Білім • 25 Қазан, 2024
Ақтөбе қаласының іргесіндегі Қызылжар елдімекенінде 371 оқушыға арналған жаңа мектептің ашылу салтанаты болды. Мектеп құрылысын «Номад Құрылыс Компаниясы» ЖШС-і жүргізді. Екі қабатты ғимараттың ауданы 3000 шаршы метрден асады және үш блокқа бөлінген. Алғашқы екі бөлігінде оқу ғимараты, ал үшінші бөлігінде шеберханалар, спорт залы, акт залы және асхана орналасқан. Оқу кабинеттері барлық талапқа сай жабдықталған. Қызылжар мектебінің құрылысына 1,8 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 23 Қазан, 2024
Республика күні қарсаңында Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округіне қарасты Жарық ауылы магистральды газ құбырына қосылды. Екі жыл бұрын басталған газ тарту жұмыстарын «A.T.E-ЖОЛ» ЖШС-і аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Қазан, 2024
«Ауыл аманаты» жобасының қатысушылары жергілікті бюджетке 93,3 млн теңге мөлшерінде салық төледі. Сондай-ақ елді мекендерде екі мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл жөнінде облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Әуез Тайымбетов мәлімдеді.
Аймақтар • 06 Қазан, 2024
Болашақ дәрігерлер де белсенділік танытты
18 жастағы Мерей Рысмағанбетова Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің №1 оқу ғимаратында орналасқан № 56 референдум учаскесінде алғаш рет дауыс берді деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 26 Қыркүйек, 2024
Қарғалы ауданы Бадамша мектеп-бөбекжай бақшасының 7-сынып оқушысы Артур Нечаев ұялы телефондар мен портативті қондырғыларды кез келген жерде қуаттауға арналған термоэлектрлік генератор ойлап тапты.
Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2024
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Ақтөбе – Қандыағаш», «Шалқар – Бейнеу» тасжолдарының апатты жағдайы Көлік министрі Марат Қарабаевтың өңір тұрғындарымен кездесуінде көтерілді. Биылдан бастап Ақтөбе облысының 124 шақырым автокөлік жолы жөнделеді. Оған республикалық бюджеттен 65 млрд теңге қаржы бөлінді.
Digital • 20 Қыркүйек, 2024
Мобильді қосымша жасаған оқушы
Ақтөбе қаласындағы Ұзақбай Құлымбетов атындағы №64 мектептің 7-сынып оқушысы Даниял Құрманғали Ахмет Байтұрсынұлы туралы толыққанды мағлұмат беретін мобильді қосымша әзірледі.
Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2024
Ойыл ауданындағы көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Ақкемер ауылының 16 тұрғыны жаңа баспанаға кірді. Аумағы 80 шаршы метр болатын 3 бөлмелі тұрғын үйлердің құрылысы Eurasian Resources Group (ERG) компаниясы бөлген қаражатқа салынып, құрылыс жұмыстарын «Hause Master Aktobe» мердігер компаниясы жүргізді.
Еңбек • 12 Қыркүйек, 2024
Шалқар ауылдық округінің Жылтыр және Талдықұм ауылдарында бірнеше шаруа қожалығы, 18 жеке кәсіпкер, 3 кооператив тіркелген. Ауылдағы жеке кәсіпкерлер төрт түлік малдың өнімдерін ұқсатып, құрт-май, ірімшік-сүзбе жасап, қымыз ашытып, түрік айранын шығарып отыр. Олар артылғанын Шалқар қаласына, көршілес аудандарға, облыс орталығына сатылымға шығарады. Жылтырда көлік жөндеу орталығы, тігін цехы да ашылған. 700-ге жетер-жетпес адамы бар ауылда екі жыл ішінде «Ауыл аманаты» жобасымен 129 млн теңгенің 20 жобасы мақұлданған. Мектебінің 89 оқушысы бар.
Өндіріс • 09 Қыркүйек, 2024
Ел металлургиясындағы ең заманауи өндіріс онжылдығын атап өтті
ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауытының №4 балқыту цехы онжылдық мерейтойын атап өтті. Қазақстан металлургиясының алғашқы қарлығашы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының №4 балқыту цехы аймақтағы ең ірі инвестициялық жобалардың бірі.