
Коронавирус • 26 Мамыр, 2020
COVID-19: Сегіз мыңнан асса да әлі сенбейтіндер бар
Елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың саны 8531-ге жетті (соңғы мәлімет бойынша 8969 - Ред.). Тіпті 23 мамыр күні бір тәулікте осынау індетті жұқтырған 403 адам анықталып, рекордтық жағдай тіркелді. Ал бұл кезде біздің қоғам әлі «Коронавирус бар ма, жоқ па?» деген мәселені талқылап, әлеуметтік желілер арқылы әртүрлі әңгімелердің өрбуіне себеп болуда. Яғни халық әлі күнге осынау қауіпті індетке сенімсіздікпен қарап, күнделікті тіршіліктің күйбеңімен тәртіп пен тазалықты ұмытып кетіп жатыр.
Білім • 26 Мамыр, 2020
Жыл сайын 25 мамырда айналамыз жүздері бал-бұл жанып, қолдарына гүл ұстап, мектепке асыққан оқушыларға толып кетуші еді. Соңғы қоңыраудан кейін мектеп бітірген түлектер иығына асқан көк ленталарын шешпестен көшеде алшаң басып ұзақ жүрсе, үздік оқыған оқушылар алған грамоталарын ата-анасына жеткізуге асығатын.
Сұхбат • 25 Мамыр, 2020
Жұртты шошытқан жұқпалы аурулар оқиғалары
Жасыратыны жоқ, бұған дейін де ел ішінде жұқпалы ауру тарап, жұртты шошытып, әжептәуір әбігерге түсірген жағдайлар болған. Бірақ біз оларды тез ұмыттық. Өйткені індет бұрқ етті де артынша ауыздықталды. Сонымен бұл қиын жағдайлардан жұрт пәлендей сабақ алмай, қалыпты тіршілігін жалғастыра берді. Тіпті кейбірі сондай оқыс жағдайдың болғанын білмей де қалды.
Руханият • 25 Мамыр, 2020
Өткен аптада сенаторлар Конституциялық Заңға сәйкес Бауыржан Жұмағұлов пен Асқар Смайыловты басқа қызметке тағайындалуына байланысты Жоғарғы соттың судьясы қызметтерінен босатты. Жұмағұлов – Атырауға, Смайылов Алматыға сот төрағасы болып кетті. Осы ақпарат мына бір жайтты есіме түсіргені...
Коронавирус • 21 Мамыр, 2020
Қазақстанда коронавирус өршіп тұр
Елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны кеше 6969 адамға жетті. Әйтседе «науқастардың саны жеті мыңға жетіп қалыпты-ау», деп осынау қауіпті инфекцияның қаупін сезініп, сақтанып жүрген адам аз. Бұл жағдай көңілді қайтадан алаңдата бастады.
Қоғам • 20 Мамыр, 2020
Бұрын СЭС деген мекеменің сесі сұмдық еді. Сонау кеңес заманынан тәуелсіз елімізге аман-есен өтіп, атын сәл-пәл өзгерткені болмаса СЭС қызметі жұмысын сол күйі жалғастыра берді. Үстелдің үстін сипап өткенде саусағының ұшына шаң ілінсе, кез келген басшы мен қызметкердің шаңын қағып алатын бұл мекемеден жұрт ығып жүретіні белгілі.
Қоғам • 15 Мамыр, 2020
Отбасы – өмірдің тұтқасы. Үй-ішінің қызыққа, қуанышқа толы болуы отбасындағы бауырмалдық, береке-бірлікке байланысты. Мамырбаевтар әулеті – шаңырақтың осындай қадір-қасиетін өрелі һәм тәлімді ұрпағының арқасында жалғастырып отырған мерейлі отбасының бірі. Тәрбие – отбасының үзілмейтін желісі.
Руханият • 14 Мамыр, 2020
Қабанбайды көрсетсең, Қарасай дейді...
Егер бір қазаққа Қабанбай батырдың портретін көрсетіп, «Мынау қай батыр еді?» десеңіз, бар қазақтың шатасатыны анық. Біреулері Бөгенбай деуі мүмкін, тағы біреулері Наурызбай, Райымбек, Ағыбай, Қарасай... деп өзі білетін батырлардың есімдерін тізіп шығады. Тіпті, Қабанбай ғой деп тап басып айтып қалуы да мүмкін.
Қоғам • 13 Мамыр, 2020
«Елге ел қосылса құт» деген, жалпы дүние жүзіндегі демография мәселесінде халық санының соңында «нөлі» көп «дөңгелек» датаға жетуді арнайы атап өту дәстүрі бұрыннан бар. Елді елең еткізетін мұндай айтулы даталар Қазақстанда да үлкен қуанышпен аталынып өтіп келеді. 1981 жылдың 28 желтоқсанында Алматы қаласында миллионыншы тұрғын дүниеге келді. Ұлты қазақ сәбиге батыр Баукең батасын беріп, Бауыржан деген ат қойылды.
Коронавирус • 11 Мамыр, 2020
Аурудан айыққандар қатары 2 мыңға таяды
Елімізде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны бес мыңнан асты. Нақтырақ айтсақ, 10 мамыр күні (сағат 17:00-ге дейін) тағы 101 адам тіркеліп, коронавирус індетін жұқтырған науқастардың жалпы саны 5076-ға жетті. Сонымен бір мезгілде осы дерттен айығып шыққандардың қатары 1828-ге жеткенін ескерсек, кешегі күнге дейін бойында COVID-19 дертінің белгісі бар азаматтардың нақты саны 3 мыңның үстінде деген сөз.