Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ
Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
364 материал табылды

Аймақтар • 04 Сәуір, 2022

Еріген қар суы елдің есін шығарды

Наурыздың соңғы күні Ақтөбе облысында күннің күрт жылынуынан қар бірден еріп, Ақтөбе қаласының Батыс, Әуеқалашық, Сельмаш аудандары, Ақтөбе хром қосындылары зауытына қарасты бау-бақша ұжымдарындағы тұрғын үйлерді, Құрашасай елді мекені мен Қанағат, Бауырластар тұрғын үй алабын су басып қалды.

Бизнес • 03 Сәуір, 2022

Әлеуметтік кәсіпкерліктің жүгі ауыр

«Әлеуметтік кәсіпкерлік: қоғам мен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер» атты Ақтөбеде өткен жиынға Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен елорда кәсіпкерлері, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының қатысушылары, үкіметтік емес ұйымдар, сарапшылар қатысты.

Аймақтар • 28 Наурыз, 2022

Орман алқабы көбейтіледі

Ақтөбе облысы – еліміздегі жасыл желегі аз өңірлердің бірі. Аймақта мемлекеттік орман қорының жалпы аумағы 500 мың гектардан сәл-ақ асады. Өңірде жеті орман шаруашылығы мекемесі бар. Алдағы бес жылда елімізде 2 млрд түп ағаш отырғызу жөніндегі Президент тапсырмасын орындау үшін былтыр өңірлік жоспар құрылды. Кешенді жоспарға сәйкес, Ақтөбе облысында алдағы бес жылда 30 744 гектар алқапқа 61 млн түп ағаш отырғызу керек. Өткен жылы 1 200 гектар жерге 2 млн түп көшет отырғызылды. Биыл осы жұмыс тағы да жалғасын табады.

Қазақстан • 15 Наурыз, 2022

Өндіріске – жабық, майнингке – ашық

Қаржы мониторингі агент­тігі еліміздің әр өңі­рінде заңсыз түрде жұмыс істеген 13 майнинг фермасын анықтады. Бұл Президент Қ.Тоқаевтың ел аумағындағы барлық майнинг фермаларының салықтық және кедендік төлемдерін тексеріп, келі­сімшарттары мен тех­никалық негіздемелерін 15 наурызға дейін анық­тау тапсырмасынан кейін ғана мүмкін бол­ды. Криптовалюта биз­не­­сімен айналысушы май­­нерлер қызметінің заң­­дылығын тексеруге қаржы мониторингі агент­тігімен бірге прокура­тура қызметкерлері де кірісті.

Бизнес • 10 Наурыз, 2022

Кәсіпкерлік дамымаса, ауыл түзелмейді

Былтыр Ақтөбе облысының 15 елді мекені көгілдір отынмен қамтылса, биыл сәуірден бастап 500-ге дейінгі тұрғыны бар он шақты ауылға құбыр тарту жұмыстары басталмақ.

Аймақтар • 01 Наурыз, 2022

Су қоймаларында қардың көлемі аз

Көктемгі су тасқынына дайындыққа Ақтөбе облысында 250 млн теңге бөлінді. Қазір елді мекендерден 171 мың тонна қар шығарылып, 70 тонна жанар-жағармай қоры жинақталды, су басу қаупі бар жерлерге 400 техника жұмылдырылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақтөбе облыстық ТЖД басқарма басшысының орынбасары Қайрат Қасым баяндады.

Театр • 23 Ақпан, 2022

«Ер Едіге» – сахна төрінде

Ақтөбе облыстық драма театрында ақын Светқали Нұржанның авторлығымен жазылған «Ер Едіге» тарихи драмасының алғашқы қойылымы болды. Режиссері – Данияр Базарқұлов. Күллі Дешті Қыпшақ даласына ортақ батырға арналған этно-фольклорлық тарихи драма Алтын Орданың 750 жылдығына арналған.

Қоғам • 18 Ақпан, 2022

Қалта ұрлығы мен алаяқтық көбейген

Өткен жылы Ақтөбе облысында тіркелген әрбір қылмыстың төртіншісі – алаяқтыққа қатысты қылмыстар. Бұл туралы Полиция департаменті бастығының орынбасары Мұрат Сейталин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Соңғы уақытта адамдардың аңқаулығын пай­даланып, сеніміне кіріп, телефон арқылы жеке мәліметтерін пай­даланып, тақырға отырғызып кетіп жатқандар тіпті көбейіп ба­рады.

Тарих • 16 Ақпан, 2022

Қарағашта қалған іздер

Ахмет Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси және ағартушылық қызметінің іздері Ақтөбе өңірінде қалса да, сол кезең куәгерлерінің естеліктері дер кезінде жинақталмай қалған. Ұлт ұстазының мектебінен оқып, тәрбие алған қариялар Мұғалжар, Алға, Темір аудандарында көп ұшырасатын. Бұлай дейтініміз, 1895 жылы Орынбор мұғалімдер семинария­сын бітірген 23 жастағы жас ұстаз Ақтөбе уезінің Қарағаш болысындағы Батпақты ауылында ашылған 4 басқыштық мектепте екі жыл сабақ беріп, осы төңіректегі талай баланың сауатын ашты. 

Аймақтар • 15 Ақпан, 2022

Даму бюджеті мен дағдарыс бюджетінің арасы

Алға ауданының мәселесі көп. Біріншіден, өндірісі жоқ, дотацияда отырған аудан. 29 елді мекені бар. Былтыр 1 млрд 455 млн теңге салық жиналса, биыл салық базасын 1 млрд 600 млн теңгеге ұлғайтқан. Облыстық, республикалық бюджеттен аударылатын субвенциямен қосқанда, аудан бюджеті 9 млрд 400 млн теңгеге толыққан.