Думан АНАШ
Думан АНАШ«Egemen Qazaqstan»
28 материал табылды

Қазақстан • 20 Маусым, 2019

Отандық фарминдустрияға оң көзқарас қажет

Дәрі-дәрмек өнеркәсібі бүгінде мемлекеттің инновациялық және стратегиялық қауіпсіздігін айқындайтын негізгі жоғары технологиялық салалардың қатарына жатады. Әлемдегі ірі фармацевтикалық өндірістердің негізгі бөлігі АҚШ, Канада, Бразилия, Швейцария, Германия, Испания, Франция, Үнді­с­тан және Қытай мемлекеттерінде орналасқан. Соңғы уақытта Ресейде де фармацевтикалық өндірістің үлесі күрт өсті.

Экономика • 06 Маусым, 2019

Қаржыны құнсызданудан қалай қорғаймыз?

ХХ ғасырдың екінші жартысына дейін ақша құны алтынға байлау­лы болды. Яғни қағаз купюраны бағалы металға айырбастауға болатын еді. Уақыт өте мемлекеттер купюралардың алтын күйіндегі құрамын төмендетіп, қағаз ақшаға алтынды аздап қана бере бастады. Сол кезде «девальвация» деп аталған бұл терминнің сипаты бүгінде басқа мағынаға ие. Мұны ұлттық валютаның мемлекеттік резерв ретінде пайдаланатын шетел валютасына қатысты құнсыздануы дейді.

Қазақстан • 09 Мамыр, 2019

Ардагерлерге лайықты қолдау көрсетіледі

Жер мен көкті оқ тұмсығы жұ­лып жеп, ақша бұлттардың ап­пақ қанатын қанға малған сұра­пыл соғыс жылдарының суреті ел жадына етігімен от кешкен ер­лерді салады. «Ердің ері – егеу­дің сынығы» дегендей, Еңбек жә­не халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрлігі баспасөз қызметінің мә­ліметінше, елімізде биылғы 1-мамырдағы дерек бойынша Екін­ші дүниежүзілік соғыстағы ала­пат майданға қатысқан 87 мың­нан астам Ұлы Отан соғы­сы­ның ардагері мен тыл еңбеккері тұрады. Олардың ішінде 1425 соғыс мүгедегі бар.

Қоғам • 23 Сәуір, 2019

NIS – қазақстандық білім жүйесінің бренді

«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ баспасөз қызметі Мәскеуден жеңіспен оралды.

Қоғам • 19 Сәуір, 2019

Жақсының жолы – жарық күн

Жақсының жолы – жарық күн. Жақыны көп, жаттығы жоқ жақсының бірі, Қазақстанның құрметті журналисі, сексеннің сеңгіріне шыққан белгілі қаламгер Итен Қарымсақұлының есімі еліміздің көзі қарақты оқырман қауымына етене таныс. Бұл кісінің сирек кездесетін есімінің салмақты сыры бар. Азан шақырып қойған аты – Итемген. Отызыншы жылдары анасы алты құрсақ көтеріп, алта­уын да жер қойнына беріпті. Жетінші болып дүниеге келген ұлды көрші-қолаң ырымдап ит бауырынан өткізіп, атын Итемген қойған екен. Ата-ананың көз жасын құрғатқан, үмітін жалғаған сол шақалақ бүгінде үлкен әулеттің ақсақалына, қазақ журналистикасының қадірлі қариясына айналды.

Сұхбат • 11 Сәуір, 2019

«Спорт қоғамы жеңісті жолды жалғастырып келеді»

Қазақ спортының тарихынан сырт шертсек, әйгілі «Динамо» спорт қоғамын айналып өту мүмкін емес. Бір ғасырға жуық тарихы бар орталық жеңісті жолды жалғастырып келеді. Еліміздегі динамолық спортшылар Олимпия ойындары, әлем және Азия чемпионаттарында атой салып, алтыннан алқа тағып жүр. Спорт қоғамының қазіргі жай-күйі қандай? Біз осы сауал төңірегінде «Динамо» ДШСҚ төрағасының бірінші орынбасары Асқар ОМАРҚҰЛОВПЕН әңгімелескен едік.

Қоғам • 11 Сәуір, 2019

Құтқару қызметінің қарымы қандай?

«Оттың ісі – қуырмақ, желдің ісі – суырмақ» дегендей, биыл елімізде қызыл жалыннан келер залал аз болмай тұр. Жекелеген үйлердің зардап шеккені өз алдына, өндіріс орындарындағы өрттің өзі сөндіруге күш бермейтінін байқадық.

Қоғам • 11 Сәуір, 2019

Ǵylymy ozyq el – sanasy ozyq el

Bul kúnde bilseń barymtalaıtyn, bilmeseń qarymtalaıtyn ýaqyt. Bizdiń áleýet ázir barymta men qarymtadan alys, tek qarmap qalýǵa ǵana qaýqarly sıaqty. Jahannyń jeti túrli ilimdi bilýge umtylysyna zer salsańyz, bas shaıqaısyz. Qazir ǵylymnyń bas suqpaǵan salasy joq. Sebebi ǵylymsyz naryqta jolyńyzdyń bolýy da, alǵa qadam basýyńyz da, básekege qabilettilikti saqtaýyńyz da múmkin emes.