Абай ҚАЗБЕКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
316 материал табылды

Технология • 16 Тамыз, 2021

Смартфон арқылы сауда жасау қызып тұр

Мобильді төлемдер нарықтағы жаңа трендке айналып келе жатыр. Бұл қауіпсіз әрі қолайлы. Бір жыл ішінде мобильді телефон және интернет арқылы жасалған транзакциялар 2,5 есе артыпты.

Экономика • 15 Тамыз, 2021

«Дельта» штамының экономикаға ықпалы

Дүниені дүр сілкінткен «Дельта» штамы жаһандық экономиканы еркін билеп-төстеуге айналды. Ұлттық банк өкілінің айтуынша, қазіргі ахуал тым шиеленісіп кете қойған жоқ, тиісінше мамыражай да емес. Қазақстан экономикасының өткелде тұрғанына қанша уақыт болды десеңізші.

Экономика • 12 Тамыз, 2021

Сыртқы сауда айналымы артты

2021 жылдың бес айының қорытындысы бойынша Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 36,4 млрд долларды құрапты. Бұл 2020 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 1 пайызға ілгерілеу бар екенін көрсетеді.

Қоғам • 12 Тамыз, 2021

Cұранысқа ие мамандықты онлайн меңгеріңіз

Елімізде сұранысқа ие мамандықтарды мең­ге­ру­ге көмектесетін онлайн-курстар платформасы іске қосылды. Ол бірнеше мамандық бо­йынша білімді тегін игеруге көмектеседі.

Экономика • 11 Тамыз, 2021

Автоөндіріс алға басады

Биыл алты айда Қазақстанда 40 мыңға жуық автокөлік құрас­ты­рылыпты. 40 мың тех­ни­ка­ның бөлшек-сайманын орын-ор­нына салып, кілтпен бұрап, қа­жетті жабдықтарын түгел қон­ды­руға 311,1 млрд теңге жұм­сал­ған. Құрастырып қана қой­май, кө­лік­тер­ді экспортқа да шы­ға­рып­пыз: 4387 автомобиль. Бұл бізге 28,2 млрд теңге табыс әкелген.

Экономика • 10 Тамыз, 2021

Арзан һәм қымбат жанармай

Бізде жиі қымбаттайтын, сонысымен халықты ара-тұра бір сілкінтіп қоятын тауардың бірі – бензин. Соңғы бір жылда жанармай бағасы 14 пайызға өскен. Сөйтіп қымбатсынатын бензиніміз Еуропа елдеріндегі бағамен салыстырғанда әлдеқайда арзан.

Экономика • 09 Тамыз, 2021

Қашықтан жұмыс істеудің экономикаға әсері

Енді әлем жылнамасын парақтағанда оны пандемияға дейін және пандемиядан кейін деп бөлерімізге зәредей күмән қалмады. Індет салдарынан адамдар қашықтан жұмыс істеп, сауданың өзін онлайн іске асыруға мәжбүр болуда. Бұл өз кезегінде еңбек нарығы заңдылықтарын өзгертіп, экономикаға өзгеше әсер ете бастады.

Қоғам • 08 Тамыз, 2021

Кепілдік беру – фермерге көмек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» деп аталатын халыққа арнаған Жолдауында «Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес», деген болатын. Яғни агроөнеркәсіп кешенін дамытуға Президент пәрмен беріп отыр.

Қазақстан • 05 Тамыз, 2021

Интернетсіз цифрлану: Қызметті онлайн тұтыну көңілден шыға ма?

Смартфондағы интернет қарқыны көрсеткіші Е-ден H-қа әрең ауысатынын, тариф біткеннің тиімсіз, ақша сорғышқа айналғанын, ауылдардың әлі 2000 жылдардың арғы жағында қалып кеткенін былай қоя тұрсақ, бізде қызметтерді онлайн тұтыну өсіп жатыр екен. Жаппай цифрландыру басталғалы әпелтек-тәпелтек күйімізде такси, тамақ, ойын-сауық – барлығын телефон арқылы төлей бастадық. Ара-тұра қалтамызға ақша салмайтынымызды айтып мақтанып та аламыз.

Экономика • 05 Тамыз, 2021

Бір қуантып, бір мұңайтқан сала

2020 жылы елдегі еңбек өнімділігі төмендеп кетті. Қатаң шектеулер мекемелер мен кәсіпорындар жұмысын тоқтатып тастады. Қала шекараларына блок-бекеттердің қойылуы біраз азаматтың жұмысына баруын шектеді. Соның салдарынан еңбек үлесі азайды. Бірақ дәл осындай тығырықтан құрылыс саласы қырын сындырмай аман шықты.