Абай ҚАЗБЕКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
535 материал табылды

Қаржы • 22 Сәуір, 2022

Көлеңкелі несие көбеюі ықтимал

Соңғы кезде әлеуеті күшейіп, танымалдылығы артқан микроқаржы ұйымдары үшін жақын арада маңызды өзгеріс күшіне енбек. 2022 жылдың шілдесінен бастап МҚҰ қарыз алушылары борыш жүктемесі коэффициентінің шекті мәні мен есептеу ережесі басқаша есептеле бастайды. Бұл өз кезегінде көлеңкелі несиелеу нарығының көбеюіне алып келеді дейді сарапшылар.

Әлем • 22 Сәуір, 2022

Әлемдік экономиканың өрісі тарылады

Халықаралық валюта қорының болжауынша, 2022 жылы инфляция күшейіп, жаһандық экономикалық өсім күрт баяулайды. Бұл туралы ХВҚ «Әлемдік экономика перспективасы» атты кезекті зерттеуінде жария етті. Қордың мәлімдеуінше, жаһан экономикасының тұсаулануына басты себеп – Украинадағы ахуал.

Қаржы • 21 Сәуір, 2022

Несие тарихын даулауға болады

Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқығын қорғау және қарыз алушының несие тарихын жақсарту мақсатында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агент­тігі Мемлекеттік несие бюросы және Бірінші несие бюросымен біріге оты­рып, қашықтан басқару процесін іске қосты. Несие тарихындағы ақпаратқа қатыс­ты күмән келтіру процесін fingramota.kz медиапорталында іске асыруға болады.

Экономика • 20 Сәуір, 2022

КТК: Апат салдары қандай?

Қазақстан мұнайын экспорттаудың басты маршруты – Каспий құбыр желісі консорциумының жөндеу жұмыстарына жабылуы ел экономикасына үлкен тәуекел тудырып отыр. Ресей Қара теңізде тұрған дауыл салдарынан құбыр жарылды деп мәлімдеді. Бәлки басқа да себептері бар болар деп біздің ойымыз сан-саққа жүгіреді.

Қаржы • 19 Сәуір, 2022

Ресейлік еншілес банктерді кім сатып алады?

Қазақстанның банк секторы тағы бір елеулі өзгеріс кезеңіне таяп қалды. Әрине, сөз ресейлік еншілес банктер жайлы. Осыған дейін «Альфа банктің» акционер іздеп жатқанын, ал «Сбербанк» кредиттерін «Қазақстан халық банкінің» сатып алғанын естідік. Көп ұзамай қос банктің де сатылымға қойылғаны анықталды.

Экономика • 15 Сәуір, 2022

Басым бөлігі баға өсіміне алаңдайды

Қазақстандықтар елдің даму перспективасына қатысты негативті ойларға көбірек орын бере бастаған. Мұны Ұлттық банк жүргізген сауалдама қорытындысы көрсетіп беріп отыр. Жақында қаржылық қадағалаушы инфляциялық күтулер бо­йынша наурыз сауалдамасының нәтижелерін жариялады.

Экономика • 15 Сәуір, 2022

Халықаралық валюта қоры өзгерістерді оң бағалады

Халықаралық валюта қоры Қазақстанның қазіргі орнықты фискалдық жағдайы, сыртқы резервтерінің едәуір көлемі және пандемияға дер кезінде тойтарыс беруі сыртқы күйзелістерді абсорсиялауда және кейіннен экономикалық белсенділікті қалпына келтіруде маңызды рөл атқарды деп санайды. Осындай оң өзгерістер арқылы былтыр ІЖӨ нақты 4 пайызға көбейіп, экономиканың өсу траекториясы пандемияға дейінгі кезеңге оралды. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.

Экономика • 14 Сәуір, 2022

Біздің банктерден шот ашып жатыр

Халықаралық қауымдастық Ресейден теріс айналды. Рейтинг агенттіктері Ресей қаржы нарығының перспективасын төмендетуде. Жақын арада дефолт жариялануы мүмкін деген сыбыс та желдей еседі. Қазақстанда Ресейдің үш ірі банкі («Сбербанк», «Альфа-Банк», ВТБ Банк) жұмыс істейтіндіктен, банк секторының жай-күйіне алаңбыз.

Қаржы • 14 Сәуір, 2022

Несиелеу қарқыны арта түссе...

Соңғы екі жылда елімізді үш бірдей жойқын дауыл келіп соқты. Оның алғашқысы – COVID-19 пандемиясы, екіншісі – «қаңтар қырғыны», үшіншісі күн санап шиеленісіп бара жатқан геосаяси түйткіл. Әсіресе, үшіншісінің үлесі басымырақ болып тұр қазір.

Экономика • 13 Сәуір, 2022

Теңге қалай нығайды?

Ақпанның соңы, наурыздың басы қаржы секторы үшін қатерлі басталды. Тегеурінді интервенцияларға қарамастан теңге өз салмағын жоғалтып алды. «Сыныққа сылтау таппай» тұрған инфляция да аспанға ұшты. Ресей мен Украина арасындағы соғыстың ушығуы, әсіресе, шикізаттық тауарлар бағасының қымбаттауына, нарықта тәуекелдердің артуына әкеліп соқтырған.