Думан АНАШ
Думан АНАШ«Egemen Qazaqstan»
609 материал табылды

Қоғам • 13 Қазан, 2020

Жұмыс орнына бару 25%-ға азайды

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ талдаушылары Google деректеріне сүйене отырып тұжырымдағандай, 2020 жылғы 28 қыр­күйек пен 4 қазан аралығындағы аптада қазақстандықтардың жұмыс орнында болуы 2020 жылдың басындағы көрсеткішке қара­ғанда 74-75%-ды құрады.

Қоғам • 13 Қазан, 2020

Жер кадастрынан мәліметтерді алуға болады

Енді қазақстандықтар ЖСН-де тіркелген жер учаскелері туралы мәліметтерді тікелей өз телефонынан ала алады.

Технология • 13 Қазан, 2020

Инновациялық әзірлеме қазақстандық дәрігерлерге жаңа мүмкіндіктер ашады

GE Healthcare компаниясы Қазақстанға бұрын көру мүмкін болмаған анатомиялық құрылымдар мен патологиялық түзілістерді жоғары анықтықпен көруге мүмкіндік беретін магниттік-резонанстық томографияға арналған инновациялық технологияның кеңейтілген мүмкіндіктерін ұсынады.

Елорда • 13 Қазан, 2020

Елордадағы екінші қызмет көрсету орталығы

Нұр-Сұлтанда жаңа мамандандырылған ХҚО алғашқы қызмет алушыларды қабылдай бастады. Енді көлік құралдарын қайта тіркеу және жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін астаналық көлік иелері қала сыртындағы автоХҚО орнына A-82 көшесінде орналасқан «Нұрлы жол» темір жол вокзалындағы бөлімге жүгіне алады.

Қоғам • 13 Қазан, 2020

Өзара іс-қимыл жалғасын табады

Жуырда Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ЮНИСЕФ-тің Қазақстан Рес­публикасындағы өкілі Артур ван Дизенмен кездесті. Денсаулық сақтау минис­трі БҰҰ Балалар қорына ана мен бала денсаулығын қорғауға бағытталған ұзақмер­зімді серпінді ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды іске асырғаны үшін ал­ғыс айтты.

Экономика • 13 Қазан, 2020

Экспорттаушылардың шығындарын өтейді

Елдің шикізаттық емес экспортының үлесін кеңейту және ұлғайту мақсатында Сауда және интеграция министрлігі отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындарын өтеу жөніндегі қолданыстағы қағидаларға бірқатар түзету енгізді.

Қаржы • 13 Қазан, 2020

Қарапайым кәсіпкерлер биржаларға кіре алмайды

Жуырда «Open Space» форматында монополияға қарсы органмен биржалық тауарлардың жекелеген түрлерінде нарықтық баға белгілеудің жоқтығы мәселелері талқыланды.

Қоғам • 13 Қазан, 2020

Малын қауіп-қатерден сақтандыра алады

Агроөнеркәсіп кешеніндегі сақтандыру саласының операторы – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры ірі қара малды сақтандыру өнімдерін бекітті.

Экономика • 13 Қазан, 2020

Салық төлеушіні жиі мазалайтын жеті сауал

Мемлекеттік кірістер комитеті қандай мәселелерді түсіндіреді? Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Салық кодексі салық салудың негіз құраушы қағидаттарын белгілейді, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу, өзгерту, олардың күшін жою, есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ салықтық міндеттемені орындауға байланысты қатынастарды реттейтіндігі белгілі. Тиісінше, Салық кодексі салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу бойынша барлық негіздерді ашып көрсетеді.

Қаржы • 13 Қазан, 2020

«Әл-Фараби» жобасы бойынша келісімге қол қойды

Жуырда Мәскеу қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев және «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ президенті Вагит Алекперов «Әл-Фараби» жобасы бойынша келісімге қол қойды. Бұған дейін уәкілетті мемлекеттік органдар Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына өзгерістер енгізген еді, соған сәйкес «I-P-2» учаскесінің атауы «Әл-Фараби» жер қойнауы учаскесі болып өзгерді.