Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ
Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
346 материал табылды

Саясат • 18 Қаңтар, 2023

Партия бастамасының нәтижесі

Ақтөбе облысы Президенттің сайлауалды бағдарламасындағы ауыл тұрғындарының табысын арттыру жөніндегі бастамаларын жүзеге асыруға алғашқылардың бірі болып кірісті. Бұл жұмысқа «Amanat» партиясы белсенді атсалысып келді.

Тарих • 17 Қаңтар, 2023

Өлке тарихының ақтаңдақ беттері

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия мүшелері Ақтөбе облыстық полиция департаментінің арнайы мұрағатындағы қылмыстық істер құжаттарының мемлекеттік мұрағатқа жіберілуіне қатты алаңдап отыр. Екі жыл ішінде қуғын-сүргін құжаттарын түгел қарап шығуға уақыт жетпеді.

Оқиға • 13 Қаңтар, 2023

Кеппешөп көрмесі

Дәрілік өсімдіктер жойылып кетудің алдында тұр Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде өңірдің өсімдіктер дүниесіне арналған көрме өтті. Онда әр жылдары жинақталып, гербарийлер түрінде музей қорында сақталған эндемик, дәрілік, Қызыл кітапқа енген өсімдіктердің 100-ден астам түрі қойылды. Музей қорындағы ең ұзақ сақталған гербарий – 1923 жылы Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының өкілдері Мұғалжар тауының бөктерінен алынған астық тұқымдас өсімдік түрі. Сондай-ақ 1925 жылы тапсырылған гербарий де жақсы сақталған.

Саясат • 27 Желтоқсан, 2022

Мүдде – ортақ, мақсат – бір

«Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігі» респуб­ли­ка­лық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеубек Мұқашев Ақтөбе өңіріне жұмыс сапары кезінде аудандық, қалалық және облыстық мәслихат депутаттарымен Президенттің сайлауалды бағдарламасын қолдау бойынша кездесу өткізді.

Қоғам • 12 Желтоқсан, 2022

Әділетті қаланы халық жасайды

Ақтөбеде еліміздің және ТМД елдерінің урбанистика саласындағы сарапшылары, сәулетшілер, мемлекеттік компаниялар мен қаржы институттары өкілдерінің қатысуымен «Urbathon Aktobe – әділетті қалалар» урбанистер форумы өтті. Жайлы қала ортасын қалыптастырудың заманауи трендтері, әр қаланың өзіндік мәдени кодын жасау мәселелері талқыланған жиынды Q-88 қазақстандық урбанистер қауымдастығы, QazUrban қала құрылысын дамытуға жәрдемдесу қауымдастығы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Ақтөбе облысы әкімдігі ұйымдастырды.

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2022

Қатайған жүректі жібітетін еріктілер

Осыдан бірнеше жыл бұрын өмірдің түрлі қиындықтарына кезіккен жандарға көмек қолын созуды бастаған волонтерлік топтар бүгінде қоғамдағы белсенді күшке айналды. 2020 жылы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың ұсынысымен волонтерлер жылы болып бекітілгеннен кейін елімізде еріктілер қозғалысының тынысы ашылды. Оған дейін қайырымды жастардың алдынан үнемі кедергілер кездесіп, көпшілік жұрт еріктілердің іс-әрекетін түсінбей де жүретін.

Тарих • 28 Қараша, 2022

Ақтөбенің таста таңбаланған тарихы

Ақтөбеде «Еуразия тарихы мен мәдениеті аясындағы Арал-Каспий аймағы» атты ІІІ халықаралық ғылыми конференция өтті. Оған осы тақырыпты зерттеп жүрген білікті мамандар мен шетелдік сарапшылар қатысты.

Қоғам • 22 Қараша, 2022

Жаңа газ турбинасы

Ақтөбе жылу электр орталы­ғында қуаттылығы 57 МВт-қа тең жаңа газ турбиналық қондырғы іске қосылды. Сал­танатты іс-шараға Ақ­төбе облысының әкімі Ералы Тоғ­жанов, Энергетика вице-министрі Жандос Нұр­ма­ған­бетов, Еуразиялық даму бан­кінің басқарушы директоры Александр Гареев қатысты.

Аймақтар • 21 Қараша, 2022

Ақтөбедегі әлеуметтендіру орталығы

Ақтөбе қаласында аз қамтылған, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған отбасыларды өмірге бейімдеумен айналысатын «Бақытты отбасы» орталығы ашылды. Орталықтың ашылу рәсіміне елімізде табысты тірлігімен құрметке бөленіп жүрген көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі аналар қатысып, ақтөбелік қыз-келіншектерге шеберлік сабақтарын өткізді.

Сайлау • 20 Қараша, 2022

Әлем чемпионы жарыстан орала сала дауыс берді

Каратэден  Әлем және Еуропа чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Ақтөбе қаласының және Алға ауданының құрметті азаматы Әшім Қали отбасымен Ақтөбе қаласындағы Индустриальды колледж ғимаратында орналасқан №39 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.