Мұрат ҚАПАНҰЛЫ
Мұрат ҚАПАНҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
419 материал табылды

Қоғам • 07 Сәуір, 2023

Балық – таусылмайтын байлық емес

Биылдан бастап әуесқой балықшылар үшін біраз жеңілдік жасалғанын көріп отырмыз. Алайда заң жеңілдегенімен, жергілікті өзен-көлдерде кейінгі жылдары балықтың азая түскенін байқауға болады. Бұған Кереку өңірінде браконьер балықшылардың жиі бой көрсетуі мен Ертіс өзені бойында суқұзғынның қаптап кетуі айтарлықтай әсер етіп отыр. Тек осы жылдың басынан бері аймақта балық аулау ережелерін бұзғаны үшін 59 азамат жауапқа тартылып, сомасы 1 млн теңгенің айыппұлын төлеген.

Аймақтар • 04 Сәуір, 2023

Ақкөл-Жайылмаға қауіп төніп тұр

Өлеңті өзенінің Ақмола және Павлодар облыстары шектесетін аумағында жеке кәсіпкер бөгет тұрғызып, өзен арнасын жауып тастаған. Көктемде келетін мол судың ырыздығы Павлодар жаққа өтпесе, Екібастұздағы Ақкөл-Жайылма өңірі мен Ақтоғай ауданының қырдағы ауылдары жазда тіршілік нәрінсіз қалып, жайылымдар мен шабындықтар адам айтқысыз экологиялық апатқа ұшырауы мүмкін.

Медицина • 03 Сәуір, 2023

Жанға жылылық сыйлаған ұя

Елімізде соңғы бес жылда аутизмі бар балалардың саны екі есеге артқан. Кеше Павлодар қаласында «Қазақстан халқына» қорының «Қамқорлық қоры» және «Samruk-Kazyna Trust» қорларының ұйытқы болуымен аутизмге шалдыққан және басқа да менталды кемістігі бар балаларды оңалтуға арналған орталық ашылды. Бұған қоса бірқатар медициналық мекемеге шала туған нәрестелерге офтальмологиялық скрининг жүргізу және ретинопатиясын емдеуге арналған жабдықтар тарту етілді.

Аймақтар • 02 Сәуір, 2023

Қаңтарбаев турнирі

Тоғызқұмалақ – Ертіс-Баян өңірінде кеңінен таралған ойын. Әсіресе оқушылар арасында аса танымал. Жуықта Екібастұзда өткен турнирде 100-ден астам спортшы бас қосты.

Қоғам • 31 Наурыз, 2023

Павлодарда жаңа портал іске қосылды

Керекуде ақпарат кеңістігіне өз алдына өрелі мақсат-міндеттерді межелей келген «AIQARA.KZ» ақпараттық порталы ашылды. Ана тіліміздегі сапалы сараптамалық мақалалар мен бейне подкастар ұсынатын ақпарат құралы ұлттың үні, қоғамның шамшырағы болуды көздеп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 30 Наурыз, 2023

Оқушылардың дыбыстау студиясы

Екібастұздық оқушылар шетелдік мультфильмдерді қазақша сөйлете бастады. Балалар дубляждаған «Бэй­макс» ғылыми фантастикалық мультсериалының алғашқы бөлімін Youtube платформасында жарты жыл ішінде 57 мыңнан аса адам көрген. Бұдан шабыттанған жергілікті үйірме республикалық «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасына қатысып, ұтып алған грантқа дубляж студиясын ашты.

Музей • 30 Наурыз, 2023

Қаныш ағаның коллекциясы

Керекудегі Ertis музейінде Қаныш Сәтбаевтан қалған баға жетпес мұра – жер бетіндегі пайдалы қазбалардың үлгіле­рінен тұратын бай коллекция бар. 2019 жылы музей ашыл­ған уақытта Торайғыров университеті академиктің бұл гео­логиялық коллекциясын сыйға тартқан.

Мәселе • 30 Наурыз, 2023

Шыбын-шіркей шырғалаңы

Соңғы жылдары Керекудің әкім қаралары қансорғыш жәндіктерге қарсы күреске айрықша көңіл аударып, оған өңірлік деңгейде маңыз берілетін болған. Мамырдың ортасын ала қанаттанып ала қоятын шіркейдің жолына ештеңе де бөгет бола алмайды. Қыбырлаған жан-жануарға жаудай тиетін бұл жәндіктен Ертістің бойын ен жайлаған елді мекендер қатты зардап шегеді.

Шаруашылық • 29 Наурыз, 2023

Ең арзан дизель – Керекуде

Керекулік диқандар да далаға қарай бастады. Техникасы мен тырмасын сайлап, жер төсіне соқа салуға асығулы. Мамандар биыл өңірде егістік жерлердің көлемі 1,6 млн гектарға жететінін, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 пайызға артық екенін айтады. Дәнді дақылдар мен мал азығы және картоп танаптары кеңейтіледі.

Әйел әлемі • 27 Наурыз, 2023

Табанды тергеуші

Осы бір талдырмаш, қайсар қыздың талайдың қолайына келмеген ауыр қылмыстық істерді ұршықша иіріп әкететіні бөлімдегі әріптестеріне кейде сиқырдай көрінетіні рас. Қылмыс әлеміндегі қаншама құпияны ашу үшін есепсіз тер төгілетінін былайғы жұрт қайдан білсін. Замира Исакованың міндеті – ақ пен қараның, кінәлі мен жазықсыздың ара-жігін ажырату.