Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
237 материал табылды

Референдум-2022 • 02 Маусым, 2022

Халық пен биліктің диалогы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде конституциялық реформаларды түсіндіру мәселелеріне арналған «Қазақстанда референдум өткізілуінің мақсаттары мен міндеттері» атты дөңгелек үстел өтті. Университет ұстаздары мен студенттері еліміз саяси өзгерістерді бастан кешіріп жатқан қазіргі уақытта әрбір тұрғынның дауысы маңызды екендігін баса айтты.

Аймақтар • 30 Мамыр, 2022

Ырғыздың ырыздығын көре алмай отыр

Ырғыз ауданының даму қарқыны, жыл соңына дейін аяқталуға тиіс әлеуметтік жобалар өңір басшысы Оңдасын Оразалин мен облыстық мәслихат, қоғамдық кеңес мүшелерінің ауданның бірнеше елді мекенін аралау сапарында пысықталды. Былтырдан бері ауданда әлеуметтік инфрақұрылым жүргізу ерекше қарқын алды. Соның нәтижесінде ауданның 18 елді мекенінің 16-сы сапалы ауыз сумен, 5 елді мекені көгілдір отынмен қамтамасыз етілді.

Аймақтар • 30 Мамыр, 2022

Цифрландыру жобаларымен танысты

Цифрлық даму, инновация­лар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Ақтө­беге келген сапарында өңірдегі цифр­ландыру жобасының қарқы­нымен танысты. Министр ең әуелі Арнаулы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орта­лығына келіп, жүргізушілік куә­лік алуға сынақ тапсырып жатқан ақтөбеліктермен пікірлесті.

Аймақтар • 27 Мамыр, 2022

Ырғыз ауданының екі ауылына газ беріледі

Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Ырғыз ауданына жұмыс сапарында Қызылжар және Құтикөл ауылдық округтері тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Спорт • 18 Мамыр, 2022

Елдің атын намысты ұландар шығарады

Ақтөбе облысындағы 31 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тең жартысы аудан орталықтарында орналасқан. Осы мектептерде 52 кәсіби спорт түрімен 20 329 бала айналысса, соның ішінде 28 олимпиадалық спорт түрімен – 15 740, 16 олимпиадалық емес спорт түрімен 2 141 жеткіншек шұғылданады. Өңірде 18 жасқа дейінгі 179 мың бала бар. Салыстыра келгенде, мектеп жасындағы әрбір 8-ші баланың ғана кәсіби спорт мектебінде жаттығатынын көреміз.

Аймақтар • 29 Сәуір, 2022

«Ұлттар фестивалінде» студенттер сайысты

Қазақстан халқы бірлігі күні қарсаңында өңірдегі студенттік шығармашылық ұжымдар арасында «Ұлттар фестивалі» байқауы өтті. Шараға өңірдегі жоғары оқу орындары мен техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарының арасынан іріктеліп шыққан сегіз команда қатысты.

Экология • 20 Сәуір, 2022

Көл мен сор

47 мың тұрғыны бар шөлді аймақта орналасқан Шалқар ауданының негізгі мәселесі – су тапшылығы және Мұғалжар қыраттарының бұзылуынан төніп келе жатқан экологиялық апат. Оның үстіне жылма-жыл Арал жақ беттен құм көшкіні де жақындап келеді. Есте жоқ ескі заманнан бері осы жердің иесі, көне Орал тауларының қарт сілемдерінің бірі – Мұғалжар бөктері 10-15 жылдан бері қиыршық тас түрінде ұнтақталып жатыр.

Аймақтар • 18 Сәуір, 2022

Түркістанда Ақтөбе облысының күндері өтті

Сәуірдің 14-15 күндері Түркістан қаласында Ақтөбе об­лысының мәдени күндері өтті. «Рухани жаң­ғыру» бағдар­ламасының бесжылдығына арналып ұйымдас­тырылған осы іс-шарада жергілікті тұрғындар Ақтөбе облысының этнографиялық көрмесін, дәстүрлі орын­даушылардың жыр-термелерін тамашалап, облыстық-тарихи өлкетану музей қорына әр кезеңде жинақталған сирек экспонаттарымен танысты. Қаланың Экобазар аумағында ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өтіп, оған ақтөбелік шаруалардың қолынан шыққан ет-сүт өнімдері, көкөністер мен кондитерлік тағамдар ұсынылды.

Аймақтар • 12 Сәуір, 2022

Далалық өзендер тасып жатыр

Бүгінде Ақтөбе қаласын басқан қызыл судың екпіні қайтқандай болды. Сәуірдің алғашқы күндері қала іргесіндегі Печанка, Елек, Сазды өзендерінің күрт көтерілуінен бау-бақша ұжымына қарасты бірнеше тұрғын үйді су басқан еді.

Аймақтар • 11 Сәуір, 2022

Музейдегі құстар

Сәуірдің алғашқы күндері дүние жүзінде аталып өтетін Халықаралық құстар күні табиғат жанашырлары қанатты тіршілік иелерінің қазіргі жағдайы, олардың қорғалуы туралы кеңес құрады. Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің табиғат залында осы күнге орай «Құстар — табиғат көркі» атты көрме ашылып, оған Ақтөбе облысы аумағында тіршілік ететін 40-қа жуық құстың тұлыбы және құрқылтайдың, бөдененің ұялары қойылды.