Фархат ҚАЙРАТҰЛЫ
Фархат ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
655 материал табылды

Өнім • 25 Маусым, 2023

Желімнің жаңа түрі

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ғылыми қызметкерлері қолжетімді қымбат емес шикізат негізінде тиімді тығыздағыш және желімдегіш материалдардың отандық рецептураларын жасап жатыр. Отандық өндірістің герметиктері мен желімдерінің құны арзан әрі көп еңбекті де қажет етпейді. Сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын арттырмақ.

Білім • 23 Маусым, 2023

ҰБТ: Төрт апта түйінделді

Негізгі ұлттық бірыңғай тестілеу басталғаннан бері 169 мың реттен астам тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 74 пайызы – қазақ тілінде, 26 пайызы – орыс тілінде, 0,1 пайызы ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

Білім • 20 Маусым, 2023

Университеттік және академиялық ғылым ынтымақтастығының жаңа деңгейі

Бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясы ҚР Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ректорлар Кеңесі арасында, сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен ынтымақтастық туралы екі келісімге қол қойды. Тараптар қолға алынған іргелі және қолданбалы зерттеулердің сапасын, ғалымдардың отандық экономиканы жаңғыртуға және қазақстандықтардың әл-ауқатының арттыруға қосатын үлесін арттыру мақсатында университет пен академиялық ғылымның әлеуетін біріктірмек.

Білім • 15 Маусым, 2023

Шекті балл белгілі

Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Ұлттық тесті­леу орталығы 2023-2024 оқу жылына отандық жоғары оқу орын­дар­дарына түсуге арналған ҰБТ-ның шекті ұпайларын жариялады.

Білім • 14 Маусым, 2023

ҰБТ: үш аптаның қорытындысы

Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 127 мыңнан астам тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 74 пайызы – қазақ тілінде, 26 пайызы – орыс тілінде, 0,1 пайызы ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

Қоғам • 14 Маусым, 2023

Тәрбиешілердің жалақысы өседі

Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2020-2023 жылдары тәрбиешілердің жалақысы жыл сайын 25 пайызға өсті. 2023 жылғы 1 қыркүйек­тен бастап тағы 30 пайызға өседі. Осылайша, еліміздегі 97 мыңнан астам педагогтің жалақысы 2,5 есе артады.

Технология • 14 Маусым, 2023

Моңғолия технопаркімен ынтымақтастық

«Astana Hub» халықаралық тех­нопаркі Моңғолияның Ұлттық ақ­параттық технологиялар паркі­мен байланыс орнауға бейілді. Алғаш­қы қадам да жасалды. Ұланбатыр­да өткен «ICT Expo Mindgolia 2023» ақ­па­раттық технологиялар мен байланыс саласындағы ірі іс-ша­­рада «Astana Hub» бас дирек­­торы Мағжан Мәдиев пен Моң­ғо­лия ұлттық технопаркінің дирек­торы Жаргалсайханы Золзая өзара ынты­мақтастық туралы мемо­рандумға қол қойды.

Қоғам • 13 Маусым, 2023

«Coursera»-ның қазақша дәрістері

«Coursera» қазақ тілінде» жобасы аясында әлем профессор­ларының курстарын қазақ тіліне аудару басталды. Бұл туралы «Coursera» компаниясының бас атқарушы директоры Джефф Маджонкальдамен болған кездесуде мәлім болды.

Қоғам • 11 Маусым, 2023

Мақсат – Smart инвесторлар табу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 35-пленарлық отырысы аясында «Astana Hub» халықаралық технопаркінің қатысушылары өздерінің IT-жобаларын таныстырды.

Ғылым • 07 Маусым, 2023

Жол құрылысына да ғылым керек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің бірінші отырысында дамыған елдердегі кәсіпорындардың жартысынан көбі бесінші технология­лық деңгейге, сондай-ақ 5 пайызы алтыншы деңгейге жеткенін айтып, елімізді үздіктердің қатарына қосу үшін ғалымдарға айрықша міндет жүк­теген болатын. Озық технология­лармен біте қайнасып жатқан бұл заманда кез келген кәсіпті ақылмен басқармасаң, ұпай түгендеу қиын. Бірақ бабын таба білсең, табыс сыры ғылымда жатыр. Елімізде ғылым мен өнеркәсіптің тығыз байланысы әсіресе жол құрылысында аса өзекті. Осы тұста Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты Жол құрылыс материалдары мен жаңа технологиялар бөлімінің басшысы, химия ғылымдарының PhD Салтанат ӘШІМОВАНЫ әңгімеге тартқан едік.