Кәрібай МҰСЫРМАН
Кәрібай МҰСЫРМАН«Egemen Qazaqstan»
193 материал табылды

Ауыл • 05 Ақпан, 2021

Ауыл әкімін сайлармыз-ау... Тек кімді және қалай сайлаймыз?

Осыдан алты жыл бұрын Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданына қарасты Қаратал ауылында болып, жергілікті тұрғындармен кездескенімде, олар бір келеңсіздік жайлы қынжыла айтқан еді. Көптің көкейіндегі сөзді бір ақсақал: «Ауылдың шетіндегі су толтыратын мұнараны көзіңіз шалған шығар? Оған алты шақырымдағы аудан орталығынан су құбыры тартылған. Бес-алты жылдан бері босқа тұр. Оған қазынаның миллиондаған теңгесі текке шығын болды. Неге дейсіз бе? Ауылымыздың бірде-бір тұрғыны оған келіп тұрған ауыз суды қалтасынан ақша шығарып, сатып алғысы келмейді. Себебі бәрі өз үйінің жанынан құдық қазып алған. Бізден осы су құбыры керек пе, онымен келетін ауыз суды сатып алуға қарсы емессіздер ме деп сұраған не ауылдың, не ауданның әкімі болған жоқ. Енді, міне, ол босқа шіріп тұр. Мемлекет қаржысын бұлай далаға шашуға бола ма?» деп күйіне жеткізген еді.

Қоғам • 27 Қаңтар, 2021

Тар жерде тығылысып... Той-томалақты үйде өткізуге көштік пе?

Былтырғы жазда коронавирус панде­мия­сының асқынып, алқымнан алып тұрған шағында туған ауылымдағы ағайын­дардың ахуалын білмек болып, сон­да­ғы туыстармен хабарластым. «Аллаға шүкір, ауылымызға індет жеткен жоқ. Тіпті біз­бен көрші тұратын бір қарындасың кеше ғана Қарағандыға тойға барып келді...» деп қарап тұр бауырым. «Бүкіл ел бойынша тө­тенше жағдай жарияланған қазіргі уақытта ол 700 шақырымдай жердегі қалаға бару үшін жолдағы бірнеше блок-бекеттен қалай өтіп жүр?» деген сұрағыма «Оны енді өзің білесің ғой...» деп жалтарып, көршісінің құпиясын ашпауға тырысты...

Руханият • 25 Қаңтар, 2021

Өңірді көрмеген – өмірді көрмеген

Ертеректе мемлекет қамқорлығын қажет ететін, табысы мардымсыз отбасыларды анықтау өлшемшарттарын айқындау кезін­де ауылдағы ағайынның қорасындағы та­уығын ғана емес, оның жыл ішінде табатын жұмыртқасына дейін санауды ұсынып, жұртқа күлкі болған шенеунік бар. Сөйтіп, ол «асфальтта өсіп», өмір бойы қалада қызмет еткендігінен, жергілікті жердегі жағдайды білмейтіндігін байқатып алған.