Фархат ҚАЙРАТҰЛЫ
Фархат ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
655 материал табылды

Технология • 06 Маусым, 2023

Ғарыштық технология стартаптары

Алматыдағы «Central Eurasian Venture Forum» аясында ұйымдастырылған «Space Tech Battle» стартаптар жарысында ғарыштық технологияларды дамытуға бағытталған үздік 10 IT-жоба бақ сынасты. Осы саладағы сарапшылар мен инвесторлардан құралған қазылар алқасы 10 жобаның ішінен үш жеңімпазды анықтады.

Елорда • 02 Маусым, 2023

Ортақ әліпби туыстықты тереңдетеді

Түркі академиясы Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) хатшылығының, Түрік тілі қоғамының және Ататүрік атындағы мәдениет, тіл және тарих бас мекемесінің қолдауымен Астана қаласында Түркі әлемі ортақ әліпбиі комиссиясының бірінші отырысын өткізді. Жиынға комиссия мүшелері, түркі елдеріндегі тіл білімі ғылыми зерттеу институттарының қызметкерлері, осы салада жұмыс істейтін өзге де мамандар қатысты.

Қазақстан • 01 Маусым, 2023

Интернет жылдамдығы: Біздің ел көш бастап тұр

Қазақстан Орталық Азия мен Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында ин­тер­неттің жылдамдығы бойынша көш бас­тап тұр. Осы жылдың сәуір айының қоры­тындысында интернет жылдамдығы рей­тингінде еліміз 11 сатыға көтеріліп, 72-ші орынға тұрақтады. Бізбен іргелес һәм одақтас елдер ішінде Армения – 80-ші, Қырғызстан – 83-ші, Ресей – 89-шы, Өзбекстан – 104-ші, Беларусь –126-шы, Тәжікстан129-шы орынды иеленген.

Инфографика • 01 Маусым, 2023

Оқу жылы аяқталды

Сонымен кезекті оқу жылы да аяқталды. Кеше оқушылар мектептегі соңғы сабақтарын өткізді. Ал бүгін білім ошақтарында соңғы қоңырау соғылады. Алда – 90 күндік демалыс.

Үкімет • 29 Мамыр, 2023

Сараптама нарығын алаңдатқан құжат

Биыл сәуір айында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылыс жобаларын сараптау нарығына қатысты бұйрығының жобасы шыққан-ды. Бұл құжатта Ғимараттар мен құрылыс нысандарын техникалық және технологиялық жағынан күрделі нысанға жатқызу ережесіне өзгеріс енгізу қарастырылған. Іле-шала «Сараптама ұйымдары палатасы» аккредиттелген сараптамалық ұйымдардың кәсіби бірлестігі аталған құжаттың теріс әсері болатынын айтып, қарсылық танытты.

Әлем • 23 Мамыр, 2023

Кремний алқабында оқып жүр

Қазақстан, Түркия, Қырғызстан және Моңғолиядан келген 15 стартап Кремний алқабында бес апталық «Hero Training» бағдарламасы бойынша оқуды бастады. Олар «Astana Hub» және «Draper University» халықаралық технопаркінің «My Ventures»-пен серіктестікте бірлескен преакселерациялық бағдарламасының нәтижелері бойынша іріктеліп алынған.

Білім • 23 Мамыр, 2023

305 мың өтініш қабылданды

18 мамырда негізгі ұлттық бірыңғай тестілеу басталғанын хабарлаған едік. Ол 5 шілдеге дейін жалғасады. 166 мың талапкер екі мүмкіндікті есепке алғанда 305 мың өтініш берген. Оның ішінде тапсырушылардың 75 пайызы – қазақ тілінде, 25 пайызы орыс тілінде, 243 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге өтініш білдіріпті.

Университет • 23 Мамыр, 2023

Ұлттық университет түлектерін жинады

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде алғаш рет жоғары оқу орнының 27 жыл­дығына орай «Open air» форматында «ENU Family Day» ауқымды іс-шарасы өтті. Оған университеттің әр жылдардағы түлектері қатысты. Олардың қатарында белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, саясаткерлер, ғалымдар, бизнесмендер, оқытушылар мен студенттер бар.

Пікір • 22 Мамыр, 2023

Зерттеудегі зәрулік

Екінші тынысы ашылған ел ғылы­мының жоқ-жітігі мен кем-кетігі біртіндеп бүтінделе жатар. Бірақ батыл шешімдер әлі де керек секілді. Мәселен, отандық ғалым­дар зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде қолды байлайтын зәрулік­терге мән берілсе дейді.

Қазақстан • 22 Мамыр, 2023

Еліміздің жаңа картасы

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі еліміздің жаңа саяси-әкімшілік картасын таныстырды.