Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ
Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
68 материал табылды

Табиғат • 08 Желтоқсан, 2023

Каспий сағасындағы қорық

Атырау облысындағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватына шетелдік туристер жиі келеді. Өйткені Жайық өзенінің Каспий теңізіне құяр сағасына таяу орналасқан бұл қорықта құстың 292 түрі кездеседі. Сирек құстың 36 түрі еліміздің Қызыл кітабына енгізілген. Мұнда сирек кездесетін өсімдіктер де бар.

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2023

Тоғыз күдікті ұсталды

Қылмыстың өтеуі – жаза. Әсіресе мал ұрлағандарға қарсы қолданылатын жаза қатаңдатылғанымен, төрт түлікті қорадан да, өрістен де қолды ететіндер азаяр емес. Мәселен, Атырау облысында жыл басынан бері 24 мал ұрлығы тіркелген.

Кәсіпкер • 24 Қараша, 2023

Кәсіпкерліктің кедергілері

Нарықтың талабымен шағын және орта кәсіпкерлікке бет бұрғандар аз емес. Өйткені мемлекет тарапынан бұл саланың кең қанат жаюына барынша қолдау көрсетіліп келеді. Алайда жергілікті атқарушы органдар әлі де кәсіпкерлерге кедергі келтіруін доғармай отыр.

Аймақтар • 24 Қараша, 2023

Интернетті аңсаған ауылдар

Айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызған цифрлы дәуірге қадам бассақ та әлі интернеттің игілігіне қол жеткізбеген елді мекендер бар. Мәселен, Атырау облысындағы 153 ауылдың 19-ы әлі интернетке қосыла алмай отыр. Демек, бұл ауылдардағы тұрғындар теледидарға телміріп, апталап кешігетін газет-журналдарды тағатсыздана күтеді.

Аймақтар • 23 Қараша, 2023

Мұғалімдерге – жайлы баспана

Елімізде кадр жетіспейтін, білім сапасы төмен өңірлерге үздік педагогтерді тартуға арналған арнайы бағдарлама іске асырылып жатыр. Биыл аталған бағдарлама аясында Атырау облысында жұмыс істеуге 10 мұғалім ниет білдірген.

Кәсіпкер • 22 Қараша, 2023

«Жібек» өңдеген жүн

Ауылда да кәсіп ашқан іскер жандар бар. Соның бірі – Махамбет ауылында тұратын Шолпан Торбаева. Жақында ол жүн өңдеп, күнделікті тұрмыста қолданылатын құрақ көрпе, қыз жасауын шығаруды қолға алды.

Зерде • 20 Қараша, 2023

Өшпес рух өнегесі

Атырауда дауылпаз ақын, ақберен батыр Махамбет Өтеміс­ұлының туғанына 220 жыл толуына орай іс-шаралар легі өтіп жатыр. Соның бірі – «Махамбет мұрасы – елдіктің өшпес рухы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция.

Отбасы • 16 Қараша, 2023

Атыраулық отбасының қуанышы

Еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанған бес сәбидің бірі Атырау қа­ла­сында өмірге келді. Жұмағазиевтер отбасындағы тұңғыш сәбидің есімі – Мұхаммад. Кеше Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қала­лық перинаталдық орталыққа барып, ақжолтай қуанышқа кенел­ген отбасыны құттықтады. Сәбидің туу туралы куәлігін ата-анасына табыс етті.

Аймақтар • 09 Қараша, 2023

Сұраныс пен нақты іс

Атырау мұнай өңдеу зауытында 1 қазанда жоспарлы тексеру басталған еді. Соған байланысты технологиялық қондырғылардың жұмысы тоқтатылды. Қондырғылар мен жабдықтарға тексеру жұмысын жүргізуге 1 600 жұмысшы мен 116 арнайы техника тартылған.

Денсаулық • 07 Қараша, 2023

Жүрекке сызат түспесін

Тіршілікте адам баласы тұқым қуалау, күйзеліс, т.б. ауруға шалдығуы мүмкін. Ал сырқатты алдын ала анықтаудың тиімді бір жолы бар. Бұл – скринингтік тексеруден өту.