Абай ҚАЗБЕКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
463 материал табылды

Экономика • 15 Сәуір, 2022

Халықаралық валюта қоры өзгерістерді оң бағалады

Халықаралық валюта қоры Қазақстанның қазіргі орнықты фискалдық жағдайы, сыртқы резервтерінің едәуір көлемі және пандемияға дер кезінде тойтарыс беруі сыртқы күйзелістерді абсорсиялауда және кейіннен экономикалық белсенділікті қалпына келтіруде маңызды рөл атқарды деп санайды. Осындай оң өзгерістер арқылы былтыр ІЖӨ нақты 4 пайызға көбейіп, экономиканың өсу траекториясы пандемияға дейінгі кезеңге оралды. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.

Экономика • 14 Сәуір, 2022

Біздің банктерден шот ашып жатыр

Халықаралық қауымдастық Ресейден теріс айналды. Рейтинг агенттіктері Ресей қаржы нарығының перспективасын төмендетуде. Жақын арада дефолт жариялануы мүмкін деген сыбыс та желдей еседі. Қазақстанда Ресейдің үш ірі банкі («Сбербанк», «Альфа-Банк», ВТБ Банк) жұмыс істейтіндіктен, банк секторының жай-күйіне алаңбыз.

Қаржы • 14 Сәуір, 2022

Несиелеу қарқыны арта түссе...

Соңғы екі жылда елімізді үш бірдей жойқын дауыл келіп соқты. Оның алғашқысы – COVID-19 пандемиясы, екіншісі – «қаңтар қырғыны», үшіншісі күн санап шиеленісіп бара жатқан геосаяси түйткіл. Әсіресе, үшіншісінің үлесі басымырақ болып тұр қазір.

Экономика • 13 Сәуір, 2022

Теңге қалай нығайды?

Ақпанның соңы, наурыздың басы қаржы секторы үшін қатерлі басталды. Тегеурінді интервенцияларға қарамастан теңге өз салмағын жоғалтып алды. «Сыныққа сылтау таппай» тұрған инфляция да аспанға ұшты. Ресей мен Украина арасындағы соғыстың ушығуы, әсіресе, шикізаттық тауарлар бағасының қымбаттауына, нарықта тәуекелдердің артуына әкеліп соқтырған.

Қаржы • 13 Сәуір, 2022

Инвесторлар көбейді

2022 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жеке тұлғалар ашқан брокерлік шоттар саны көбейе түскен. Қазіргі кезде олардың нақты саны 313 388-ді құрап отыр. Яғни соңғы бір жылда 2,1 есе артқан. Ал биыл жыл басынан бері 44 пайызға көбейгені байқалады.

Бизнес • 12 Сәуір, 2022

Шағын бизнеске несиенің шарапаты тие ме?

Жыл санап Қазақстанда шағын бизнес қажеттілігі сезіліп келе жатыр. 1 наурыздағы жағдай бойынша елдегі шағын кәсіпкерлік нысанының саны 349 мыңға таяп қалған. Бұл былтырғы көрсеткіштен 6,6 пайызға жоғары. Соңғы бес жылда көрсеткіш 47,3 пайызға өскен. Санға шақсақ, шағын кәсіпкерлікпен айналысатын жаңа 112 мың компания нарыққа келіп қосылған.

Экономика • 11 Сәуір, 2022

Ресейлік банктер санкциядан соң қалай жұмыс істейді?

Санкция әлі бітпеген екен. Батыс күн аралатып жаңа санкция­лар легін жариялап жатыр. Ресей экономикасы мен қаржы секторын күйретпей қоймайтын қуатты шектеулер. Әрі соғыс бітіп, ел мамыражай шаққа оралды деген күннің өзінде оңайлықпен алына қоймас тыйымдар. Ресейдің мойнына қазір кигізіліп жатқан қамыт жақын жылдарда шешіле қоймас. Айтпақшы, санкцияның күрзі соққысы біздің нарықта жұмыс істейтін ресейлік еншілес банктерді де соғып өткенін айталық.

Қаржы • 06 Сәуір, 2022

Қазақстанға келетін ақша азайды

Қазақстанға сырт елдерден қаржы аударымы жүйесі арқылы жіберілетін қаражат көлемі күрт қысқарып кеткен. Оның көлемі қаңтарда 13,6 млрд теңгені құраған. Бұл 2021 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 30,5 пайызға аз.

Экономика • 06 Сәуір, 2022

Баға өскенде банктер не ұсынады?

Нарықтағы болып жатқан кез келген өзгерістерге қарай екінші деңгейлі банктер де өздерінің қаржылық саясатын өзгерте бас­тайды. Желдің қайдан соққанына байланысты жедел түрде оңтайлы (бәлкім өзі үшін, бәлкім клиент үшін) бағыт ұстанбаса, рейтингін төмендетіп алуы ықтимал. Наурыз айының орта шенінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 5,6 пайызға қымбаттап кетті. Мұндай жағдайда адамдар тауарды бөліп төлеу арқылы сатып алуға көше бастайды.

Қаржы • 06 Сәуір, 2022

Миллион доллар жинау мүмкіндігі

Қазір көбіміз қанша ақша жинаға­нымызды айлық көрсеткішпен есептей­міз. Көп жағдайда солай. Ұзақ мерзімде стратегия құрып, жиған-тергенін жобалап, жұмсаған, қосқан ақшасын саралап жүретін жандар да бар. Егер осы айтқандай ықтиятты болған күннің өзінде ғұмыр бойы қанша табыс тапқанын есептеп көргендер бар ма екен?