Алмас МАНАП
Алмас МАНАП«Egemen Qazaqstan»
250 материал табылды

Спорт • 05 Мамыр, 2021

Азияда үздік шыққандар

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Egemen Qazaqstan» газеті Қазақстан спортшылары қатысқан Олимпиада ойындарында олжа салған  оғландарымыз бен әлем чемпионаттарында аты озған спортшылар туралы жазған еді. Ендігі кезекте еркін күрестен Азия чемпионатында топ жарған балуандарымыз туралы әңгімелейміз.  Жалпы, Қазақстан құрамасының еркін күрес шеберлері Азия чемпионатына 1993 жылдан бастап үздіксіз қатысып келеді. Содан бері біздің балуандар Азияның 22 алтын, 26 күміс, 36 қола медалін жеңіп алды.

Тәуелсіздік • 02 Наурыз, 2021

Тәуелсіздік құрдастары

Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде Қазақстанның спорттағы қол жеткізген табыстары аз емес. Егемен елдің спорттағы жетістіктерін еселеп жүргендердің қатарында тәуелсіздікпен тел өсіп келе жатқан саңлақтарымыз да бар.

Спорт • 25 Ақпан, 2021

Көк тудың желбірегені...

Алаш жұртының әлемде атой салған чемпиондары аз емес. «Egemen Qazaqstan» газеті ақпан айында тәуелсіздік алғалы 30 жыл ішінде биік тұғырдан көрінген ондаған Олимпиада, жүздеген әлем чемпионы мен жүлдегерін оқырман назарына ұсынды. Ал осындай толағай табыстардың ар жағында шәкірттерін қырандай баптап, аламанға қосатын жүздеген бапкердің еңбегі жатқаны cөзсіз. Спортшыларды жоғары деңгейде баптаған жаттықтырушылардың арқасында халықаралық жарыстарда елдің Әнұраны орындалып, көк тудың желбірейтіні сөзсіз. Сондай-ақ бапкерден бөлек тәуелсіздік алғаннан бас­тап бүгінгі күнге дейін спорттың дамуына үнемі қолдау көрсететін, Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ еңбегін ерекше атап кеткен жөн. Тұңғыш Президенттің спортқа деген қамқорлығының арқасында жерлестеріміз жаһандық сайыстарда олжа салып, әлемдік қауымдастық алдында Қазақстанның абыройы мен мәртебесін асқақтатып келеді.

Спорт • 15 Ақпан, 2021

Тәуелсіз елдің төл чемпиондары

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Egemen Qazaqstan» газеті оқырманға тамаша тарту жасап отыр. Бұған дейін бас басылым тәуелсіз Қазақстан спортшылары қатысқан Олимпиада мінберінен көрінген оғландарын оқырманға ұсынса, елімізде өткен әлем чемпионаттарында атой салған спортшыларды да ұмыт қалдырған жоқ.

Спорт • 02 Ақпан, 2021

Әрбір жеңіс – тәуелсіз Қазақстанның жетістігі

Отыз жыл ішінде Қазақ елі күрделі кезеңнің түрлі сын-өткелдерінен өтті. Тәуелсіздік алған жылдары экономикалық жағдай мықты болмағанымен, мемлекетіміз елімізді төрткүл дүниеге танытатын спорттың дамуы­на, спортшыларымыздың дүбірлі жарыс­тарда атой салуына барынша қолдау көрсете білді. Ол бүгінге дейін жалғасып келеді. Нәтижесінде, Қазақстан өз алдына дербес мемлекет ретінде алты рет (1996-2016 жылдары) жазғы Олимпиадаға қатысып, жалпы жиынтығы 64 медаль, оның ішінде 15 алтын, 21 күміс және 28 қола медаль жеңіп алды. Егемен ел болғаннан бері бокс­шыларымыз Василий Жиров, Ермахан Ибрайымов, Бекзат Саттарханов, Серік Сәпиев, Данияр Елеусінов, жеңілатлет Ольга Шишигина, велошабандоз Александр Винокуров, суда жүзуден Дмитрий Баландин сынды саңлақтарымыз Олимпиада тарихына алтын әріптермен жазылды. Жеңістің барлығы  ел тәуелсіздігінің және мемлекеттің спортты дамытуға деген сындарлы саясатының арқасында келіп отыр. Бүгін біз Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұлттық спортты асқақтатқан саңлақтардың жетістіктерін спортсүйер қауымға қайта ұсынғанды жөн көрдік.

Саясат • 22 Қыркүйек, 2020

Nur Otan праймеризіне қатысушылар 30 мыңнан аса үгіт іс-шарасын өткізді

«Nur Otan»-ның партияішілік сайлауында онлайн-дауыс беруге қатысу үшін «Праймериз» ақпараттық жүйесіне 700 мыңға жуық партия мүшесі тіркелді.

Спорт • 21 Қыркүйек, 2020

Жерге қаратқан командалар жанкүйерлерден кешірім сұрай ма?

Қазақ жанкүйерлері бұрын-соңды осылай жерге қара­маған шығар. Төрт команда алты ойын өткізіп, тек біреуінде ғана жеңіске жетті. Клубтардың осындай аянышты күйге түсуіне түрлі себептер мен сылтаулар айтуға болар. Алайда чемпионатты ұйымдастыруды қайта-қайта кейінге шегере берген Қазақстан фут­бол федерациясының әрекеті ақтау­ға келмейді деген ойдамыз және сол үшін де федерация бас­шылығы мен команда бапкерлері жанкүйерлерден кешірім сұрауы керек.

Теннис • 18 Қыркүйек, 2020

Үшінші айналымға шықты

Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина Рим турнирінің үшінші айналымына шықты.

Спорт • 18 Қыркүйек, 2020

«Тур де Франста» жеңіске жетті

«Астана» велокомандасының капитаны Мигель Анхель Лопес «Тур де Франс» көпкүндігінің 17-ші кезеңінде жеңіске жетті.

Кәсіпқой бокс • 17 Қыркүйек, 2020

Рейтингтері төмендеп барады

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) бар­лық салмақ бойынша рейтингін жаңартты.