Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1489 материал табылды

Аймақтар • 22 Қараша, 2023

Жаңа әлеуметтік төлем

Қостанай облысына жұмыс сапарымен келген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Рудный қаласына барып, бірнеше кәсіпорынды аралады. Одан кейін өңірдің өндірістік кәсіпорындарының жұмысшыларымен кездесті. «Горняк» мәдениет үйінде өткен жиынға «Сарыбай-Соколов» кен байыту бірлестігі, «Краснооктябрск боксит кені басқармасы», «Қостанай минералдары», «Агромашхолдинг», «Варваринское», «Өркен» «СарыарқаАвтоПром», «Комаров тау-кен кәсіпорны» секілді ірі өндіріс орындарының жұмысшылары мен кәсіподақ ұйымдарының өкілдері қатысты.

Құрылыс • 13 Қараша, 2023

«Kia» зауытының құрылысы басталды

Қостанайда «Kia» автомобильдері өндірісінің толық циклін қам­титын жаңа зауыттың құрылысы басталды. Елімізде авто­­кө­лік өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін беретін ірі кә­сіп­орын құрылысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оңтүстік Кореяның «Kia» компания­сы басшы­лығының осыдан екі ай бұрын ұйғарысқан келісімі нәти­жесінде қолға алынып отыр.

Қоғам • 11 Қараша, 2023

Қостанайда көлік зауытының құрылысы басталды

Қостанайда «Kia Qazaqstan» бірлескен кәсіпорнының құрылысы басталды. Құрылыс алаңының ашылу салтанатына ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен KIA зауытың бас директоры Ким Деки қатысты. 

Экономика • 09 Қараша, 2023

«Баян сұлу» өнімдерінің 40 пайызы шетелге экспортталады

Қостанайда өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы дәстүрлі ынтымақтастық форумы барысында «Баян сұлу» АҚ басқарма басшысы Тимур Садықов компания өнімінің жартысына жуығы алыс-жақын шет елдерге сатылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Экономика • 09 Қараша, 2023

Қазақстан – Ресей ынтымақтастық форумы: екіжақты тауар айналымының 70 пайызға жуығы өңірлерге тиесілі

Өңіраралық форумға  дәстүрлі түрде екі елдің шекаралас өңірлерінің өкілдері мен кәсіпкерлері қатысып жатыр.

Экономика • 09 Қараша, 2023

Қазақстан-Ресей форумы: Ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастық нығаяды

Қостанай қаласында өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы форумының  аясында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 09 Қараша, 2023

Қостанайда Қазақстан мен Ресейдің ХІХ өңіраралық ынтымақтастық форумы басталды

Қостанайда жаңа салынған Смарт-орталықта көршілес екі ел делегациясының қатысуымен «Ауыл шаруашылығы – қуатты экономиканың негізі» атты ынтымақтастық форумы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 06 Қараша, 2023

Қостанай облысында төрт аудан, бір қалаға әкім сайланды

Қостанай облысында Алтынсарин, Денисов, Қарабалық және Федоров аудандарының, сондай-ақ Рудный қаласының әкімдері сайланды.

Аймақтар • 03 Қараша, 2023

«Ішінде 14 бала болған». Оқушылар автобусы түгі қалмай өртеніп кетті

Арқалық – Торғай автокөлік жолында мектеп оқушылары мінген «Газель» автокөлігі жанып кетті. Абырой болғанда, балалардың бәрі дін аман. Көлік түтіндей бастағанда-ақ жүргізуші мен мұғалім шәкірттерді түгелдей сыртқа шығарып үлгерген.

Байқау • 01 Қараша, 2023

Арқалық өрендері озып тұр

Қостанайда көркемсөз оқу шеберлерінің «Ыбырай оқулары» облыстық байқауы мәреге жетті. Ұлы ағарту­шының шығармаларындағы елшілдік, адамгершілік, адалдық, еңбексүйгіштік, білім-ғылымға құштарлық секілді өнегелі қасиеттерді насихаттап, дәнегін өскелең ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында өткен білім жарысына өңір мектептерінен 70-ке жуық оқушы қатысты.