Кәрібай МҰСЫРМАН
Кәрібай МҰСЫРМАН«Egemen Qazaqstan»
191 материал табылды

Қоғам • 31 Наурыз, 2021

«Аңсаған сәби» тамаша-ау. Тек...

Қазақ – балажан халық. «Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» деп, қатты айтса да, текке айтпаған. Сәби сүю бақыты бұйырмаған ағайынын аяғандықтан, көп баласының біреуін оның бауырына салатын игі дәстүрі болған. Сол дәстүр көп бала туу «сәннен» шығыңқырап, өзімшілдік өктемдік құра бастаған қазіргі заманда ұмытылып та бара жатқанға ұқсайды. Әйткенмен, «Алпамыс батыр» жырындағы Байбөрі бай мен Аналық бәйбіше сынды бір перзентке зар болып, әулие-әнбилердің басына түнеп, бармаған жер, баспаған тауы қалмаған мұңлық отбасылар үшін жарық дүние есігін ашпай жатып, «көкек» аналары қатыгездікпен бас тартқандықтан, Сәбилер үйін паналауға мәжбүр болған бүлдіршіндерді асырап алу немесе экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) арқылы аңсаған арманға жету жолы табылды.

Қоғам • 16 Наурыз, 2021

Балаңыз ана тілін біле ме?

Бүгінгі қоғамымызда мемлекеттік тіл мәртебесі бар ана тіліміздің болаша­ғына елеулі алаңдаушылық бар. Бұл тақы­рыптың бұқаралық ақпарат құрал­дары мен әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсіп жатқандығы – соның айғағы.

Қоғам • 04 Наурыз, 2021

«Тамырының» арқасында тірі қалған...

Бала кезімде анамның дастар­қанға шашылған нан қоқымын алақанымен сыпырып-сиырып жи­­нап алып, жейтін әдетіне таң­ғалатынмын. «Нанның кепиеті атпасын» деп бізді де нанды қадірлеуге үйретіп отыратын. Сон­дайда «Сен­­дер ашаршылықты көрген жоқ­сыңдар, көрмей-ақ қо­йың­дар. Біз­дің көргеніміз жетер. Бірақ сендер оны білуге тиіссіңдер.

Қоғам • 02 Наурыз, 2021

Ауылдарды сақтағандар – арлы басшылар...

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында: «Жаңа нарықтық қатынастар ауыл шаруашылығында түбе­гейлі өзгерістерді талап етті. Бірінші кезекте бастама­шыл және еңбексүйгіш қожайын­дардың аяғынан тұрып кетуіне көмектесу керек болды.

Қазақстан • 23 Ақпан, 2021

Шекаралас өңірлер ерекшелігі ескерілсе, талай ауыл сақталып, көркейе түсер еді

Ресеймен шектесіп жатқандықтан, еліміздің «солтүстік қақпасы» атанған Сол­түс­тік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданына қарасты Қулыкөл ауы­лы облыс орталығынан 560 шақырымдай, ал аудан орталығынан 180 ша­қырымдай қашықтықта орналасқан. Сол маңайдағы талай елді ме­кен­­нің тоз-тозы шығып, тарап жатқанда жолы нашар, қиян түкпірдегі Қу­лы­­көлдің іргесі сөгілмей, жылдан-жылға көркейе түскендігі қайран қа­лар­­лықтай.

Қазақстан • 18 Ақпан, 2021

Қандастардың құқықтарын қорғауда енжарлық басым

Тұңғыш Президентіміз – Елба­сы Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылғы 31 желтоқсанда Қазақ радиосы арқылы «Алыс­та жүрген ағайындарға ақ ті­лек» Үндеуін жолдап, «атаме­кенге келемін деуші ағайын­дарға жол ашық» деп жария­ла­ған соң, қилы заманда шар­та­рапқа тарыдай шашылып кет­кен қандастарымыздың ата­жұртына оралу үдерісі – ұлы көш басталып кеткені белгілі. Содан бері алыс-жақын шет елдерде тұрып жатқан 1 миллион 71 мыңнан астам этностық қазақ тарихи Отанына қоныс аударып, егемен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өлшеусіз үлес қосты.

Қоғам • 12 Ақпан, 2021

Мемлекеттік рәмізде мін болмауы керек

Мемлекеттік рәміздеріміз – еліміздің Тәуелсіздігін бейнелеп, халқымыздың рухын асқақтататын, Қазақстанды әлемге паш ететін қасиетті  атрибуттар. Оларда еш мін болмауға тиістілігі – ай­дай ақиқат. Бұл ретте Мемлекеттік Туы­мыз бен Мем­лекеттік Елтаңбамыз әу бас­тан көп­ші­ліктің көңілінен шығып, көзайы­мына айналды.

Қоғам • 09 Ақпан, 2021

Атына заты сай емес шағын қалалар мәртебесі қашан өзгертіледі?

Осыдан он шақты жыл бұрын Солтүстік Қазақстан облысындағы Шал ақын ауданының орталығы – Сергеевка қаласының мәртебесін өзгерту мәсе­лесі көтерілгені жадымда. Себебі, шаһарда бір кезде 10 мыңдай адам тұр­ған болса, өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы эконо­ми­ка­лық дағдарыс кезінде ондағы кәсіпорын жаппай жабылып, жұ­мыс­сыз қал­ған жұрт жан-жаққа үдере көшкендіктен, тұрғындар саны 7 мыңға де­йін кеміген.

Ауыл • 05 Ақпан, 2021

Ауыл әкімін сайлармыз-ау... Тек кімді және қалай сайлаймыз?

Осыдан алты жыл бұрын Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданына қарасты Қаратал ауылында болып, жергілікті тұрғындармен кездескенімде, олар бір келеңсіздік жайлы қынжыла айтқан еді. Көптің көкейіндегі сөзді бір ақсақал: «Ауылдың шетіндегі су толтыратын мұнараны көзіңіз шалған шығар? Оған алты шақырымдағы аудан орталығынан су құбыры тартылған. Бес-алты жылдан бері босқа тұр. Оған қазынаның миллиондаған теңгесі текке шығын болды. Неге дейсіз бе? Ауылымыздың бірде-бір тұрғыны оған келіп тұрған ауыз суды қалтасынан ақша шығарып, сатып алғысы келмейді. Себебі бәрі өз үйінің жанынан құдық қазып алған. Бізден осы су құбыры керек пе, онымен келетін ауыз суды сатып алуға қарсы емессіздер ме деп сұраған не ауылдың, не ауданның әкімі болған жоқ. Енді, міне, ол босқа шіріп тұр. Мемлекет қаржысын бұлай далаға шашуға бола ма?» деп күйіне жеткізген еді.

Қоғам • 27 Қаңтар, 2021

Тар жерде тығылысып... Той-томалақты үйде өткізуге көштік пе?

Былтырғы жазда коронавирус панде­мия­сының асқынып, алқымнан алып тұрған шағында туған ауылымдағы ағайын­дардың ахуалын білмек болып, сон­да­ғы туыстармен хабарластым. «Аллаға шүкір, ауылымызға індет жеткен жоқ. Тіпті біз­бен көрші тұратын бір қарындасың кеше ғана Қарағандыға тойға барып келді...» деп қарап тұр бауырым. «Бүкіл ел бойынша тө­тенше жағдай жарияланған қазіргі уақытта ол 700 шақырымдай жердегі қалаға бару үшін жолдағы бірнеше блок-бекеттен қалай өтіп жүр?» деген сұрағыма «Оны енді өзің білесің ғой...» деп жалтарып, көршісінің құпиясын ашпауға тырысты...