
Медицина • 06 Қараша, 2024
Қарағандыда ауыл тұрғындары үшін медицина қолжетімді бола бастады
Қарағанды облысына қарасты ауылдарда биыл 14 жаңа медициналық нысан ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Қараша, 2024
Қарағандының екінші тынысы ашылды
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жыл басынан бері өңірдің қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіші 113,1 пайызға жеткенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Қараша, 2024
Қарқаралы ауданы Бесоба ауылдық округіне қарасты Қызылту аулында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Жаңа нысанның құрылысы биыл басталған еді, жақында аяқталып, пайдалануға берілді.
Қоғам • 02 Қараша, 2024
Қарағанды қаласының 90 жылдығына орай 90 кездесу жобасының кезекті қонағы сатирик, «Arqa aqshamy» газетінің бас редакторы, журналист Әдебиет Белгібайұлы болды. Мұхтар Әуезов атындағы кітапхананың №14 филиалында өткен кездесуде қаламгердің бойындағы ерекше қасиеттері, шығармашылығы жөнінде сөз қозғалды.
Тағзым • 31 Қазан, 2024
Сиқырлы саздың иесіндей, сұлу әннің киесіндей болған Сейіл Аяғанды елі сағынғаны рас. Біз мұны Жаңа Майқұдық мәдениет үйінде аяулы әншіні еске алуға арналған «Ән-Аға» атты кешке жиналған халықтың қарасынан аңғардық.
Қоғам • 29 Қазан, 2024
Бұқар жырау ауданы Үміткер ауылының әлеуметтік кезекте тұрған адамдарына пәтер кілті табысталды. Екі пәтерлі үш үйді құрылыс компаниялары салып бітіріп, оны аудандық әкімдік сатып алды. Пәтер кілтін тапсыру салтанатына Бұқар жырау ауданының әкімі Ерлан Құсайын қатысып, мұқтаж жандарды қуаныштарымен құттықтады.
Аймақтар • 29 Қазан, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» Жолдауында «Әуе хабтарын дамыту – өте маңызды міндет» деді. Еліміздің әуе кеңістігі арқылы жыл сайын 150 мың тоннаға жуық жүк тасымалданатынын айта келе, алдағы төрт жылда бұл көрсеткішті екі есе ұлғайту жөнінде пәрмен берді.
Медицина • 29 Қазан, 2024
Ғылым дамымай, медицина ілгерілемейді
Ұлттық ғылым академиясы Президиумының Қарағандыда өткен көшпелі отырысында «Медицина ғылымын дамыту. Болашақтың медицинасы» тақырыбы кеңінен талқыланды. Денсаулық сақтау саласындағы күрмеулі мәселелерді шешу жолдары қарастырылды. Жиынға Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Парламент Сенатының депутаттары, Ұлттық ғылым академиясының академиктері, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының, медициналық және қоғамдық ұйымдардың басшылары қатысты.
Өнер • 29 Қазан, 2024
«Tauelsiz» ART ұжымының «Жерге табын, адам, енді» деп аталатын ерекше форматтағы кеші ел аузында жүр. Жақында ғана шығармашылық ұжым Астанадан арнайы келіп, Кеншілер мәдениет сарайында қойылым қойды. Онда еліміздің басынан өткерген экологиялық қасірет зардабын, жаһанданудың қоршаған ортаға жақсылық әкелмейтінін шебер жеткізе білді.
Аймақтар • 25 Қазан, 2024
Үш мыңнан аса қарағандылық әнұран шырқады
Ұлттық мереке - Республика күніне орай Қарағанды қаласының Тутұғыр алаңында «Қыран елім — Қазақстан» атты патриоттық акция өтті. Үш мыңнан аса қарағандылық мемлекеттік әнұранымызды асқақтата шырқады, деп жазады Egemen.kz.