Думан АНАШ
Думан АНАШ«Egemen Qazaqstan»
609 материал табылды

Экономика • 07 Қазан, 2022

Адам капиталын арттыруға арналады

«Самұрық-Қазына» қорының басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов қордың адам ресурстарын басқару, әлеуметтік еңбек қаты­­настары, өндірістік қауіпсіздік және ақпараттық-ком­му­ни­ка­циялық қызмет бағыттары бойынша 9 айдағы жұмыс нәти­же­ле­рімен таныстырды.

Білім • 06 Қазан, 2022

Израильден үйренеріміз көп

Тағам – болашақтың мұнайы мен газы. Қазақстанның осы салада жоғары позицияға ие болар әлеуеті бар. Бұл ретте заманауи технологиялар мен білікті мамандар керек. Израиль үкіметі Қазақстаннан келген студенттерге агросалада білім алуына көмек көрсетуге дайын. Екі елдің ынтымақтастығындағы басқа да мүмкіндіктер жайында «Израиль – Қазақстан» сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Михаэль Роэ айтып берді.

Қазақстан • 03 Қазан, 2022

Мұхтар мен Қайым

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына барған сапарында Семейдің төрінен қазақ көркемсөз өнерінің алыбы Мұхтар Әуезов пен шәкірті, көрнекті ғалым Қайым Мұхамедхановтың тұлғалары бірге сомдалған «Ұстаз бен шәкірт» ескерткіш-композициясының ақ жамылғысын түсіріп, қоладан құйылған қоңыр жүздерін Алаш жұртына әйгіледі. Еңселі ескерткіштің авторы – Нұрбол Қалиев.

Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2022

Роботтехника кабинеттерін жабдықтайды

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мен «Арман» холдингі арасында «Болашақ инженерлер» қайырымдылық жобасы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Медицина • 30 Қыркүйек, 2022

Медициналық ұйымдардың кемшілігі

Медициналық сақтандыру қорының негізгі басымдықтарының бірі – пациент құқығын қорғау. Осыған орай кері байланыс құралдары арқылы түсетін шағым-өтініштер ерекше бақылауда болады. Сондай-ақ халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне үнемі мониторинг жүргізіліп отырады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалы 2022 жылдың 6 айында жүргізілген мониторинг аясында көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін тексере отырып, 31 мыңға жуық кемшілік анықтады.

Саясат • 30 Қыркүйек, 2022

Партияның жаңа саяси тұғырнамасы

Amanat партиясы­ның ел аумағындағы 4 мың­нан астам бас­тауыш партия ұйымының (БПҰ)мүшелері пар­тияның жаңа Саяси тұғырнамасының жобасын талқылап жатыр. Сондай-ақ БПҰ отырыстарында пар­тия­ның аумақтық филиал­дарының конференцияларына қатысатын делегаттар сайланады.

Қазақстан • 29 Қыркүйек, 2022

MUHTAR ÁÝEZOV. 125 JYL коллекциялық монеталары айналымға шығады

Қазақстан Ұлттық банкі MUHTAR ÁÝEZOV. 125 JYL коллекциялық моне­таларын айналымға шығарады. Бұл монеталар «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» се­рия­­сын жалғастырады.

Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2022

Цифрлық таңбалау жүйесі

Тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалаудың бірыңғай операторы Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, темекі бұйымдарының бөлшек сау­дасымен айналысатын қазақстандық бизнесмендерге арналып Петропавл, Көкшетау және Қостанай қалаларында тауарларды цифрлық таңбалау жүйесінде жұмыс істеу бойынша оқыту семинарларын өткізді. Жалпы, осындай семинарларды Қазақстанның тағы 15 қаласында өткізу жоспарланып отыр.

Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2022

Әлеуметтік қызметтерді дамыту өзекті

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова әлеуметтік қызметтерді дамыту, мүгедек адамдарды оңалту бойынша халықаралық онлайн-конференция барысында Қазақстандағы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің дамуы туралы мағлұмат берді.

Білім • 20 Қыркүйек, 2022

«Қазақстан халқына» қоры қамқорлығындағы тірек мектептер

«Қазақстан халқына» қоры Ақмола облы­сы­ның Қатаркөл ауы­лындағы Досов атын­да­ғы орта мектепті қа­жет­ті материалдық-тех­­никалық жабдықпен қам­­тамасыз етті. Бұл орта мектеп – қордың «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуе­­тін дамыту» қайы­рым­­дылық жобасына қа­тысушы 17 тірек мек­теп­тің алғашқысы.