
Қоғам • 18 Ақпан, 2022
Қалта ұрлығы мен алаяқтық көбейген
Өткен жылы Ақтөбе облысында тіркелген әрбір қылмыстың төртіншісі – алаяқтыққа қатысты қылмыстар. Бұл туралы Полиция департаменті бастығының орынбасары Мұрат Сейталин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Соңғы уақытта адамдардың аңқаулығын пайдаланып, сеніміне кіріп, телефон арқылы жеке мәліметтерін пайдаланып, тақырға отырғызып кетіп жатқандар тіпті көбейіп барады.
Тарих • 16 Ақпан, 2022
Ахмет Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси және ағартушылық қызметінің іздері Ақтөбе өңірінде қалса да, сол кезең куәгерлерінің естеліктері дер кезінде жинақталмай қалған. Ұлт ұстазының мектебінен оқып, тәрбие алған қариялар Мұғалжар, Алға, Темір аудандарында көп ұшырасатын. Бұлай дейтініміз, 1895 жылы Орынбор мұғалімдер семинариясын бітірген 23 жастағы жас ұстаз Ақтөбе уезінің Қарағаш болысындағы Батпақты ауылында ашылған 4 басқыштық мектепте екі жыл сабақ беріп, осы төңіректегі талай баланың сауатын ашты.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2022
Даму бюджеті мен дағдарыс бюджетінің арасы
Алға ауданының мәселесі көп. Біріншіден, өндірісі жоқ, дотацияда отырған аудан. 29 елді мекені бар. Былтыр 1 млрд 455 млн теңге салық жиналса, биыл салық базасын 1 млрд 600 млн теңгеге ұлғайтқан. Облыстық, республикалық бюджеттен аударылатын субвенциямен қосқанда, аудан бюджеті 9 млрд 400 млн теңгеге толыққан.
Аймақтар • 07 Ақпан, 2022
Қайтарымсыз грант – оңды-солды ақша үлестіру емес
Заманауи ауылдардың сәні – жаңа мектеп, балабақша, амбулатория, клуб, спорттық нысандармен бірге сапалы ауыз сумен қамту, көгілдір отын жүргізу, жоғары жылдамдықтағы интернет байланысы. Бір сөзбен айтқанда, әлеуметтік және инженерлік сапалы инфрақұрылымдар – ауылға адамдарды тұрақтандыруға негіз. Тағы бір басты мәселе – елді мекендерде мал шаруашылығы мен кәсіпкерлікті жандандыру, соның ішінде өнім өндіруші, өңдеуші ірілі-ұсақты шаруашылықтар санын арттыру. Сонда ғана тұрақты жұмыс орындары құрылып, ауыл бюджеті толығып, елдің еңсесі көтерілері анық.
Қоғам • 02 Ақпан, 2022
Кедейлік шегі жалаң статистикамен өлшенбейді
Президент Қ.Тоқаев 11 қаңтарда Мәжілісте сөйлеген сөзінде Үкіметке «Ауыл – ел бесігі» және кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған «Бизнестің жол картасы» бағдарламалары шеңберінде еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерінің тұрғындары үшін мақсатты жобалар әзірлеуді тапсырды. Мұның аясында «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны» жобалары арқылы жұмыссыз жастарды еңбекке ынталандыру, жаңа жұмыс орындарын ашуды құзырлы органдарға жеделдете іске асыруды міндеттеді.
Коронавирус • 25 Қаңтар, 2022
Вирусқа шалдыққандар көбейіп барады
Covid-19 инфекциясының таралуы бойынша бір аптадан бері «қызыл аймақта» тұрған Ақтөбе облысында 19 қаңтарда – 459, 20 қаңтарда 586 науқас тіркелді. Осылайша екі тәуліктің ішінде күнделікті өсім 127 адамға жетті. Үй карантиніне 5 608 адам алынған.
Аймақтар • 18 Қаңтар, 2022
16 қаңтардан бастап Ақтөбе облысында төтенше жағдай режімі алынып тасталды. Өткен аптадағы дүрбелеңнен кейін елмен бірге ес жинай бастаған өңір тұрғындары да біртіндеп бейбіт тіршілікке оралып жатыр.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2022
Коменданттық сағатты бұзғандар
Ақтөбе қаласында 4-5 қаңтарда жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін 3 адам қамауға алынып, 4 тұрғынға қатысты бұлтартпау шарасы қарастырылды. Қазіргі уақытта осы 7 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2021
«Еркін күшке» газ келіп, «Есет батырда» амбулатория ашылды
Алға ауданы Тамды ауылдық округіне қарасты «Еркін күш» ауылына газ құбыры тартылды. Бұл Ақтөбе облысы бойынша биылдыққа көгілдір отын жеткізілген он бесінші ауыл. Биылғы жылдың басынан бері 8 мыңға жуық тұрғыны бар 14 елді мекенге газ құбыры жеткізіліп, ауыл тұрғындарының бейнеті азайғанын айта кеткен жөн. Осылайша, Ақтөбе облысы тұрғындарының 92,5%-ы көгілдір отынмен қамтылып, газдандыру көрсеткіші бойынша өңір елімізде бесінші орынға көтерілді. Ал Nur Otan партиясының Жол картасында 2025 жылға дейін облыстың 104 елді мекенін газбен қамту жоспарланған.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2021
Жан басына қаржыландыру қалай жанданады?
Жақында ғана облыстық мәслихат депутаттары бекіткен Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған Аумақтық даму бағдарламасында тұрғындардың әл-ауқатын арттыру индикаторы санатына жеткіншектердің сапалы білім алуы мен денсаулығын қалыпты ұстау көрсеткіштері де кірді. Соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасындағы семіздікке шалдыққандар санын азайту, 14 пен 18 жас аралығындағы жеткіншектерді жаппай спорттық үйірмелерге тарту, мүмкіндігі шектеулі балалардың инклюзивті білім алуы мен спортпен айналысуына жағдай туғызу жолдары қамтылды.