Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1546 материал табылды

Аймақтар • 07 Сәуір, 2024

Алтындала ауылынан 125 адам эвакуацияланды

Қостанай ауданына қарасты Алтындала ауылынан 125 адам, оның ішінде 35 бала эвакуацияланды. 

Аймақтар • 07 Сәуір, 2024

Қостанайдан Тобыл қаласына шығатын екі көпір жабылды

Қостанайдан Тобыл қаласына қарай шығатын үш көпірдің екеуі жабылды.

Аймақтар • 07 Сәуір, 2024

Қостанайда 5 мектеп қашықтан оқытуға көшті

8-9 сәуір аралығында Қостанай қаласы мен Қостанай ауданының мектептері қашықтан оқыту режіміне ауысады. Қазір аталған елді мекендердегі колледждердің жартысы онлайн, жартысы офлайн жұмыс істеп жатыр.

Аймақтар • 07 Сәуір, 2024

Мичурин ауылының 75 тұрғыны эвакуацияланды

Кешеден бері арнасынан асып-төгіліп тасып жатқан Тобыл өзенінің қарқыны бәсеңдер емес. Қостанай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі өзенге жақын жатқан Мичурин елді мекенінде 9 аулаға су кіргенін хабарлады. Аталған елді мекеннен 75 адам эвакуацияланған.

Аймақтар • 07 Сәуір, 2024

Қостанайда бірнеше бизнес нысаны су астында қалды

Қостанай мен Тобыл қаласын байланыстыратын үш көпірдің екеуі жабық. Тәуелсіздік көшесінен Қостанай ауданына шығатын ортаңғы көпір ғана ашық тұр.  

Аймақтар • 06 Сәуір, 2024

Қаратомардан су жіберу секундына 3300 текше метрге дейін ұлғайды

Бүгін сағат 20.30-да Қаратомардан секундына 3300 текше метр су жіберіле бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 06 Сәуір, 2024

Олжас Бектенов: Ең басты міндет – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-Министр, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі Олжас Бектенов қазіргі кезде су тасқынына байланысты күрделі жағдай қалыптасып отырған Қостанай облысында жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 06 Сәуір, 2024

Торғай өңіріндегі 3 елді мекенде ұялы байланыс қызметі іске қосылды

Бүгін су тасқынынан зардап шеккен Амангелді ауданының Қабырға, Жангелдин ауданының Ақкөл, Ахмет ауылдарында ұялы байланыс желісі іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 06 Сәуір, 2024

Қостанай ауданында мыңнан астам адам эвакуацияланды

Қостанай ауданында 1043 адам эвакуацияланды. Эвакуациялық пункттерге 80 адам орналастырылған. Төсек тартып жатқан 3 науқас адам аудандық ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 06 Сәуір, 2024

Рудныйда 163 адам эвакуацияланды

Рудный қаласының Речной, Южный көшелерінен және қалаға қарасты Перцев ауылынан 163 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Тұрғындардың көбі қауіптің беті қайтқанша туыс-туғандарының үйін паналай тұруды жөн көрген. 5 адам эвакуация пунктіне орналастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.