Абай ҚАЗБЕКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
491 материал табылды

Экономика • Кеше

Агробанк керек пе?

«Жоқ, керек емес». Үкімет басшысы Әлихан Смайылов «Аграрлық банк қажет» деген депутаттық сауалға берген жа­уабында осылай депті. Елімізде еншілес компаниялары арқылы агроөнеркәсіп субъектілерін қаржыландыратын «Бәйтерек» холдингі бар. Сол себепті жеке аграрлық банк құрудың қисыны жоқ деп есептейді Премьер-Министр.

Экономика • Кеше

Экономика қайтсе еңсе тіктейді?

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, жыл басынан бері ел экономикасы 4,4 пайызға өскен. Ел экономикасының тең жартысынан астамын шикізат секторы, нақтырақ айтқанда мұнай өндірісі құрайтынын ескерсек, мұндай өсімге қуана қоюдың қажеті бар ма екен? Егер тіс пастасынан бастап, мүлік-мүкәммал, көйлек-көншекке дейін өзіміз өндіріп, балқытылып жатқан металл біткенді төске салып шыңдап, оны басқа дүниеге айналдырып, соны сатып пайда тапсақ, әңгіме басқа. Жығылғанға жұдырық – экономикамызды енді түрлендіреміз бе дегенде геосаяси дағдарыс келіп қосылды.

Қаржы • 15 Мамыр, 2022

«Сбербанк» пен ВТБ инвестор іздейді

«Сбербанк Қазақстан» еншілес банкі мен «ВТБ Қазақстан» ресми түрде сатылымға шығарылды. Қазақстан нарығында жұмыс істейтін ресейлік еншілес банктер өздеріне жаңа инвестор іздейді.

Бизнес • 13 Мамыр, 2022

Бизнес үшін білім керек пе?

2022 жылы елімізде жоғары білімі бар кәсіпкерлер үлесі 61,3 пайыз­ды құ­рапты. Бұл – 2021 жылмен са­лыс­­тыр­ғанда 12,7 пайызға төмен. Solva компаниясы жүргіз­ген арнайы зерт­теу­ге қатысқан кәсіпкерлердің көбі бизнес жүргізу үшін білім аса қажет емес деп ойлайтындарын айтқан.

Қаржы • 11 Мамыр, 2022

Қай салада заң бұзушылық көп?

Наурыз айында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы ұйымдарының, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және коллекторлық агенттіктердің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 2 073 өтінішін қараған. Өтініштердің басым бөлігі банк секторының үлесіне тиесілі.

Қаржы • 11 Мамыр, 2022

Банк секторындағы көрсеткіш құбылып тұр

Қазір отандық банк секторы аса күрделі болмаса да, орта деңгейлі өзгеріс алдында тұр. Олай дейтініміз – бізде қызмет көрсететін ресейлік еншілес банктердің басынан бақ тая бастады. Жалпы, елімізде дәп қазір 22 банк жұмыс істесе, соның 14-і шетелдіктердің қатысуымен жұмыс істейді. Оның ішінде 11 банк – еншілес қаржы институттары.

Экономика • 06 Мамыр, 2022

Урбанизация: Үдере көшу жақсы үрдіс емес

Қазір қалалық болу үрдісі қатты жүріп жатыр. 2021 жылы елдегі 19 млн халықтың 11,2 млн-ы қалада қоныстанса, 7,8 млн-ы ауылда қалған. 2025 жылы шаһар тұрғындарының саны 13 млн-ға жетпек. Сөйтіп, ел тұрғындарының 65 пайызы қалалық болып шыға келеді. Урбандалудың жылдам жүруі халықтың қажеттілігін, олардың өмір сүру салтын өзгертеді. Бұл өз кезегінде құндылықтардың да түрленуіне жол ашады.

Экономика • 06 Мамыр, 2022

Қымбатшылық қалай тежеледі?

Наурызда 12 пайызға шығып, рекордтық меже орнатқан инфляция деңгейі сәуір айында жылдық мәнде 13,2 пайызға көтерілді. Соңғы бір жылда азық-түлік та­уарлары – 17,9, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 11,1 және ақылы қызметтер 8,9 пайызға қымбаттаған. Әсіресе былтырғы сәуірмен салыстырғанда жаңа піскен көкөніс, құмшекер, картоп пен құс етінің бағасы аспандай түсіпті.

Қаржы • 05 Мамыр, 2022

Депозит бойынша көшбасшылар

Биыл 1 наурыздағы жағдай бойынша қазақстандық банктерде жинақталған салым көлемі 26,61 трлн теңгеге жеткен. Бір ай ішінде салымдар 1,07 трлн теңгеге, бір жылда 4,5 трлн теңгеге көбейіпті. Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты геосаяси ахуалдың нашарлағаны және бұл жағымсыз жағдайдың қаржы секторына да оңай тимегені белгілі. Соған қарамастан қазақстандық банктер табысты күйде қалып отыр дейді сарапшылар.

Қаржы • 05 Мамыр, 2022

Ұлттық қор активі азая түсті

Жақында Қазақ­стан Қар­жыгерлер қауым­дас­­­­­ты­ғы­ның 2022 жылдың I тоқ­санындағы шо­ғыр­лан­ды­рылған бюд­ж­ет­ке (рес­публикалық бюд­жет­­ті, облыстардың, рес­пуб­ли­калық маңызы бар қала, астана бюд­жет­­терін және Ұлттық қорға ба­ғыт­талатын түсім­дерді бі­рік­тіретін мемлекет­тің ақ­­ша­лай қаражаттары­ның ор­та­лықтандырылған қоры – ред.) жасаған шолуы жарияланды.