Абай ҚАЗБЕКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
707 материал табылды

Қаржы • 22 Сәуір, 2021

Арыздың көбі банк секторына тиесілі

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі биыл I тоқсанда жеке және заңды тұлғалар­дың қаржы ұйымдарының, микро­қаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым­дардың, сондай-ақ коллекторлық агенттіктердің қызметімен байланыс­ты 5102 өті­нішті қарастырған. Келіп түс­кен өтініштердің 67 пайызы банк секторына тиесілі екен.

Қоғам • 21 Сәуір, 2021

Несиесі – арзан, тәуекелі – қымбат

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің несие деректерін алмасуға келіскені белгілі. Аталған шарт бойынша ЕАЭО азаматтары кез келген елден (одақтағы) барып несие рәсімдей алады. Өзара келісілген бұл уағда әлі толыққанды күшіне енген жоқ. Бірақ аталған келісімге жеткізбей-ақ қазақстандықтар Ресей банктерінен несие алуға ықылас таныта бастаған сияқты.

Саясат • 21 Сәуір, 2021

Жеке куәліктің қажеті болмайды

Қазір елімізде цифрлы даму мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Жаңашыл бағыт қаптаған қағаз құжаттар айналымын азайтып, кез келген саладағы қызметті тұтыну кезінде сапа­ны арттырып, уақытты үнемдеуге негізделген. Енді азамат­т­ардың нотариалдық келісім жасау кезінде жеке куәлікті қолданбай-ақ қоюына мүмкіндік беретін қызмет іске қосылмақ.

Технология • 20 Сәуір, 2021

Банктегі онлайн қызмет

Пандемия қызметтерді онлайн ұсынуға мәжбүр етті. Сөйтіп, нарықта тұтынушылар үшін күрес­тің жаңа кезеңі басталды. Тікелей қаржы өнімін ұсынатын банктер бұл бәйгеге жедел қосылып, өз функциясын заман ағымына жылдам ыңғайлауы тиіс еді. Бірақ отандық қаржы инсти­туттарының қимылы шабандау көрінеді. Әрине, көзге ілінетін кейбір ілгерілеуші факторлар да жоқ емес.

Экономика • 16 Сәуір, 2021

Банк активтері көбейді

Пандемия арқасына аяздай батпаған бір сала болса, ол – банк секторы. Жаңа деректер бойынша, қазақстандық банктердің активтері наурыз айында 32 трлн теңгеге жеткен. Әлеуетті қаржы институттары түгел дерлік өсім көрсеткен.

Қазақстан • 15 Сәуір, 2021

Бензин бағасы кетті шарықтап...

Ішкі нарықта бензин бағасы тағы да қымбаттай бастады. Жанар-жағармай құнының шарықтауы еліміздің барлық өңірінде байқалған. Қазақстан 2015 жылдан бері мұнай өнімдерінің бағасына қадағалау жүргізбейді. Ол нарық заңымен реттеліп отыруы тиіс. Баға шарықтауына әсер етіп отырған басты фактор не? Жыл соңына дейін бензин бағасының өсуі рекордтық межеге жете ме? Ендігі қадам қандай болмақ? 

Экономика • 15 Сәуір, 2021

Бай мен кедейдің арасы алшақтап барады

Ертегілер мен мысалдарда кездесетін ескі бір тәмсіл бар ғой, жақсы һәм жаман жаңалығым бар, қайсынан бастайын дейтін. Біздікі де тура сол кеп. Сүйініш және күйініш. Сүйінетініміз – еліміз бай адамдардың саны бойынша ТОП-10 ел қатарына кіріпті. Әрине, олар кімдер, қайтіп байыды, бұл енді басқа сауал.

Экономика • 14 Сәуір, 2021

Зейнетақы қаражаты баспана бағасына әсер етті

Зейнетақы жинағындағы қаржыны пайдалану мүмкіндігін пайдаланған азаматтар БЖЗҚ-дан 1 трлн теңгеден астам ақша алған. Осы арқылы азаматтар тұрғын үй жағдайын жақсартып, ем қабылдап, қаржыларын инвестициялық басқаруға бергісі келеді.

Бизнес • 14 Сәуір, 2021

Бизнес қай банкке көбірек сенім артады?

Жыл басынан бері қазақстандық банктердегі ұжымдық депозит мөлшері 155,4 млрд теңгеге немесе 1,5 пайызға өсіп, 10,77 трлн теңгені құрады. Бірақ наурыз айында әжептәуір құлдырау болғанын байқаймыз. Заңды тұлғалардың салымы 20,5 млрд теңгеге азайып кеткен.

Экономика • 13 Сәуір, 2021

Бизнесте әйелдердің үлесі қандай?

The Boston Consulting Group халықаралық компаниясының мәліметінше, соңғы жылдары әйелдер басқаратын бизнес оң нәтиже көрсете бастаған. Тіпті кей елдерде ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) 50-60 пайызы әйелдер тұтқасын ұстаған компанияға тиесілі екен. Әсіресе, АҚШ, Жапония, Италия елдері осындай көрсеткішпен мақтана алады. Қазақстан да елдің ІЖӨ-сіндегі әйелдер кәсіпкерлігінің үлесін біртіндеп арттырып жатыр.