Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
951 материал табылды

Экономика • 16 Сәуір, 2020

Шаруа қожалықтарының шаруасын шайқалтпайық

Елімізде 200 мыңнан астам шаруа қожалығы бар. Соның жартысынан көбі мемлекеттің көмегіне зәру. Яғни, шағын шаруалар жекелеген ірі кәсіпкерлердің көлеңкесінде қалуда. «ҚазАгроҚаржы» аз ғана үстемеақымен үлестірген несие 7 жылға созғанда табыстың жартысынан көбін еншілеп кетеді. Бұл шаруаларды қолдау ма, жоқ әлде...

Коронавирус • 08 Сәуір, 2020

Елордада жалпы жағдай тұрақты

Елордада вирусты жұқтырғандары анықталған адамдар 222-ге жетті. Олар 2167 адаммен байланысқа түскен. Қазір барлығы дәрігерлердің бақылауында. Өкінішке қарай,  5 адамның жағдайы ауыр халде. 28 науқас сырқаттан айықты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сәуле Қисықова айтты.

Экономика • 08 Сәуір, 2020

Тұрғын үй бағасы қалай құбылады?

Экономистер биыл доллар мен теңге бағамындағы өзгерістерге орай бастапқы нарықтағы жылжымайтын мүлік 13 пайызға қымбаттауы мүмкін екенін айтады. Әрине бұл жай болжам ғана. Десе де, осыдан бес жыл бұрын теңге құнсызданған тұста тұрғын үйдің шаршы метрі 355 мың теңгеге дейін өсіп кеткен болатын. Ендеше елдегі төтенше жағдайдан кейін пәтер бағасының тағы да аспандап кетпесіне кім кепіл?! Әйтеуір дәл қазір баспаналы болуды аңсаған отбасылардың көңілі күпті.

Руханият • 08 Сәуір, 2020

Ескінің жазығы – жаңаның қазығы

«Тәнін настық, рухын әбілет басқан» деуші еді бір жазушы әңгімесінде. Осы бір тіркесті ұмытуға қанша рет оқталсам да, ойымда ұйып қалмасы бар ма? Міне, бүгін мақаламның алғашқы жолынан орын алып отыр. Қазіргі заманның кейпін суреттейді сол шығармада. Ақылдың бұлағы санар ақсақалы жоқ қоғамды әжуәлайды әлгі қаламгер. Жаныма батқанын-ай! Авторды сөзбен суға бір тұншықтырып та алғанмын оқып отырып. Енді қараңызшы, сол мұңлы кекесінге келіспеске дәрменім болмай тұрғаны...

Экономика • 07 Сәуір, 2020

Дағдарыс дауылына тосқауыл - Ж. Нұрабаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі кәсіпкерлерді салықтық жүктемеден босатуы шағын және орта бизнес өкілдеріне үлкен демеу болмақ. Бұл дағдарыстан шығудың таптырмас тетігі.

Экономика • 07 Сәуір, 2020

Фермерлер уақытпен санаспайды - Ж. Дайрабаев

Елдегі төтенше жағдай кезінде көктемгі егіс науқанын шектемегеніміз жөн. Себебі экономикамыздың өрлеуіне ауыл шаруашылығының тигізер пайдасы көл-көсір.

Әлем • 06 Сәуір, 2020

Қытай Ресейді де «бауырына басты»

«Бірлесе күрессек, бірге жеңеміз» Бұл - қазір алып державалардың саяси серті. Соған сай Қытай Ресейге коронавирустан қорғануға көмектеспек. Қос мемлекет миллиондаған қорғаныс костюмі мен медициналық маскаға келісім жасады.

Әлем • 06 Сәуір, 2020

Пойыздар ауруханаға айналмақ

Әрбір мемлекет коронавируспен әртүрлі күресіп жатыр. Халқының саны бойынша әлемде екінші орын алатын Үндістан пойыздарды палатаға айналдырмақ.

Экономика • 05 Сәуір, 2020

Әр теңге үшін есеп беруге дайынбыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінде халықтың әлеуметтік жағдайын әлсіретпеу, экономиканы қолдау шаралары көрініс тапты.

Қоғам • 01 Сәуір, 2020

Дәстүрді бұлдау ма бұл?!

«Алтын тақпадым» деп жатып кеп өкпеледі орта бойлы келіншек. Шамасы әулеттің «генерал» келіндерінің бірі болуы керек. Аш бүйірін таянған қалпы табан астынан бәле іздеуге бейіл тұр. Жаңа құдалардың алып келген кәдесыйынан күміс қана бұйырғанына бүйі тигендей бүрісті де қалды. Өрісім кеңейеді емес, ұяттан өлдім-ау деген әнтек ойдың жетегіне еріп, әбігерге түсуде. Ағайынның алдында азарда-безер. Өлтірісін өндіріп әкелмеген болашақ құдалардың қылығына күйіп-пісіп барады.