерінің мұғалімдері құрайды екен, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Мамыр, 2025
ҰБТ тапсырушылардың 62 пайызы шекті балл жинаған
Биыл 16 мамырда басталған негізгі ҰБТ-дан бері 52 мыңнан астам тестілеу өткізіліп, талапкерлердің 66%-ы қазақ тілінде, 33%-ы орыс тілінде және 65 адам ағылшын тілінде тапсырған. Бірінші апта қорытындысы бойынша талапкерлердің 62%-ы шекті балл жинаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Мамыр, 2025
Спортшылардың өткен аптадағы жетістіктері
Сала министрлігі өткен аптаға шолу жасады. Қазақ спортшылары 5 спорт түрі бойынша жеңістерге жеткен, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 26 Мамыр, 2025
«Алтайдан Оралға дейін» республикалық велошеруі басталды
Жұмысшы мамандықтар жылына арналған шеру бағыты Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар облыстары мен Астана қаласын және Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарын, яғни сегіз өңірді қамтып өтеді, деп жазады Egemen.kz.