Абай ҚАЗБЕКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
638 материал табылды

Қазақстан • 05 Тамыз, 2021

Интернетсіз цифрлану: Қызметті онлайн тұтыну көңілден шыға ма?

Смартфондағы интернет қарқыны көрсеткіші Е-ден H-қа әрең ауысатынын, тариф біткеннің тиімсіз, ақша сорғышқа айналғанын, ауылдардың әлі 2000 жылдардың арғы жағында қалып кеткенін былай қоя тұрсақ, бізде қызметтерді онлайн тұтыну өсіп жатыр екен. Жаппай цифрландыру басталғалы әпелтек-тәпелтек күйімізде такси, тамақ, ойын-сауық – барлығын телефон арқылы төлей бастадық. Ара-тұра қалтамызға ақша салмайтынымызды айтып мақтанып та аламыз.

Экономика • 05 Тамыз, 2021

Бір қуантып, бір мұңайтқан сала

2020 жылы елдегі еңбек өнімділігі төмендеп кетті. Қатаң шектеулер мекемелер мен кәсіпорындар жұмысын тоқтатып тастады. Қала шекараларына блок-бекеттердің қойылуы біраз азаматтың жұмысына баруын шектеді. Соның салдарынан еңбек үлесі азайды. Бірақ дәл осындай тығырықтан құрылыс саласы қырын сындырмай аман шықты.

Қаржы • 05 Тамыз, 2021

Әмиян ақшасыз қалды

Қазір қазақстандықтардың қалтасында әмиян бар, бірақ әмиян ішінде ақша жоқ. Құнды қағаз қазір өз мекенжайын электронды әмияндарға айырбастаған. Электронды сауданың дамуы қолма-қол төлемді күрт азайтты. Бірақ бұдан ешкім де ұтылмайтыны анық.

Экономика • 04 Тамыз, 2021

Қаржы секторында кім көшбасшы?

Елдегі қаржы айналымының басты драйверіне айналған екінші деңгейлі банктердің меншік капиталы соңғы бір жылда 7,6 пайызға өсіп, 4,03 трлн теңгеге жеткен. 20 банктің жағдайы жақсы болса, төрт банк минуста қалған.

Экономика • 03 Тамыз, 2021

Тұтынушы құқы қалай қорғалып жүр?

Қара базарда да, жылтыраған сауда үйінде де, одан бөлек сан алуан қызмет көрсету орындарында да клиент құқығы жиі тапталатыны белгілі. Былтыр арнайы жүргізілген сауалдамада ел тұрғындары тұтынушылар құқығын жиі бұзатын бес саланы атапты. Олар – медицина, темір жол, қалааралық және халықаралық автотасымал, білім мекемелері және байланыс қызметі. Кінәрат туризм, қоғамдық тамақтану, тұрғын үй-коммуналдық қызмет сектор­ларында да бар.

Қоғам • 03 Тамыз, 2021

Ауылдағының ақшасы аз

Қазақстанда қай саланың да жалақысы жарып тұрмағаны белгілі. Соның ішінде ауыл шаруашылығы жұмысшыларының еңбекақысы елдегі орташа айлықтан екі есе төмен болып шықты.

Экономика • 03 Тамыз, 2021

Мұнай өндіру артады

Қазақстан тамыз айында ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндірісін арттыратын болды. Келер айда өндіріс көлемі тәулігіне 1,491 млн баррельге дейін жетпек. Тиісінше әр ай сайын квота тәулігіне 16 мың баррельге ұлғайып отырады.

Бизнес • 01 Тамыз, 2021

Әйел кәсіпкерлерді кім қолдайды?

Қазақстанда кәсіпкерлікпен айналысатын әйел азаматтар саны көбейіп келеді. Биыл бірінші жарты жылдықта әйелдер басшылық ететін кәсіпорын саны 29,8 пайызды құраған. Әрине бұл – мақтанарлық көрсеткіш емес. Халықаралық сауда орталығының баяндамасында да былтыр пандемиядан әйелдер жетекшілік жасайтын бизнес ұйымдардың көбірек зардап шеккені айтылады.

Экономика • 28 Шілде, 2021

9 ай «толғатқан» 9 пайыз

Қазақстанның Ұлттық банкі базалық пайыздық мөлшерлемені 9 пайыздан 9,25 пайызға қымбаттатты. Базалық пайыздық мөлшерлеме – орталық банктің екінші деңгейлі банктерге несие берер кезде қолданатын пайыздық ставкасы. Осыған сәйкес қаржы институттары орталық банктен алған несиесін заңды және жеке тұлғаларға таратып, одан пайда көру үшін базалық ставканың үстіне тағы пайыз үстемелейді. Сөйтіп өз пайдасын ажыратады.

Экономика • 28 Шілде, 2021

Шаруақор кәсіпорындар

Былтырғы қатаң шектеулерден сансырап қалған отандық кәсіпорындар қайта ес жия бастаған сыңайлы. Әсіресе шағын кәсіпорындар жедел қалпына келген. Бір жылдың ішінде олардың табысы 10 трлн теңгеге дейін өсіпті. Ал орта және ірі кәсіпорындардың кірісі 13 трлн теңгеге жақындаған.