Абай ҚАЗБЕКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
369 материал табылды

Аймақтар • 10 Қаңтар, 2021

Алматыда сайлаушылар белсенділігі неге төмен?

Алматыда сайлау учаскесіне келіп жатқан азаматтар саны айтарлықтай көп емес. Жалпы қалалық баспасөз орталығында брифинг өткізген Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің мүшелері осы мәселеге және сайлау барысына байланысты пікірлерін білдіріп, сайлау учаскелеріндегі қауіпсіздік талаптарын бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz

Экономика • 08 Қаңтар, 2021

Бірыңғай оператор немен айналысады?

2021 жылдан бастап елімізде тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы жұмыс істей бастайды. Аталған оператор Қазақстан ипотекалық компаниясының (ҚИК) базасында құ­рылмақ. Қазірдің өзінде «Бәйтерек» холдингінің құрамындағы еншілес ұйымдар – «Бәйтерек девелопмент» АҚ мен «Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры» АҚ ҚИК құрамына кірген. Сөйтіп биылдан бастап бірыңғай оператор жеке құрылыс жүргізушілерге берілетін несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау міндетін атқаруға кіріспек.

Қоғам • 07 Қаңтар, 2021

Медициналық сақтандыру мәртебеңізді қалай тексеруге болады?

Елімізде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгені белгілі. Қазір бұл қызмет екі пакет бойынша көрсетіледі. Алғашқысы – тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында болса, екіншісі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында, деп хабарлайды Egemen.kz 

Экономика • 07 Қаңтар, 2021

Қазақстан қай айда мұнай өндіруді арттыратыны белгілі болды

Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ОПЕК+ келісімі аясында Қазақстан ақпан және наурыз айларында мұнай өндірісін арттырады, деп хабарлайды Egemen.kz

Экономика • 07 Қаңтар, 2021

Қытай АҚШ экономикасын басып оза ма?

Ұлыбританияда орналасқан экономикалық және іскерлік зерттеу­лер орталығының (CEBR) жазуынша, 2030 жылға таман Қытай экономикалық тұрғыда АҚШ-ты артта қалдырады. Бұған Қытайдың коронавирус пандемиясына лайықты қарсы тұрып, жылдам қалпына келгендігі себеп болуы мүмкін.

Парламент • 05 Қаңтар, 2021

Сенат депутаттары аграрлық университетке келді

Парламент сенатының депутаттары былтыр ғана торқалы 90 жылдығын атап өткен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне жұмыс сапарымен келді. Сенат төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдіров, әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Динар Нүкетаева, конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Сұлтанбек Мәкежанов, әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Нұртөре Жүсіп, аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі Сұлтан Дүйсенбиновтер оқу орнында қолға алынып жатқан жаңашыл бастамалармен танысып, студенттермен және оқытушы-ғалымдармен пікірлесті, деп хабарлайды Egemen.kz

Бизнес • 05 Қаңтар, 2021

Кәсіпкерлер қатары көбейді

2020 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша Алматы қаласында 196 549 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. 2019 жылдың дәл осы уақытымен салыстырғанда бұл 3,5 пайызға өсім болғанын көрсетеді. Мұндай деректі арнайы брифинг өткізген қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов айтты.

Қазақстан • 01 Қаңтар, 2021

1 қаңтардан бастап жаппай декларациялау басталды

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде жалпы халықтық декларациялау басталады. Азаматтар өзіне түсетін табысты ашып көрсетуі тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 01 Қаңтар, 2021

2021 жылдан бастап елімізде қандай салық өзгерістері болады?

2020 жылы салық саласында да бірқатар өзгеріс болды. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов былтыр қыркүйек айында жаңа жылдан бастап салық төлемдерінің біразы қысқаратынын мәлімдеген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экономика • 01 Қаңтар, 2021

Банкроттық туралы заң қабылдана ма?

Қазақстан халқының банк алдындағы берешегі артып бара жатыр. Бұл ретте тұтынушылық несиені меңзеп отырмыз. Жеке тұлғалардың қарызы шамамен 4 трлн теңгеден асады. Халықтың 27 пайызы – банк алдында борышкер. Жеке азаматтардың несиесін кешіру Үкімет үшін де, экономика үшін де тиімсіз деген түйінді экономистер айтып жүр. Егер олай істесе мемлекет халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін орындай алмай қалуы мүмкін. Амнистияның тиімсіздігін айғақтайтын басқа да себептер баршылық. Бұл орайда елімізде жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылдануы керек деген ой айтыла бастады.