Жәдігер • 28 Мамыр, 2024
Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті батыры Есет Көтібарұлының мылтығы сақтаулы. Оны Есеттің туған інісі – Дәрібайдың шөбересі Шәмеш Сейтмәмбетов аудандық музейге 1992 жылы тапсырған.
Аймақтар • 24 Мамыр, 2024
Ақтөбе облысындағы Ақтөбе, Үлкен Борсық, Қарабұтақ, Мәртөк, Темір, Ойыл, Қобда, Орқаш, Байғанин орман қорғау мекемелерінің 500-ден аса қызметкері өздеріне бекітілген аумақтарда экологиялық акция өткізді.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2024
Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды қолдау шаралары жалғасып жатыр. Бұл күндері үйіне су кіріп, дүние-мүлкі бүлінген 3 371 отбасы 1,1 млрд теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем алса, 651 отбасыға жаңа үй салынып, 398 отбасына сатып алынбақшы. Әйтеке би, Қобда, Ойыл, Мұғалжар, Темір аудандарында үйлері тұруға мүлде жарамсыз болып қалған тұрғындарға аумағы 80 шаршы метр болатын типтік үлгідегі үйлер салынады.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2024
Ақтөбе қалалық №2 сотында «Сафина» құрылыс компаниясының екі басшысына қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Осы компанияның директоры Жарасханов пен үлескерлік құрылыс инвесторы Каримов Қылмыстық кодекстің алаяқтық және ірі көлемдегі бөтеннің мүлкін иелену бабымен айыпталып отыр.
Білім • 22 Мамыр, 2024
Ұлттық ұлан жауынгерлері білім грантын иеленді
ҚР Ұлттық ұланның Ақтөбе қаласында орналасқан 6655 әскери бөлімі сарбаздарына еліміздің бірқатар жоғары оқу орындарына түсу гранттары табысталды. Арнайы білім гранттары жауынгерлік қызмет барысында ерекше көзге түскен сарбаздарға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Энергетика • 21 Мамыр, 2024
Қымбат тариф кәсіпкерлікке кедергі: Ақтөбеде жарық тапшылығы жоқ, бірақ баға аспандап тұр
Облыстық кәсіпкерлер палатасында электр энергиясына тарифтің көтерілуіне байланысты туындаған шағымдар қаралды. Өткен жылдың соңында энергиямен жабдықтау саласындағы делдалдар қызметіне шектеу қою мақсатында Энергетика министрлігінің жанынан қуат таратушы бірыңғай оператор құрылды. Соның нәтижесінде биыл сәуірден бастап еліміздегі электр энергиясын тарату жүйесінің 18%-ын иеленген «реттелмеген» компаниялар нарықтан кетті.
Аймақтар • 09 Мамыр, 2024
Ақтөбеде жалғыз майдангер қалды
2015 жылы 1 қаңтарда Ақтөбе облысында 176 майдангер тұрса, биылғы Жеңіс күнін жалғыз ардагер ғана қарсы алмақшы. Соғыстың соңғы сарбазы Василий Грецкий Жеңіс күні 2 миллион 500 мың теңге сыйлық алады.
Қоғам • 07 Мамыр, 2024
Ақтөбе облысы бойынша су тасқыны жағдайы бірқалыпты. Тек Ырғыз ауданының Нұра, Белшер, Құйылыс ауылдарына Торғай өзенінен төнетін қауіп сейілген жоқ. Ауыл іргесіндегі бөгеттерді нығайту жұмыстарына облыс орталығынан әскери құрам сарбаздары көмекке келді.
Жәдігер • 04 Мамыр, 2024
Нұра ауылынан табылған индрикотерий
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің Табиғат залында 35-40 млн жыл бұрын біздің жерімізді мекендеген индрикотерий мүйізтұмсығының шағын бейнесі тұр. Ал Ұлттық музейдің Палеонтология залында тұрған осы жануардың алып бейнесі Ю.А.Орлов атындағы Мәскеу палеонтология музейіндегі түпнұсқадан жасалған көшірме.
Талбесік • 30 Сәуір, 2024
Ақтөбе облысында жаппай ағаш отырғызу акциясына мемлекеттік органдар қызметкерлері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, ЖОО оқытушылары мен студенттері, ірі кәсіпорындар ұжымы қатысып, бір күнде 7 мың көшет екті.