Думан АНАШ
Думан АНАШ«Egemen Qazaqstan»
28 материал табылды

Қоғам • 04 Қазан, 2019

Ата-ана араздығы бала мүддесін аяқасты етпеуі керек

Отбасындағы әлімжеттік, балаға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері бү­гінге дейін тек құқық қор­ғау органдары мен қиын­дыққа тап болған шаңырақ иелерінің мәселесі сияқты қабылданып келді. Шын­туай­тында, отбасы мәсе­лесі – ел мәселесі. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр ҚОЖАХМЕТПЕН әңгіме барысында осындай ой түйдік.

Аймақтар • 29 Тамыз, 2019

Жергілікті кадрлар өнімге жете мән беруде

Қазақстанда британдық AVONProtection лицензиясы бо­йын­­ша күләпара (капюшон) типті рес­пира­торлар өндіріле бастады. Ли­цензиар – негізінен мұнайгаз жобалары үшін жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын жеткізумен айна­лысатын қазақстандық «QHSE-Akbarys» ЖШС компаниясы.

Қоғам • 21 Тамыз, 2019

Ана сүті баланы семіздіктен қорғайды

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының хабарлауынша, ана сүті балаларды семіздіктен қорғайды. Балалар семіздігінің таралуы бойынша бұл тұжырымды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының елімізде және Еуропаның бірқатар елдерінде жүргізген зерттеулерінің (COSI, Childhood obesity Surveillance Initiative, 2015-2017 жылдар аралығында) нәтижелері растады. Яғни, зерттеу барысында ана сүтін ембеген немесе сирек емген балалардың семіздікке көбірек ұшырайтыны анықталды.

Экономика • 20 Тамыз, 2019

Еңбек нарығында жастардың үлесі азаяды

Еңбек ресурстарын дамыту орталығы сарапшыларының болжамы бойынша 2021 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде еңбек нарығына біліктілігі бар 22 жастағы жұмыс күшінің келуі Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бері 1997-2002 жылдары бала туу санының аз болуына байланысты ең төменгі деңгейде болмақ.

Қазақстан • 20 Тамыз, 2019

Қар құрсауында қалған альпинистер іздестірілуде

Тянь-Шань тауларының 6600 метрлік биігінде, қалың жауған қар құрсауында қалып қойған қазақстандық альпинистерді құтқару жұмыстарын бастауға ауа райы кедергі келтіріп тұр. Еліміздің ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметтің ай­туынша, құтқару операциясы ауа райы түзелген соң ғана жүргізілмек.

Руханият • 29 Шілде, 2019

Қаламгердің қайраткерлік қолтаңбасы

Жуырда бас басылымның ардагері, журналистердің талай буынын тәрбиелеген және еліміздің ұлттық педагогикалық бас­пасөзін қалып­тастыру мен дамытуға табанды үлес қосқан кәсіби редактор, бел­гілі қа­ламгер Сайраш Әбішқызының жаңа жинағы оқырманға жол тартты.

Экономика • 24 Шілде, 2019

ҚазАгро құрылымы қысқарады

KPMG халықаралық аудиторлық компаниясы «ҚазАгро» АҚ қызметі мен қаржылық жағдайына холдингтің жаңадан тағайындалған басқармасымен бірге әзірленген кешенді тәуелсіз бағалауды аяқтады. Оның нәтижесі холдингтің жалғыз акционерінің талқылауына берілді.

Қоғам • 28 Маусым, 2019

Борыш жүктемесі қалай жеңілдетілмек?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірқатар әлеуметтік санаттағы азаматтардың қарыз жүктемесін жеңілдету жөніндегі Жарлығы қазақстандықтардың ертеңгі күнге сенімін еселей түсті. Соған қарамастан аталған мәселенің байыбына бармай, қоғамда әртүрлі алып­қашпа әңгімелердің де қаулай беретіні түсінікті. Сон­дықтан мемлекет тарапынан жасалып отырған қамқорлық туралы ақпараттандыру өте өзекті мәселе. Біз қолда бар деректерге сүйеніп, қоғам тарапынан болуы мүмкін ықтимал сұрақтарға аз-кем тоқтала кетуді жөн көрдік.

Экономика • 27 Маусым, 2019

Транскаспийлік бағдар бойынша жүк ағыны ұлғаяды

Нұр-Сұлтан қаласында Транскаспийлік халықаралық көлік бағдарын дамыту бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы және «ТХКБ» халықаралық қауымдастығының жалпы жиналысы өтті.

Әлем • 26 Маусым, 2019

Ұшақтардың ұлы жәрмеңкесі

Мамыражай маусым туа өзен-тоған, көл-көлшік, қамыс-қопа іші үйрек-қазға толып, жоғары-төмен сымпылдап ұшқан құстардың жәрмеңкесіне айналатын әсем көрінісі бар ғой! Париж түбіндегі Ле Бурже әуе салонында өткен 53-халықаралық әуе шоуының ортасынан бір-ақ шыққан біздің сап түзеген сансыз ұшақты көргенде көз алдымызға келіп тұра қалған көрініс те осы іспетті еді. Құстардың да өз ішінде аққу сияқты бейбіт әм іліп түсетін ителгі, қаршыға тәрізді жыртқыш түрлерінің болатыны сықылды, екі жылда бір мәрте ұйымдастырылатын Ле Бурже әуе салонындағы ParisAirShow көрмесінде де жолаушылар мен жүк тасымалдайтын азаматтық және өндірістік авиациядан бастап, әскери мақсатқа арналған әуе кемелеріне дейін самсап тұр екен. Кермеге байланған аттай қатар-қатар қойылған ұшақтардың әскери түрлерін сырттай тамашаласақ, алып самұрықтай азаматтық және өндірістік авиацияның соны үлгілерін салонына, тіпті, ұшқыштар кабинасына дейін емін-еркін көруге мүмкіндік туды. Франция астанасы жанындағы Ле Бурже әуе салонына әлемнің 300-ден астам әуе компаниясы қатысып, өнімдерімен де, қызметімен де жаһандық бәсекеде өз орны бар екенін көрсетті.