Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ
Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
345 материал табылды

Аймақтар • 28 Маусым, 2022

Халықаралық стартап байқауында үздік шықты

Ақтөбедегі Зияткерлік мектеп оқу­шысы Арман Жалғасбаев Caspian Startup-2022 халық­аралық стартап байқауында жеңімпаз атанды.

Қазақстан • 27 Маусым, 2022

Газеттер «сөйлеген» күн

Облыстық тарихи-өлкетану му­зейінде «Ақтөбенің ақпарат әлемі» атты көрме өтті.

Қоғам • 26 Маусым, 2022

Жазда лагерь жетіспейді

Жаз басталғанда мектеп оқушылары үшін қала сыртындағы жазғы лагерьлердің тапшылығы айрықша сезілді. Ақтөбе облысында 153 мың мектеп оқушысы болса, бүгінде олардың 28 пайызы ғана каникул күндерін табиғат аясындағы лагерьлерде демалуға мүмкіндігі бар. Мамырдағы облыстық мәслихат сессиясында жергілікті бюджеттен балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға 325 млн теңге қаржы бөлінді. Оған өңірдегі 15 мың мектеп оқушысын мектеп жанындағы және табиғат аясындағы лагерьлермен қамту көзделді. Соның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалары, ата-анасы жоқ, қамқоршылықтағы және мүгедектігі бар 3 мың оқушы қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьде демалатын болды.

Қоғам • 21 Маусым, 2022

Шетелдегі қазақ балалары атажұртта демалады

Ақтөбедегі Назарбаев зияткерлік мектебінің алаңында «Ана тілі әлемі» халықаралық тілдік лагерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Маусымның соңғы онкүн­ді­гінен бастап, шілденің ортасына дейін осы оқу орны қабырғасында ұйымдастырылған жазғы лагерьде Ресей Федерациясының Алтай, Татарстан Рес­публикасы, Санкт-Петербург қаласы мен Орынбор, Ор, Саратов, Омбы, Челябі облыстарында тұратын қазақ отбасыларының балалары демалады.

Саясат • 15 Маусым, 2022

Әлеуметтік инфрақұрылым тұрмысты жеңілдетеді

Ақтөбе облысы тұрғындарының 97,2 %-ы таза ауыз сумен қамта­масыз етілген. Былтыр 10 ауылға ауыз су құбыры, 16 елді мекенге газ құбыры тартылса, биыл 11 елді мекенге орталық­тан­ды­рылған су, 9 ауылға газ құбыры тартылады. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин баяндады.

Қоғам • 13 Маусым, 2022

Он екі жастағы баланы ит талап, жазым етті

9 маусым күні Ақтөбе қаласындағы Есет батыр тұрғын үй алабындағы салынып жатқан құрылыс алаңынан түнгі сағат 12-де баланың мәйітін тапқан осы аумақтың күзетшісі полицияға қоңырау шалған. Облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің басшысы Ардана Саймағамбетовтың айтуынша, баланың «көп қан жоғалтып, басы, денесі, қолы мен аяғында жұлынған жарақаттары түрінде зорлықпен өлу дерегі бар» екендігі анықталған. Былайша айтқанда, денесінің сау-тамтығы қалмаған, ит талаған. Сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстан • 12 Маусым, 2022

Адамдар ақбөкенді түсінбейді

Соңғы санақ бойынша, ел аумағында 1 млн 318 мың бас киік бар екен. Қазақ жерін ежелден мекен­дейтін осы жануар жаз жайлауы мен қыс қыстауы ерекшелігіне байланысты Бетпақдала, Үстірт, Орал тобына бөлінеді. Қазіргі таңда даламызды мекен­дейтін Үстірт киіктерінің саны – 28 мың, Бетпақдала тобы – 489 мың, Орал тобы 801 мың басты құрайды.

Референдум-2022 • 05 Маусым, 2022

Ақтөбеліктердің белсенділігі жоғары

Ақтөбе облысында 517 сайлау учаскесі болса, өңірде дауыс беру құқығы бар 560 мың адам тіркелген. Ел Конституциясына енгізілетін өзгерістер бойынша өткізіліп жатқан жалпыхалықтық референдумда  ақтөбеліктер белсенділік танытуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Референдум-2022 • 02 Маусым, 2022

Халық пен биліктің диалогы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде конституциялық реформаларды түсіндіру мәселелеріне арналған «Қазақстанда референдум өткізілуінің мақсаттары мен міндеттері» атты дөңгелек үстел өтті. Университет ұстаздары мен студенттері еліміз саяси өзгерістерді бастан кешіріп жатқан қазіргі уақытта әрбір тұрғынның дауысы маңызды екендігін баса айтты.

Аймақтар • 30 Мамыр, 2022

Ырғыздың ырыздығын көре алмай отыр

Ырғыз ауданының даму қарқыны, жыл соңына дейін аяқталуға тиіс әлеуметтік жобалар өңір басшысы Оңдасын Оразалин мен облыстық мәслихат, қоғамдық кеңес мүшелерінің ауданның бірнеше елді мекенін аралау сапарында пысықталды. Былтырдан бері ауданда әлеуметтік инфрақұрылым жүргізу ерекше қарқын алды. Соның нәтижесінде ауданның 18 елді мекенінің 16-сы сапалы ауыз сумен, 5 елді мекені көгілдір отынмен қамтамасыз етілді.