Абай ҚАЗБЕКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
424 материал табылды

Экономика • Кеше

Мемлекеттік сатып алуда ашықтық орнайды

Мемлекеттік сатып алу мәселесі – мемлекеттік реттеудің ең бір күрделі салаларының бірі. Арагідік зерттеушілер, журналистер бұл саладағы былықтың бетін ашып отыратыны да бар. Тапсырыс берушілер көп жағдайда бармақ басты, көз қыстыға жол беріп, бір көзден сатып алуды майшелпекке айналдырғаны да қашан.

Қаржы • 25 Мамыр, 2022

Бұғатталған шоттың шешімі

Санкция қысымына ұшырап, соның салдарынан нарықтағы қызметін тоқтатуға мәжбүр болып жатқан үш ресейлік енші­лес банк клиенттерінің дәл қазір көңілі күпті екені белгілі. Өйт­кені же­ке­леген шетелдік банктер үш банктің – «Сбербанк Қазақ­стан», «Альфа-Банк» және «ВТБ Қазақстанның» шетел­дік­ валю­та­­дағы корреспонденттік шоттарын бұғаттаған. Шот­тар­дағы қоз­­ғалыссыз жатқан қаржы көлемі 9,2 млрд теңге көлемінде.

Қаржы • 24 Мамыр, 2022

Ақша-несие саясаты қатаңдауы керек пе?

Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы анали­ти­калық орталығы қаржы нарығы кәсіби қатысу­шылары арасында жүргізілген кезекті сауалда­масының қорытындысын жариялады. Сауалдама аясында монетарлық саясат қатаңдауы қажет пе деген сауалға да жауап айтылды.

Экономика • 23 Мамыр, 2022

Тауарды онлайн сатып алу көбейе түсті

Елімізде цифрландырудың дамуы, соның нәтижесінде сауда-саттықтың да онлайн платформалар арқылы жүре бастауы отандық экономиканың даму барысына да өзгеріс әкелді. Онлайн сауда бізде ғана емес, әлемде де экономиканың драйверіне айналып келе жатыр. Қазір онлайн платформаларға смартфон арқылы кіру мүмкіндігі кез келген азаматта бар.

Қаржы • 23 Мамыр, 2022

Тұрғындар қандай депозитке көбірек сенеді?

Ұлттық банк мәліметінше, жыл басынан бері банктердегі депозит көлемі 312 млрд теңгеге төмендеген. 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша депозиттерде 13,4 трлн теңге жатса, 1 сәуірде оның көлемі 13,1 трлн теңгеге дейін азайған.

Қаржы • 19 Мамыр, 2022

Несие берудегі белсенділік

Биыл наурыз айында екінші деңгейлі банктердің қарыз портфелі 0,7 пайызға артып, 20,45 трлн теңгеге жеткен. Сарапшылардың айтуынша, банктер жеке және заңды тұлғаларға белсенді несие көмегін жасап жатыр. Бөлшек сегментте кепілсіз несие алу процесі толықтай автомат­тан­дырылған. Клиенттер тұтынушылық несиелердің 50 пайызын мобильді қосымша арқылы алуға машықтанған.

Экономика • 18 Мамыр, 2022

Алтын сатып алудың маңызы

Қазіргі геосаяси түсініксіздік және қор нарығындағы құбылмалылық жағдайында, сонымен қатар валюта курсының күн сайын өзгеруіне орай инвестициялаудың балама құралдарына деген сұраныс жедел өсіп жатыр. Бұл ретте ең сенімді альтернативті құрал ретінде алтын аталады.

Қаржы • 18 Мамыр, 2022

Лицензиясы қайтарылған банктерді тарату жүріп жатыр

Отандық банк секторында бірнеше қаржы институтының жұмысын тоқтатқаны белгілі. Клиенттер алдындағы міндеттемелерін орындай алмаған 9 банк бар. Олар – «Валют-транзит банк», «Казинвестбанк», Delta Bank, «Эксимбанк Қазақстан», «Астана Банкі», Qazaq Banki, Tengri Bank, AsiaCredit Bank және Capital Bank Kazakhstan.

Экономика • 17 Мамыр, 2022

Агробанк керек пе?

«Жоқ, керек емес». Үкімет басшысы Әлихан Смайылов «Аграрлық банк қажет» деген депутаттық сауалға берген жа­уабында осылай депті. Елімізде еншілес компаниялары арқылы агроөнеркәсіп субъектілерін қаржыландыратын «Бәйтерек» холдингі бар. Сол себепті жеке аграрлық банк құрудың қисыны жоқ деп есептейді Премьер-Министр.

Экономика • 17 Мамыр, 2022

Экономика қайтсе еңсе тіктейді?

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, жыл басынан бері ел экономикасы 4,4 пайызға өскен. Ел экономикасының тең жартысынан астамын шикізат секторы, нақтырақ айтқанда мұнай өндірісі құрайтынын ескерсек, мұндай өсімге қуана қоюдың қажеті бар ма екен? Егер тіс пастасынан бастап, мүлік-мүкәммал, көйлек-көншекке дейін өзіміз өндіріп, балқытылып жатқан металл біткенді төске салып шыңдап, оны басқа дүниеге айналдырып, соны сатып пайда тапсақ, әңгіме басқа. Жығылғанға жұдырық – экономикамызды енді түрлендіреміз бе дегенде геосаяси дағдарыс келіп қосылды.