Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ
Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
2167 материал табылды

Аймақтар • 08 Қазан, 2020

Атырауда мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 26 қыркүйекте оқыс оқиға болған. Атырау қаласының 30 жастағы тұрғыны "ВАЗ-21723" көлігін мас күйінде басқарып, "Жеңіс" саябағының қоршауына соғылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 08 Қазан, 2020

Жедел жәрдемге – 22 көлік

Атырауда қауіпті індет әлі де анықталып жатыр. Бұл медицина саласына барынша қолдау көрсетудің қажеттігін көрсетіп отыр. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің мәліметіне сүйенсек, осы саладағы басты түйін – білікті мамандардың жетіспеушілігі. Осыған орай биыл облыс әкімінің мектеп бітірген түлектерге берілетін гранты көбейтілді. Оның ішінде дәрігер мамандығын қалаған түлектерге 27 грант бөлінді. Олардың бәрі М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінде тегін білім алады. Сонымен бірге резидентурада білім жетілдіретіндерге тағы да 50 грант берілді.

Аймақтар • 07 Қазан, 2020

Атырау облысында жүргізуші 75 келі бекіремен ұсталды

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, "Бекіре" алдын алу іс-шарасы кезінде Сарыөзек ауылының  тұсында "Lada Priora" автокөлігі тоқтатылған, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 07 Қазан, 2020

Атырауға шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ

Кеше, 6 қазанда "Ыстамбұл – Атырау" халықаралық әуе рейсімен 115 жолаушы ұшып келген, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 07 Қазан, 2020

Балалар саулығы – басты назарда

Соңғы кезде «тисе – терекке, тимесе – бұтаққа» деген желеу­мен әлеуметтік желіде үрей тудыратын жалған ақпарат тарату көбейіп тұр. Сондай желдей ескен бір деректе балалар арасында жедел ішек ауруы таралғаны айтылған еді. Мұны облыстық денсаулық сақтау басқармасы жоққа шығарып, аталған мәселеге орай түсінік берді.

Аймақтар • 06 Қазан, 2020

Атырауда басқарма басшысының міндетін атқарушы тағайындалды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқару Асхан Байдуәлиевке жүктелді. Ол бұған дейін басқарма басшысының орынбасары болған еді.

Аймақтар • 06 Қазан, 2020

Атырауда денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

Бұл ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растап отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 06 Қазан, 2020

Атырауда модульдік аурухана құрылысына 900 адам тартылды

Атырауда да модульдік типтегі инфекциялық аурухана салынып жатыр. Қазір мұнда 900 адам жұмысқа тартылған. Құрылыс жұмыстарының 85 проценті атқарылған аурухананы осы айда пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бүгін жаңа нысанның құрылысын облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов тексеріп шықты, - деп жазады Egemen.kz

Аймақтар • 06 Қазан, 2020

Атырауда аяғын ауыр техника басқан жұмысшы көз жұмды

Тағы бір азаматтың өмірі жол үстінде үзілді. Бірақ көлік апатынан емес. Қызылқоға ауданының аумағымен өтетін "Ақтөбе-Атырау-Ресей Федерациясы шекарасы" бағытындағы жолды жаңғыртуға тартылған жұмысшының аяғын ыстық асфальтты тегістейтін арнайы техника басып кеткен, - деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 06 Қазан, 2020

Атыраудағы Исатай ауданында "Ашық әкімдік" ашылды

"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының мақсаты – мемлекеттік  қызмет көрсетуді қолжетімді ету. Осыған орай енді Исатай ауданының тұрғындары мемлекеттік қызметті бір орталықтан алатын болды. Өйткені мұнда "Ашық әкімдік" кеңсесі ашылды, - деп хабарлайды Egemen.kz